Кебу. Кебудің мағынасы және кебу түрлері

0
4116

Кебу. Кебудің мағынасы және кебу түрлері\r\n\r\n \r\n\r\n      Кебу және оның мағынасы. Материалдан ылғалдың жойылуы кебу деп аталды.Жеңіл өнеркәсіптерде кептіру технологиясы ең маңызды орын алған. Кебу дегеннің мағынасы тек қана оның көмегімен материалдан ылғалдаң жойылуы ғана болып табылмайды. Іс жүзінде кебу процесі кезінде материалдардың физикалық, химиялық, механикалық құрамы өзгереді. Мысалы (тері, жүн, аяқ-киімдер т.б.)\r\n\r\nТехнологиялық операция саласындағы жеңіл өнеркәсіптерде сұйықтық қолданылады. Соның нәтижесінде материал өте ылғал болады. Қалған ылғалды тек қана кептіру арқылы жоюға болады.\r\n\r\nКебу түрлері. Кебу процессі екі түрге бөлінеді: табиғи (ашық ауада) және жасанды (кептіргіштерде).\r\n\r\n   с. Атмосфералық жылы ауаның көмегімен іске асады, яғни жасанды қызусыз. Бұл кебу процессі қымбат құрал-жабдықтарды қажет етпейді, тек атмосфералық жылы ауаның көмегімен кептіру арқылы жүзеге асырылады. Оның ерекшелігі ол жыл мезгілдеріне және атмосфералық ауа күйіне, материалдардың орналасуына байланысты үлкен территорияны қажет етеді. Бұл кебу процессі реттелмейді және материал салыстырмалы түрде ылғал соңына дейін кеппейді.. Осы жетіспеушіліктердің арқасында олар өнеркәсіптерде қолданылмайды.\r\n\r\n     Жасанды кебу. Кептіргіштерде өндіріледі. Табиғи кебу процесіне қарағанда жасанды кебу процесі кезінде көп қателіктер жіберілмейді. Жасанды кебу процессінің ең басты жетістігі оны басқаруға болады. Қазіргі уақытта 80%-ке жуық материлдар және бұйымдар осы жасанды кебу арқылы кептіріледі.\r\n\r\n     Кебу технологиясының дамуы. Жеңіл өнеркәсіптерде кебу теориясының негізін қалаушылар кеңестік ғалымдар болды. Олар академик А.В. Лыков, профессор Ю.Л. Кавказов және т.б. Жеке зерттеулер жүргізуге, кебу технологиясын жеңіл өнеркәсіпте қолдануға болатынын ғылыми-зерттеу жұмысшылары және оқу институттары көп үлес қосты.\r\n\r\nКеңес ғалымдарының бірге жұмыс жасауының арқасында инженерлердің, техниктердің арқасында біздің отанымызда ары қарай кебу технологиясын зерттеп, жаңа кебу құрылғысын жеңіл өнеркәсіпте қолдануға болатындығы туралы мәселелерді шешуде.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ