Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)

0
2719

Сабақтың мақсаты
-салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау.

Зерттеу сұрағы
XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

Оқулық
Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) 57–59 беттер.

Тірек сөздер
Жеті ата, наурыз, наурызнама, қымыз мұрындық.

Ресурстар
Алимбай Н., Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998.
Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi: өткендегiсi және бүгiнi. –
Алматы: Ғылым, 2001.
Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы
және ерекшелігі / Құрастырған С.Әжіғали. – Алматы: “Арыс” баспасы, 2005.
– 328 б.; 2-том. Дүниеге келгеннен озғанға дейін (отбасылық әдет-ғұрыптар
ертеректегі авторлардың еңбектері бойынша. – Алматы: “Арыс” баспасы.
2006. – 416 б.
Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі
жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011–2014.

Көрнекілік
Салт-дәстүрге қатысты суреттер. Бесік түрлері, бесікке бөлеу, тұсау кесу т.б.

Мақсатты айқындау
Қазақ халқының ерте кезден атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерінің маңызын түсіндіру. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың рухани мәдениеттің қайнар көздері, дәстүрлі мұрамыз, ұлттық құндылықтарымыз екеніне баса назар аудару. Қазақ халқының әдетғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің баланың дүниеге келуінен бастап, адам өмірінің барлық қырларын қамтитынын айту.

Тәрбиелік маңызы. Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың бірегейлігін
айта отырып, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет,
патриоттық сезім қалыптастыру.

Сабақ түрі мен әдісі
Диспут. Интербелсенділік, ақпараттылық. Сыни ойлау әдісі арқылы байырғы отбасылық дәстүрлер мен қазіргі кезеңдегі отбасылық дәстүрлердің арасындағы айырмашылықтарды ажырата білуін ұйымдастыру.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар тақырыбы ауқымды болғандықтан бала тәрбиесіне, отбасылық дәстүрлерге қатысты, үлкенге құрмет, қонақжайлылық дәстүрлері қамтылатынын айту керек.

Оқушылардан өздері куә болған тұсау кесу, бесікке салу рәсімдері жайлы естеліктерін сұрауға болады. Ат қою рәсіміне байланысты өз аттарының мәні мен мағынасы туралы пікірлерін білуге болады.

Бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалауда келесідей сұрақтарды ұйымдастыруға болады. Қонақасы беру, қонақжайлылық туралы не білесің?
Не себептен үлкен ұл бөлек үй болып кетіп, кенже бала шаңыраққа ие болып қалған.

Қосымша тапсырма
Бесік жырының үлгілерін жаттап келуге тапсырма беру;

Батаның қандай түрлерін білетінін сұрап, жатқа айтып беруін тапсыру.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

1. Наурыз мерекесіне қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:
А) Наурызнама Е) Наурыз көже
В) Жеті ата F) Көрісу
С) Ұзынсары G) Бата жасау
Д) Рахмет айту H) Жақындарына мал беру

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ