Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)

0
2753

Сабақтың мақсаты:

– қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау.

– қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Зерттеу сұрағы:

Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Оқулық

Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы. 46–48 беттер.

Тірек сөздер:

Абылай хан, Бұхар жырау, Үмбетей жырау, төлеңгіт.

Ресурстар:

Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3. – Алматы: Атамұра, 2002. – 247-278 бб. Тарақ Ә. Абылай хан. – Алматы, 2014.

Сабаққа дайындық:

Қытайдың басқыншылық саясатына дипломатиялық жолмен шектеу қойған Абылайдың елдің ішкі мәселелерімен айналысып Орта жүзде ғана емес, Кіші жүзде де, Ұлы жүзде де ел сыйлайтын ықпалды тұлғаға айнала бастауының барысы мен оның 1771 жылы үш жүздің ұлы ханы болып сайлануының тарихи маңызы туралы білім беру.

Абылай ханның қазақ хандығының ішкі бірлігін қайта қалпына келтіру, қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты жоюы, біртұтас қазақ хандығын құруға қол жеткізуі жолындағы тарихи еңбегін сараптау арқылы, оқушылардың тарихи танымын, тұлғалардың тарихи қызметінің маңызын бағалау қабілеттерін дамыту.

Абылай ханның біртұтас қазақ хандығын қайта қалпына келтіріп, оның іргесін нығайту жолындағы еңбегін оқыту арқылы оқушыларды жақсылық істерге құмар болуға, өнерлі, білімді, еңбекқор болуға баулу, тұлғалар қызметі арқылы отаншылдыққа тәрбиелу.

Сабақтың деректі материалдары:

Карта, тарихи суреттер, тарихи құжаттар.

Сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық:

Сабақты аралас сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, жеке және жұптық, топтық жұмыстардың түрлерін пайдалануға болады.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Абылайды хан сайлау тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Абылайдың үш жүздің игі жақсыларының ата дәстүрімен хан сайлау рәсімін өткізудің қазақ қоғамы, оның тәуелсіздігі мен бірлігі жолындағы рөлінің маңыздылығын атап өту қажет.

Сабақтың барысы.

Қытайдың басқыншылық саясатына дипломатиялық жолмен шектеу қойған Абылай енді елдің ішкі мәселелерімен айналысып Орта жүзде ғана емес, Кіші жүзде де, Ұлы жүзде де ел сыйлайтын ықпалды тұлғаға айнала бастағандығын көрсету керек. Одан әрі Ұлы жүзде Абылайдың билігін нығайта түсуіне байланысты.

Оның 50-жылдардың соңында және 60-жылдардың басында қырғыз-қазақ қатынасына араласуға мәжбүр болғанын көрсету керек.

Арада бірнеше жыл өткенде ғана Абылайдың табанды, көпқырлы саясатының нәтижесінде қырғыздардың қаупі азайып, ендігі жерде Ұлы жүз қазақтары да Абылайды өздерінің ханы ретінде ашық мойындап, оған қолдау жасағандығын түсіндіреді.

Одан әрі Түркістанды билеп отырған Абылайдың ағасы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, Абылайды қазақ ханы етіп сайлауға барлық жағдай жасалғанын, нәтижесінде 1771 жылдың күзінде Үш жүздің өкілдері жан-жақты ақылдасып, жаңа ханды сайлау үшін Түркістан қаласына жиналып, Абылайға Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Кіші жүз қазақтарының біраз билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері жан-жақты қолдау
көрсеткенін тарихи құжаттарды талдау арқылы түсіндіруге болды.

Білімді бағалау мүмкіндіктері:

Оқушылардың білім деңгейін бағалауда Абылай 1771 жылы жалпы халықтың ханы ретінде мойындалып, қазақтар оны ақ киізге отырғызып хан көтеруі, жалпы Абылайдың хан сайлануы, шын мәнінде Қазақ хандығының біртұтастығының және бірлігінің қалпына келуі екендігін игеруіне назар аудару арқылы тұжырымдалуы тиіс.

Қосымша тапсырма.

Абылайдың Үш жүзге хан болып сайлануының тарихи маңызы туралы шығарма дайындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ