Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі (сабақ жоспары)

0
3629

Сабақтың мақсаты.
– қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Зерттеу сұрағы
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

Оқулық
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі. 60–63 беттер.

Тірек сөздер
Қолөнер, Шебер, Ұста, Зергер, Тоқымашы, Тігіншілік.

Ресурстар
1. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. – Алматы: Рауан, 1995.
2. Алимбай Н., Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998.
3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Алматы: “Өнер” баспасы, 1987.

Көрнекілік
Фотоальбомдар, слайд, қолданбалы өнер туындылары. Музыкалық фоны бар ұлттық киімдер фотоклипі.

Мақсатты айқындау
Қолөнер немесе қолданбалы өнер — тұрмыстық және шаруашылық салада қолданыстық маңызы бар өнер туындыларын қолдан өндіретін, дәстүрлі қазақы ортада ертеден қалыптасқан кәсіпшіліктің атауы екенін айта отырып, қолданбалы өнердің салалары мен бағыттарын қамтып айту арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерінің бірегейлігін таныту;

Қолөнертұрмыстың барлық саласымен тікелей байланыста қалыптастып әрі бірге
дамып отырғандығын, қолөнердің көпсалалығын таныту;

Қазақ қоғамында қөлөнермен айналысатын шеберлердің қоғамда орны ерекше болғандығын, олардың жеке бір салаға маманданғандығын немесе бірнеше еңбекті қатар атқара бергендігін айтып жеткізу.

Дамытушылық маңызы. Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерін дамытқан халық шеберлерінің қолынан шыққан туындыларды жоғары эстетикалық талғаммен жасағандығын көрсете отырып, шеберлер қолданған әдіс-тәсілдерді қамту, олардың халық арасында ерекше құрметке ие болғандығын айта отырып, оқушыларға қазақ халқының материалдық мәдениетінің бірегейлігін, олардың халқымыздың тарихи-мәдени мұрасы екенін ұғындыру, тарихи-мәдени мұрамызға ерекше құрметпен қарауға үйрету.

Тәрбиелік маңызы. Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерінің бірегей туындылары мен оларды жасаған халық шеберлерінің қажырлы еңбегі мен олардың қоғамда алатын орны зор екенін айта отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, жоғары эстетикалық талғамға баулу.

Сабақтың деректік материалдары
”Қолөнер немесе қолданбалы өнер – тұрмыстық және шаруашылық салада қолданыстық маңызы бар өнер туындыларын қолдан өндіретін, дәстүрлі қазақы ортада ертеден қалыптасқан кәсіпшіліктің атауы. Қолөнер тұрмыстың барлық саласымен тікелей байланыста қалыптасты әрі бірге дамып отырды.

Сондықтан да қолөнер көпсалалы болып келеді” дей отырып қолөнер мен сәндік қолданбалы өнер түрлері мен туындыларын ізім түрінде көрсетуге болады.

Оқушы қыз балаларға етене таныс кесте өнерінің негізгі бағыттарын бағдарды слайд түрінде көрсетіп, олардың өз кестелерін жасауына қызығушылық тудыру керек.

Дерек: “Кестенің біз кесте, шым кесте, әредік кесте деген түрлері бар.

Біз кесте – дөңгелек немесе төрт бұрышты кергішке керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен шалу арқылы жасалады. Көбіне орамал алақанына, дастарханға салынады.

Шым кесте – кестенің мата бетіне ашық жер қалдырмай немесе өте аз қалдырып, тұтас кестеленеді. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, орамал, шапан, кежім, сәукеле, салынады.

Әредік кесте – матаның әр жеріне бөлекбөлек кестеленеді. Ол тақия, балақ, етек, жаға, өңір, қоныш сияқты киім бөлшектеріне, перде жиегіге салынады. Салтанатты киімдердерге алтын, күміс жібі талшықтарынан зер кесте салынған”.

Дерек:
”Зергерлік бұйымдар о баста тұмар ретінде пайдаланылса керек. Түсті тастар, қасиетті деп саналатын аң-құстардың тісі, тұяғы, қауырсыны тәрізді киелі саналып, олардан моншақ, білезік, сырға жасап тағу үрдісі қалыптасты.

Зергерлік өнер туындылары халықтың ертеректегі наным-сенімінен мол мағұлұмат береді, түрлі символдық қызмет атқарады.

Атап айтқанда, зергерлік бұйымдар сәндік мақсатта қолданумен бірге, адамның қоғамдағы орны (қоғамдағы мәртебесі, лауазымы) жас мөлшері, жынысы, қандай кәсіппен айналысатыны, қай ру-тайпаға жататыны сияқты ерекшеліктерін байқатып тұратын символдық функция атқарды”. (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 3 том. Алматы, 2012. – Б. 59.)

”Халық арасында ұста-зергерлердің дүкенін қасиетті орын деп санайды. Ұстаның дүкенінде дауыс көтеруге, балағат сөз бен өсек айтуға қатаң тиым салынды. Әйтпесе, Дәуіт пайғамбардың ашынуы әбден кәдік. Тіпті, адамның аузы қисайып қалуы мүмкін. Құрал-аспаптарды аттап өткен адамның аяғы қақсайды, тіпті ақсап қалады екен деседі. Шеберханаға таяу жерге дәрет сындыруға болмайды.

Ондай жерге, әдетте, жуынып-шайынып, таза болып бару керек. Ел ішінде бұлардан басқа да қолөнеріне, шеберлер жасаған заттарға байланысты ырымдар мен тиымдар, әдет-ғұрыптар сақталған”. (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 3 том. Алматы, 2012. – Б.596.)

Деректерді оқып, оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің ерекшелігін айту керек.

Сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс (Қазақстан тарихы мен Технология пәндері), интербелсенділік, танымдық.

Аралас, мәдени экскурсия. Сауалнама, технологиялық ақпараттылық.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. Қазақтың қолданбалы өнерінің түрлері мен ерекшелігі.
2. Қазақ әйелдері айналысқан қолөнер түрлерінің ерекшелігі.
3. Қазақтың темір ұсталары мен зергерлерінің қоғамдағы орны.
4. Тоқымашылық өнер туындылары туралы.

Мұғалім сабақты қолданбалы өнер туындыларын табылғанына қарай көрсете отырып өткізеді. Мысалы, қолдан жасалған кесте бұйымдар, кішкентай кілемше, зергерлік әшекейлердің табылғанын көрсету керек, оны оқушылардың ұстап көруіне мүмкіндік берсе де болады.

Сабақты слайд, 1-2 минуттық деректі фильм көрсете отырып өткізуге болады. Кездесу сабақ ретінде халық шеберін қонақ ретінде шақырып, оған 3-5 минут уақыт беруге
болады.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Дүкен майлау ғұрпының маңызы неде?
2. Қазақ шеберлерінің еңбегі қалай бағаланды?
3. Қазақ шеберлері қандай құрал-саймандар қолданған?

Қосымша тапсырма
Қазақстан мұражайларының электронды сайттары арқылы мұражай қорларындағы қолданбалы өнер туындылары топтамаларымен танысыңдар.  Ұлттық киімдер туралы деректерді оқып, талдау жасаңыз.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 1 қате жауабын тап!
1. Қазақ ағаш шеберлері жасаған жиһаз түрлерін көрсетіңіз:
А) Таға; Е) Жүкаяқ;
В) Кебеже; F) Кебеже;
С) Адалбақан; G) Сандық;
Д) Жозы; H) Асадал.

Тапсырма
Сабақтың мәтінін оқып шығып, берілген киім түрлерін жіктеп кестеге түсіріңдер.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ