Тарихтан дайындықты қалай жеңілдетеміз?

0
14021

Тарих пәні – қызық әрі қиын. Қызығы сол, өткен тарих қалай болғанын, қандай тұлғалар өткенін, кім не жасағанын білесің.

Қиыны сол, адам аттары, жылдар, оқиғалар өте көп, қысқасы есте сақтауға ауыр келеді. ⠀

ҰБТ-ға дайындалғанда тарихты қалай жеңілдетуге болады?⠀
⠀⠀
Фильм

Егер тарихты фильм ретінде қабылдай білсек, еске түсіруге, сақтауға жеңіл тиеді. Қызықты сериалдағы кейіпкер аты, оқиғаларды ұмытпайтының анық. Сол секілді тарихты эпизодтарға бөліп, өз алдына бөлек сериал ретінде оқысаң, есте қалады.⠀
⠀⠀
Интеллект карта

Ақ парақтың ортасына «Қазақ хандығы» деп жазып, одан бұтақтар шығарып, әрқайсысына «Хандар», «Оқиғалар», «Жылдар» деп жазып, ары қарай таратсаң, көз алдыңда біртұтас сурет шығады. Ми ағаш секілді осындай суреттерді жақсы қабылдайды.⠀
⠀⠀
Ерекшелеу

Конспект жазғанда маңызды жылдарды, оқиғаларға себепкер тұлғаларды қанық бояумен бояған дұрыс. Іздеуге де жақсы. Бояу санада қалып қояды.⠀
⠀⠀
Жылдар

Жылдарды жаттау қиынға соғары сөзсіз.

Бірақ маңызды жылдарды тірек етіп алсаң болады. Мысалы, 1930 жыл – ашаршылықтан бір жыл бұрын; 1848 — Абай туғаннан үш жылдан соң;

Тағы бір жолы, сандарға күлкілі мән берсең, өмір бойы ұмытпайсың.

Мысалы, 86 – желтоқсан, 45 – соғыс, 18 – қыз, 99 – Жамбыл, 41 – Гитлер, 19 – бірінші курс студенті. 1958 – 58 грант деген секілді.⠀
⠀⠀
Карта

Үйге үлкен карта алып, соған Қазақ хандығының шекарасын сызып, оқиғалардың атын жазып, жылын қоса белгілесең, көзің үйреніп қалады. Мысалы, 1643 Орбұлақ.⠀

Басқа материалдар:

  1. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық қала мәдениеті (сабақ жоспары)
  2. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  3. Ұлы Жібек жолы
  4. Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.
  5. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  6. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  7. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  8. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  9. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  10. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  11. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  12. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ