Бас-миы туралы қызықты факт

0
1255
Иллюстрация: Freepik.com

1. Ұзақ уақыт ұйықтамаған адам миының температурасы жоғарылап, ойлау қабілеті төмендейді. Сондықтан дұрыс әрі тиімді ойлау үшін ұйықтап демалған маңызды;

2. Адам бас-миы 25 жасқа дейін өсіп, дами алады.

3. Жүйке жасушасы — нейрондарды бір бірімен байланыстыратын, импульстерді өткізетін өте жіңішке жіп — аксон деп аталады. Олардың жалпы ұзындығы 150-160 мың км, яғни экваторды 4 рет айналдыруға жетеді.

4. Бас миының көлемі интеллектке ешқандай да әсері жоқ. Мысалы, Энштейннің миы 1200г болған, бұл орташа өлшемнен де аз, бірақ ол гений болды.

5. Бас миында ұзақ уақытты және қысқа уақытты есте сақтау болады, қысқа уақытты есте сақтау жарты минут қана сақталады екен, сондықтан да 1 минут бұрын не ойлағаныңызды ұмытып қалуыңыздың себебі осы.

6. Бас миы ауасыз және глюкозасыз (қант) өмір сүре алмайды.

7. Адамның бас миы күнделікті қарапайым лампаны жағуға шамасы жететін электр тоғын түзе алады екен.

8. Адам денесіндегі май басқа органдардағы майларға қарағанда ең көп болады екен.

9. Адам бас миында 100млрд жуық нейрондар (жүйке жасушасы) болады екен.

10. Ғалымдар адам бас миының осы уақытқа дейін есте сақтаудың көлемін қаншалықты өлшегісі келсе де мүмкін болмай жатыр екен, демек ол өте үлкен деген сөз.

11. Бас миына нейрохирургтар наркозсыз қалай ота жасайды деп ойланып көрдіңіз бе?! Себебі бас миында ауырсыну рецепторлары жоқ, ал бас ауырғанда бас миын қоршап тұратын қабықша мен қантамырлардың рецепторлары арқылы ауырсыну сезіледі.

12. Бір нейронға ондаған глиалды жасушалар келеді. Ол жасушалар нейрондарды қоректендіреді, оттегімен қамтамасыз етеді, бір-бірінен бөліп, зат алмасу мен импульстерді өткізу қызметтерін атқарады.

13. Ойлау, қиялдау және ақыл-іс әрекеттері бас миын жаттықтырады, нәтижесінде қызметі де жақсара бастайды.

14. Бас миы күндізге қарағанда түнгі ұйқы кезінде қаттырақ жұмыс істейді екен, ол қарапайым ЭЭГ аппаратымен тексергенде көрінеді.

15. Соңғы уақыттарда стресс бас миының көлемін кішірейтетіндігі (гипокамп) зерттелуде екен. Ұзақ қатты стресс кезінде не болатынын ойлау қорқынышты екен.

Басқа материалдар:

  1. Адам омыртқасы туралы қызықты деректер
  2. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
  3. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  4. Фастфудтың 10 зияны
  5. Майонезді неге жеуге болмайды?
  6. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  7. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  8.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  9. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  10. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  11. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  12. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ