Қазақстан тарихы: Ташкент хандығы

0
2834
Ташкент хандығы — Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бұхар хандығы құрамында.
Қазақ хандығының вассалы.
Тұрсын Мұхаммед ханның тәуелсіз билігі.

Тұрсын Мұхаммед хан (Жалым сұлтанның ұлы) — өзінің жеңімпаз соғыстарынан кейін өзін хан жариялады да, өз атынан теңге соқтырды. Ол Есім ханға екі рет адал болуға серт берген. Оның ең басты серігі айбынды қатаған руы болды. Қаны бір халықтың арасында қантөгіс болғанын қаламаған Есім хан Тұрсын Мұхаммедті тең дәрежелі билеуші ретінде мойындады. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанды. Иеліктерін кеңейтуді көздеген Тұрсын хан Есімнің ордасы орналасқан Түркістан қамалын басып алды.

Есім ханның отбасын тұтқындады.
Шешуші шайқас Ташкент төңірегінде болып өтті.
Тұрсын хан жеңіліс тапты.

Есім хан қатаған руын бүтіндей қырғынға ұшыратты.
Қалған қатағандардың бірі өзбектердің, бірі ұйғырлардың және бір бөлігі қазақтардың құрамына шанышқылы деген атпен кірді.

Тұрсын ханның бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деген атпен қалды.

Мұхамеджан Тынышпаев «Қазақтар XVII және XVIII ғасырларда» атты еңбегінде былай дейді:

«1627 жылы тарихшы Әбілғазы Баһадүр Хиуадағы ағасы Асфендиардан қашып Түркістандағы Есім ханға келеді.

Үш айдан кейін Ташкент билеушісі қазақтың Тұрсын ханы келеді. Ал Есім құрметті қонағын Тұрсын Мұхаммедке тапсырды.

Әбілғазы осылайша Ташкентке қоныс аударды.

Әбілғазының хабарлауынша кейіннен Тұрсынды өлтіріп, қатағандарды қырғынға ұшыратқан. Осы жорықтан соң Есім хан Ташкент хандығын жойып Қазақ хандығының құрамына қосты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ