Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)

0
2461

Сабақтың мақсаты: 

– қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау.

– қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау.

Зерттеу сұрағы: Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

Оқулық
XVIII ғасырдың 50–60-жылдарындағы Ұлы және Орта жүздегі саяси үдерістер. Абылай хан. 42–45 беттер.

Тірек сөздер: Әбілмансұр, Орск, Цин империясы, “Шүршіт қырылған”.

Ресурстар:

Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3.– Алматы: Атамұра, 2002. – 247-278 бб. Тарақ Ә. Абылай хан. – Алматы, 2014

Сабаққа дайындық:

Көрнекті мемлекет қайраткері болған тарихи тұлға Абылай ханның өмір жолы мен көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу барысы.

Қайраткердің балалық шағы мен өскен ортасы туралы, ол өмір сүрген тарихи кезеңнің ерекшелігі туралы білім беру.

Абылай ханның өскен ортасы, оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен тарихи жағдаймен таныстыру арқылы оқушылардың оны “Ұлттық тұлға” ретінде тануына қол жеткізу.

Ханның көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу жолын оқыту арқылы оқушылардың санасын, көзқарасын “ұлттық идеология” тұрғысынан қалыптастыру.

Абылайдың көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу жолы арқылы оқушыларды тұлғаны құрмет тұтуға, өткенді сыйлауға, жақсы адамға еліктеп бой түзеуге, өзін-өзі тәрбиелей білуге, өзін-өзі тани білуіне тәрбиелеу.

Сабақтың деректі материалдары:

Фотослайд. Абылай ханның тарихи суреттері, қалпына келтірілген бас мүсіні. Абылайдың балалық шағы туралы тарихи құжаттар мен тарихи-әдеби шығармалардан үзінді.

Сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық:

Сабақ түрін тұлғатану форматында таңдап алуға болады.

Сонымен қатар сабақты ұйымдастыруда интербелсенді сабақ әдістерін, мысалы дискуссия, ақпараттылық, ғылымилылық, танымдық ойындар түрлерін жан-жақты пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Абылай ханның тарихи тұлғасын жанжақты аша түсу үшін ханның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи, әдеби шығармалардан үзінділер келтіру, арнайы материалдар топтамасын дайындау керек.

Оны сабақ барысында пайдалануға, оқушыларға арнайы тапсырма ретінде (мысалы, мәтінмен жұмыс тәсілі түрінде) беруге болады.

Сабақтың барысы.

Мұғалім сабақты тарихи-әдеби шағырмалар негізінде Абылай ханның дүниеге келуі, оның ата-тегі мен алғашқы ерлігі нәтижесінде Абылай атын иеленуі туралы әңгімеден бастайды.

Одан әрі өткен сабақтардағы матариларды оқушылардың есіне сала отырып, осы кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатындағы күрделі жағдайдың Абылайдың қайраткер ретінде қалыптасуына қалай әсер еткендігін түсіндіруі керек.

Білімді бағалау мүмкіндіктері.

Арнайы ойын түрінде оқушыларды топтарға бөліп, әр топ мүшелеріне бүгінгі сабақта талқыланған мәселенің айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі.

Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызыбірдей.

Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі  топтағы талқылау үдерісі болып табылады).

Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Қосымша тапсырма.

”Көшпенділер” фильмін қарап, ондағы Абылай образының тарихилығы туралы шағарма дайындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ