Кеден режимінің түрлері мен мәні

0
1787

Мазмұны\r\n\r\nКіріспе\r\n

    \r\n

  1. Кеден режимнің түрлері мен мәні
  2. \r\n

\r\n1.1     Тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және орналастыру\r\n\r\n1.2     Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын сақтамағандық үшін  жауапкершілік\r\n

    \r\n

  1. Кедендік режимдердің түрлері
  2. \r\n

\r\n2.1     Тауарлардың кері экспорты\r\n\r\n2.2     Тауарлардың кері импорты\r\n\r\n2.3     Кеден қоймасы\r\n\r\n2.4     Еркін қойма\r\n\r\n2.5     Тауарлады кедендік аумақта қайта өңдеу\r\n\r\n2.6     Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу\r\n\r\n2.7     Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу\r\n\r\n2.8     Кедендік режимнің маңызы\r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nТауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу — тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.\r\n\r\nОсы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.\r\n\r\nТауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
  2. \r\n

\r\n1)  осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;\r\n\r\n2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.\r\n

    \r\n

  1. Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
  2. \r\n

  3. Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
  4. \r\n

  5. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
  6. \r\n

\r\nҚайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:\r\n

    \r\n

  1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
  2. \r\n

\r\n1) тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;\r\n\r\n2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;\r\n\r\n3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;\r\n\r\n4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;\r\n\r\n5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;\r\n\r\n6) тауарлардағы (двигательдердің, шанақ бөлшектерінің және басқаларының) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.\r\n

    \r\n

  1. Егер:
  2. \r\n

\r\n1) қайта өңдеу үшін өндірістің үздіксіз циклына жататын технологиялық процесс пайдаланылса;\r\n\r\n2)  қайта өңдеуші Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің ұқсас өнімдерін өндіруді болдырмайтын бірегей технологиялық процесті пайдаланса, қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды бірдейлендіру талап етілмейді.\r\n\r\nАталған технологиялық процестердің тізбесін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.\r\n\r\nТауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:\r\n\r\n1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде, шетел тауарлары қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып, жеке сипатын жоғалтатын, тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;\r\n\r\n2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамасы сақталатын монтаждау, жинау мен шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;\r\n\r\n3) тауарды, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеуді;\r\n\r\n4) егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
  2. \r\n

\r\n1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;\r\n\r\n2)  төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;\r\n\r\n3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;\r\n\r\n4)  пайдалы қазбаларды өндіру;\r\n\r\n5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;\r\n\r\n6) аңшылық;\r\n\r\n7)  саңырауқұлақгар мен өсімдіктер жинау;\r\n\r\n8) ақпаратты, дыбыс — және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;\r\n\r\n9)  шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.\r\n\r\nТауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімдері:\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу тауарлар кедендік режимге орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
  2. \r\n

  3. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:
  4. \r\n

\r\n1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;\r\n\r\n2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету үшін қажетті уақытты қамтиды.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін үш жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудың орындылығы туралы қорытындысын қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
  2. \r\n

  3. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.
  4. \r\n

  5. Егер мерзімді мұндай ұзартуды тиісті уәкілетті мемлекеттік оргау орынсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ декларант кедендік ережелерді бұзған жағдайда, қайта өңдеудің мерзімін ұлғайтудан бас тартылуы мүмкін.
  6. \r\n

  7. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
  8. \r\n

  9. Қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның кеден аумағындағы тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
  10. \r\n

\r\n1)  тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;\r\n\r\n2)  қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен нөмірі, тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің мерзімі;\r\n\r\n3)  қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы;\r\n\r\n4)  қайта өңдеудің сипаты;\r\n\r\n5)  бірдейлендіру тәсілдері;\r\n\r\n6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер;\r\n\r\n7) қалдықтар мен артық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігі.\r\n\r\nӘкету кезінде тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және (немесе) кеден баждары өндіріп алынатын қазақстандық тауарлар пайдаланылған жағдайда тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысында олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атаулары, тауарлардың жіктемесі, саны және құны көрсетілуі тиіс.\r\n\r\nКедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.\r\n

    \r\n

  1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағында әкелінген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
  4. \r\n

\r\nӨңделмей әкелінген шетелдік тауарлардың қалдықтары мен қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйде өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік режимге орналастыруға жатады.\r\n

    \r\n

  1. Кедендік аумақта кедендік қайта өңцеу режиміне орналастырылған ше-тел тауарларын тұтаның дәлелді сұратуы бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
  2. \r\n

  3. Өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетел тауарларымен сәйкес келетін қазақстандық тауарлар балама тауарлар ретінде түсініледі.
  4. \r\n

  5. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер осы тараудың ережелеріне сәйкес шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
  6. \r\n

  7. Балама тауарлар — шетел тауарларының мәртебесін, ал оларды ауыстырған тауарлар — қазақстандық тауарлар мәртебесін алады.
  8. \r\n

  9. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін қолдануға кедендік бақылауды өзінің қызмет аймағында тауарларды қайта өңдеу жүзеге асырылатын кеден органы жүзеге асырады.
  10. \r\n

  11. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін пайдаланғандығы туралы толық есеп беруге міндетті. Есеп беру нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
  12. \r\n

  13. Қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезіндегі өндірістік процесс нәтижесінде құралатын өндірістік шығындар кедендік ресімдеуге жатпайды.
  14. \r\n

\r\nШетел тауарларының қайта өңдеу өнімдері әкетілімдік кеден баждарынан босатылады. Аталған өнімдерге тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.\r\n\r\nҚайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне орналастырған жағдайда, кедендік баждар және салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады.\r\n\r\nКедендік аумақта қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей, қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. \r\n

  3. Егер қайта өңдеу өнімдері кедендік аумақтан тысқары жерлерге бірнеше лекпен әкетілсе, қайта өңдеу өнімдері санының сәйкестігін түпкілікті салыстыра тексеру қайта өңдеу өнімдерін әкетуден кейін мезгіл-мезгіл, бірақ үш айда бір реттен жиі емес және тауарлардың соңғы легін әкеткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізілуі мүмкін.
  4. \r\n

  5. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимінде мәлімделген шетелдік тауарлар, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдері осы режимнің талаптарын сақтау шартымен өзге кедендік режимге орналастырылуы мүмкін. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимінің қолданылуы осы Кодекске сәйкес аталған кедендік режимнің қолданылу мерзіміне аяқталады.
  6. \r\n

\r\nТауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу — қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылаумен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға:
  2. \r\n

\r\n1)  тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысы ұсынылған;\r\n\r\n2)  кеден органдары шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген;\r\n\r\n3)  кедендік бақылаудан тыс, тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол-жетімділігін қамтамасыз етуді, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етілген;\r\n\r\n4)  қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру мүмкін болмаған;\r\n\r\n5)  қайта өңдеу жөніндегі операцияны тікелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшін әкелген жағдайда жол беріледі.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимін декларант ретінде өкілдік ете алатын тұлға мәлімдеуі мүмкін.
  2. \r\n

  3. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне бұрын езге кедендік режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырыла алады.
  4. \r\n

  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды еркін айналыс үшін кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін белгілейді.
  6. \r\n

\r\nШетел тауарларын еркін айналыс үшін қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында бір немесе бірнеше тәсілді пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру жүргізіледі.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
  2. \r\n

\r\n1)  бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып, шетел тауарлары жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;\r\n\r\n2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда тауарларды дайындауды;\r\n\r\n3)  қайта өңдеу процесінде бұл тауарлар толық немесе ішінара тұтынылған жағдайларда, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.\r\n\r\nАталған операция бір мезгілде орындалуы тиіс.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
  2. \r\n

\r\n1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;\r\n\r\n2)  төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;\r\n\r\n3)  ағаштар мен өсімдіктер өсіру;\r\n\r\n4)  пайдалы қазбаларды өндіру;\r\n\r\n5)  балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;\r\n\r\n6)  аңшылық;\r\n\r\n7)  саңырауқулақтар мен өсімдіктер жинау;\r\n\r\n8) ақпаратты, дыбыс — және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;\r\n\r\n9)  шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.\r\n\r\nТиісті уәкілетті мемлекеттік органның еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер болуы тиіс:\r\n\r\n1)  тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;\r\n\r\n2)  қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;\r\n\r\n3)  қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы;\r\n\r\n4)  қайта өңдеудің сипаты;\r\n\r\n5) бірдейлендіру тәсілдері;\r\n\r\n6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер.\r\n\r\nТауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.\r\n\r\nШығарылу нормасы деп абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.\r\n\r\nТауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.\r\n

    \r\n

  1. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу кедендік режимге тауарларды орналастырған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
  2. \r\n

  3. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:
  4. \r\n

\r\n1)  тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ұзақтығын;\r\n\r\n2)  еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
  2. \r\n

  3. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
  4. \r\n

  5. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
  6. \r\n

  7. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады, ал алынған қайта өңдеу өнімдері еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне орналастыруға жатады.
  8. \r\n

\r\nҚайта өңделмеген шетелдік тауарлардың қалдықары, сондай-ақ қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйінде қайта өңделген жағдайды қоспағанда, осындай қалпында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген шетел тауарлары ретінде кедендік бақылауға және кедендік ресімдеуге жатады.\r\n\r\nЕркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығару кезінде кедендік баждар және салықтар қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкаларды негізге ала отырып есептеледі. Қайта өңдеу өнімдерінің құны мен мөлшері оларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне өтініш берген күнге орай белгіленеді.\r\n\r\nТауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу — экспорттық бақылау шараларын қоспағанда, қазақстандық тауарларды тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік баждардан және салықтардан толық немесе ішінара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендік-аумағында қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және оларды кейіннен әкелу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендік режим.\r\n\r\nОсы тарауда белгіленген жағдайларда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.\r\n\r\nКедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:\r\n\r\n1)  кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы осы Кодекстің белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;\r\n\r\n2)  әкетілімдік кеден баждарын төлеу қамтамасыз етілгенде жол беріледі.\r\n

    \r\n

  1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін осы Кодекстің декларант ретінде өкілдік етуге құқылы тұлға мәлімдеуі мүмкін.
  2. \r\n

  3. Кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі мынандай жағдайларда:
  4. \r\n

\r\n1)  белгіленген шектеулерді, талаптарды немесе шарттарды сақау міндеттемесімен ұштасқан кедендік баждардан және (немесе) салықтардан босатыла отырып, еркін айналысқа бұрын шығарылған тауарлар үшін тауарларды жөндеуге әкетуді қоспағанда, осындай шектеулер, талаптар мен шарттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін;\r\n\r\n2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша қайта өңдеуге әкетілсе;\r\n\r\n3) егер қайта өңдеу өнімдері әкетілген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде құралғандығын белгілеу мүмкін болмаса, пайдаланылмайды.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
  2. \r\n

\r\n1)  бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қазақстандық тауарлар қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;\r\n\r\n2) әкетілген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындауды (өңдеуді);\r\n\r\n3)  зақымданған немесе тозған тауарларды қайта өңдеу үшін қалпына келтіру немесе ауыстыру жүргізілетін қалпына келтіруді қоса алғанда, тауарды жөндеуді, кінәрат бойынша ақауды жоюды қамтиды.\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға шектеулер белгілеуге құқылы.
  2. \r\n

  3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу тауарларды кедендік режимге орналастырған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
  4. \r\n

  5. Қайта өңдеу мерзімін декларант белгілейді және ол:
  6. \r\n

\r\n1) тауарларды қайта өңдеудің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өндірістік процесінің ұзақтығын;\r\n\r\n2)  Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңцеу өнімдерін нақш әкелу үшін қажетті уақытты қамтиды.\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей, кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
  2. \r\n

  3. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
  4. \r\n

  5. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
  6. \r\n

  7. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады.
  8. \r\n

\r\nТиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:\r\n\r\n1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;\r\n\r\n2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен немірі, қайта өңдеудің мерзімі;\r\n\r\n3)  қайта өңдеу өнімінің шығарылу нормалары;\r\n\r\n4)  қайта өңдеу сипаты;\r\n\r\n5)  бірдейлендіру тәсілдері;\r\n\r\n6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңцеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.\r\n\r\nҚайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары:\r\n

    \r\n

  1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
  2. \r\n

  3. Әкетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормаларын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
  4. \r\n

\r\nҚайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен ауыстыру\r\n\r\nЕгер олар өз сипаты, саны, құны, сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдерімен сәйкес келсе, тұлғаның дәлелді сұратуы бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен қайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.\r\n\r\nТауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға қайта өңдеу өнімдерін ауыстыратын тауарлар кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне сәйкес жөндеуге арналған тауарларға қатысты алғанда ұқсас немесе біртекті болып табылған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте тауарлардың ауыстыратын бөліктері жаңа да, бұрын қолданылған да болуы мүмкін.\r\n

    \r\n

  1. Мұндай жөндеу алынған өнімге бастапқы өнімнен елеулі айырмашылығы бар сипат беретін болса, тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға жол берілмейді.
  2. \r\n

  3. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өндеу өнімдерін ауыстыру үшін шарттың (келісім-шарттың) тиісті ережелері мен тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның кепілдік міндеттемелері негіз болып табылады.
  4. \r\n

\r\nӘкетілген тауарларды қайта өңдеу фактісін анықтау мақсатында мынадай тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларға бірдейлендіру жүргізіледі:\r\n\r\n1)  өтініш берушінің, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге әкетілетін бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және (немесе) өзге де таңбаларды қоюы;\r\n\r\n2)  қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;\r\n\r\n3) қайта өңдеуге арналған тауарларды суретке түсіру, ауқымында бейнелеу;\r\n\r\n4)  тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;\r\n\r\n5) тауарлардағы (двигательдердегі, шанақ бөлшектеріндегі және басқаларындағы) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.\r\n\r\nЕгер қайта өңдеу үшін өндірістің үздіксіз циклына жататын технологиялық процесс пайдаланылса, қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды бірдейлендіру талап етілмейді.\r\n\r\nҚайта өңдеудің нәтижесінде қайта өңдеу өнімдері ретінде алынуы мүмкін:\r\n\r\n1)  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2203-2206, 2208 болып жіктелетін алкогольдік ішімдіктерді;\r\n\r\n2)  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2402 және 2403 болып жіктелетін темекі өнімдерін;\r\n\r\n3)  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша 42-топта жіктелетін табиғи теріден жасалған бұйымдарды;\r\n\r\n4)  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 7113-7116 болып жіктелетін зергерлік бұйымдарды, алтын және күміс істері шеберлерінің бұйымдарын тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынатын тауарлардың қосымша тізбесін белгілеуге құқылы.\r\n\r\nЕгер қайта өңдеудің мақсаты әкетілген тауарларды кепілді (өтеусіз) жөндеу болса, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босату қайта өңдеу өнімдеріне қатысты беріледі.\r\n\r\nКедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату әкетілген тауардың өтеулі жендеуі кезінде немесе қайта өңдеу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде беріледі.\r\n\r\nЕсеп-қисап кезінде кедендік баждардың және салықтардың адвалорлық ставкалары қолданылған жағдайда әкелінген қайта өңдеу өнімдері бойынша кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құны алынады.\r\n\r\nКедендік баждардың және салықтардың арнайы ставкаларын қолдану кезінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құнына барабар болатын өлшеу бірліктерінде көрінетін қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері есеп-қисап үшін негіздеме болып табылады.\r\n\r\nКедендік баждардың және салықтардың сомасы қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын кедендік баждардың және салықтардың ставкаларын негізге ала отырып айқындалады.\r\n\r\nОсы Кодекс ережелері сақталған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қамтамасыз ету өз қолданылуын тоқтатады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдері қайтарылмаған кезде әкетілімдік кедендік баждар белгіленген тәртіппен алынады.\r\n\r\nТауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін қолдануға кедендік бақылауды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды әкетудің кедендік ресімдеуін жүзеге асырған кеден органы жүргізеді.\r\n\r\nКедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде кеден органына Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін қолдану туралы толық есептілікті кедендік жүк декларацияларының көшірмелерімен бірге табыс етуге міндетті. Есептіліктің нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.\r\n\r\nҚайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды не қайта өңдеу өнімдерін белгіленген мерзімдерде қайтармау мынадай жағдайларда:\r\n\r\n1)  аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан тауарлар не қайта өңдеу енімдері жойылғанда немесе қайтарымсыз жоғалғанда;\r\n\r\n2) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозуға немесе табиғи кемуге байланысты жетіспегенде;\r\n\r\n3) шет мемлекеттің мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққанда ғана мүмкін болады.\r\n\r\nҚайта еңдеу өнімдері тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуге немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастырылуға тиіс. Кедендік ресімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.\r\n\r\nТауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін өзгертуге тауарларды немесе қайта өңдеу өнімдерін кеден органына нақты табыс етпестен жол беріледі.\r\n\r\nЕркін қойма — бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.\r\n\r\nЕркін қойма жұмыс істеп түрған жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін қоймаларда бола алады.\r\n\r\nЕркін қоймаларда мынадай операциялар жасауға жол беріледі:\r\n\r\n1)     бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша — тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозияға қарсы жабылғы жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу;\r\n\r\n2)     тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша — тауарлар легін бөлшектеу, жөнелтімдерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс күйіне келтірумен байланысты қарапайым операциялар, тиімді орналастыру мақсатында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтеріне  орналастыру, тестілеу;\r\n\r\n3)     қайта өңдеу бойынша — әкелінген тауарлардың негізгі сипатгамалары сақталатын құрастыруды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу, оларды қалпына келтіруді қоса отырып, тауарларды жөндеу, қайта өңдеу процесі барысында оларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану;\r\n\r\n4)     тауарларды еркін қоймада пайдаланылатын технологиялық жабдық және оның қосалқы бөлшектері, тиеу-түсіру техникасы, өзге де техникалық құралдар ретінде пайдалану.\r\n\r\nЕркін қоймада шетелдік тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын кезде қайта өңдеу өнімдері өндірісінің мақсаттары үшін қоспалар, қосымша құрамдас бөліктер ретінде қазақстандық тауарларды пайдалануға жол беріледі.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету және кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізуге жекелеген тыйым салулар мен шектеулер белгілеуге құқылы.\r\n\r\nЕркін қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ еркін қоймалардан әкетілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.\r\n\r\nЕркін қоймалардағы тауарлардың есебі:\r\n

    \r\n

  1. Еркін қоймалардың иелері еркін қоймаларға орналастырылатын тауарлардың, сондай-ақ мұндай тауарлармен жүргізілетін операциялардың есебін жүргізеді және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
  2. \r\n

  3. Еркін қоймадағы тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізу үшін, мұндай құжаттарда тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілері, олардың саны, тауарлардың еркін қойма шегіндегі қозғалысы туралы мәліметтер, еркін қоймада болған олардың кез келген өзгерістері көрініс тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
  4. \r\n

\r\nЕркін қоймаиесініңміндеттері:\r\n\r\nЕркін қойманың иесі:\r\n\r\n1)     еркін қойма жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;\r\n\r\n2)     тауарлардың сақталуын және олармен жүргізілетін операциялардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;\r\n\r\n3)     кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесуге;\r\n\r\n4)     қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алып қойылмауын қамтамасыз етуге;\r\n\r\n5)     еркін қойма құру үшін лицензия шарттарын сақтауға және тауарларға қол жеткізуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;\r\n\r\n6)     кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жүзеге асыру үшін кеден органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үй-жайларды, еркін қоймадағы жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге;\r\n\r\n7)     еркін қоймаларға орналастырылған тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізуге және кеден органдарына олар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.\r\n\r\nТауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарларды еркін қоймаларға орналастыру кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, қазақстандық тауарларды әкелуді қоспағанда, мәлімделген кедендік режимың шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.\r\n\r\nТауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік баждар мен тарифтік емес реттеу шаралары:\r\n\r\n1)     шетелдік;\r\n\r\n2)     еркін қоймаларда өндірілген;\r\n\r\n3)     еркін қоймаларда қайта өңделген тауарларға қолданылмайды.\r\n\r\nТауарлардың еркін қоймалардан шығуы тауарлардың шығуы туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:\r\n\r\nҚазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында — қазақстандық тауар ретінде;\r\n\r\nҚазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында — шетелдік тауар ретінде қаралады.\r\n\r\nЕркін қойма қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:\r\n\r\nЕркін қойма құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сай келуге:\r\n\r\n1)     қойма иесінің меншігінде болуға не лицензия алуға етініш берілген кезден бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуына;\r\n\r\n2)     периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға;\r\n\r\n3)     еркін қойманың аумағында оның белігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар орналаспауға;\r\n\r\n4)     тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;\r\n\r\n5)     тауарларды қайта өңдеу женіндегі операциялар жасау үшін жайластырылуға және жабдықталуға тиіс.\r\n

    \r\n

  1. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
  2. \r\n

\r\nЕркін қойманы құруға арналған лицензия\r\n

    \r\n

  1. Еркін қойма кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген лицензия алынғаннан кейін құрылады. Мұндай лицензия еркін қойма құруға арналған алаңдардың меншік иесі немесе оларға шаруашылық жүргізу мен жедел басқару құқығында иелік етуші болып табылатын қазақстандық тұлғаға беріледі.
  2. \r\n

  3. Лицензиялауға байланысты және осы тараумен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
  4. \r\n

  5. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган құрылған және жұмыс істеп тұрған еркін қоймалар туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
  6. \r\n

  7. Еркін қойманы құруға арналған лицензия басқа тұлғаға берілуге жатпайды.
  8. \r\n

\r\nЕркін қойманы құруға лицензия алу үшін қажетті құжаттар:\r\n\r\n1)     тұлғаның лицензия беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші;\r\n\r\n2)     өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестілікті растайтын құжаттар;\r\n\r\n3)     тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырған көшірмелері;\r\n\r\n4)     лицензия берілгені үшін алым телегендігін растайтын құжаттар;\r\n\r\n5)     сәйкес келетін үй-жайлар мен орындарға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;\r\n\r\n6)     еркін қойма ретінде мәлімделетін үй-жайлар және аумақтардың жоспарлары, сызбалары.\r\n\r\nЕркін қойманы құруға берілген лицензияның қолдануын тоқтата тұру.\r\n\r\nЛицензияларының қолданылуы соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетгі органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, лицензияның қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.\r\n\r\nЛицензияны тоқтата тұру туралы шешім тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қабылданады.\r\n\r\nТиісті шешім қабылданған күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрады. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен өзге еркін қоймаға орналастырылуы немесе өзге кедендік режимге орналастырылуы тиіс.\r\n\r\nЛицензияны тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган лицензияның қолданылуын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған күннен бастап лицензияның қолданылуы жаңғыртылады.\r\n\r\nЕркін қойманы құруға арналған лицензияны қайтарып алу:\r\n\r\nКеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:\r\n\r\n1)     көрінеу жалған мәліметтер берілген;\r\n\r\n2)     лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;\r\n\r\n3)     лицензияны қолданудың бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;\r\n\r\n4)     сот лицензиаттың еркін қойма қызметін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салған жағдайларда лицензияны қайтарып алуы мүмкін.\r\n\r\nЛицензияны қайтарып алу турапы шешім мұңдай шешімді дәйекгей отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.\r\n\r\nШағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын еркін қойманың иесінен лицензияны қайтарып алу сот шешімі бойынша жүргізіледі.\r\n\r\nЛицензияны қайтарып алу қайтарып алу туралы шешім қабылданған\r\n\r\nкүннен бастап қолданылады.\r\n\r\nЛицензия қайтарылған жағдайда, еркін қойманың иесі қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей лицензияны кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті.\r\n\r\nЕркін қойманы құруға лицензия беру туралы қайта өтініш қайтарып алуға негіздеме болған себептер жойылған жағдайда лицензияны қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін қаралуы мүмкін.\r\n\r\nЕркін қойманы құруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату\r\n\r\nКеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша:\r\n\r\n1)     лицензия қайтарып алынған;\r\n\r\n2)     кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еркін қойма иесінің жазбаша етініш беруімен еркін қойманың қызметі тоқтатылған;\r\n\r\n3)     еркін қойма иесі болып табылатын заңцьі түлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда еркін қойманы құруға берілген лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.\r\n\r\n \r\n\r\nЕркін қойманы құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.\r\n\r\nЕркін қойманың қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда еркін қойманың иесі лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде лицензияны кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті.\r\n\r\nЕркін қойманың қызметі тоқтатылған жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар басқа еркін қоймаға ауыстырылуы мүмкін не осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимінің қолданылуы лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде аяқталуы тиіс.\r\n\r\nЕгер қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататын тауарлар еркін қоймада болған жағдайда кеден органы оның таратылатындығы туралы осы тауарларды еркін қоймаға орналастырған тұлғаны хабардар етеді. Бұл ретте осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимі қайта өңдеудің соңғы операциясы аяқталғанға дейін сақталады.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер тізімі\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003
  2. \r\n

  3. Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы. Жалпы және ерекше бөлім. Алматы – 2002
  4. \r\n

  5. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
  6. \r\n

  7. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
  8. \r\n

  9. Томоженные режимы. Алматы – 2002
  10. \r\n

  11. Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
  12. \r\n

  13. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
  14. \r\n

  15. Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
  16. \r\n

  17. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
  18. \r\n

  19. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
  20. \r\n

  21. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002
  22. \r\n

  23. ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж — 31 шілде, 5 бет; Егемен Қаазқстан 2002 — 1 тамыз
  24. \r\n

  25. Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан – 2004 , 16 қаңтар
  26. \r\n

  27. Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз
  28. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАқпарат көзі:\r\n\r\nҚазақша рефераттар сайты — www.temakosan.net\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ