Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?

0
1662
Freepik.com

Сау болу әр адамның өз қолында. Ол үшін мына жайларды біліп жүрсе жеткілікті:

— Көз жиі талып, қызарса, тіс эмалінде майда жарықшақ іспетті сызықтар пайда болса, онда Сіздің ағзаңызға күннің сәулесінде болатын Д витамині жетіспейді деген сөз. Бұл жоқтың орнын скумбрия, камбала балықтарын тұтыну арқылы, сондай-ақ жұмыртқаның сарысынан, өсімдік майынан таба аласыз.

—  Аяқтарыңыз талып, есте сақтау қабілеті төмендесе, жүрек жиі соғатын болса ағзаға В1 витамині (тиамин) жетіспейді деп түсіне беріңіз. Мұндайда дәріханаларда сатылатын сыра ашытқысы (пивные дрожжи), қара нан, шпинат, жүгері мен фасольды көбірек тұтынған абзал.

Жиі ашуланып, көп тұмауратсаңыз, себепсіз тоңсаңыз В3 (пантотен қышқылы) витамині жетіспейді. Бұл тапшылықты ірі қара бауыры, көк бұршақ пен қызыл фасоль арқылы толтыруға болады.

Ұйқы қанбай, жұмысқа деген ынта төмендеп жүр ме? Бас айналып, жиі тоңу байқала ма? Шаштың көп түсуі де осы кезде мазалайтыны бар емес пе? Бұл Сіздің ағзаңызға В6 (пиридоксин) витаминінің жетіспейтінінің белгісі. Сізге буға пісірілген күріш, бұршақ пен көкөністі көбірек жеу керек.

 Себепсіз салмақ тастап, бет теріңіз сарғайғандай болса, асқазан ауырып, тамақ батпаса ағзаңызға фолий қышқылы керек деген сөз. Бұл тіс түбінің жиі қанауымен де байқалады. Сізге түсті капуста, ірі қара бауырын, аскөкті көбірек тұтыну пайдалы. Жаңа сойылған мал ішегінен жасалған салат жесеңіз жақсы.

Ұйқы бұзылып, бет пен қол жиі жарылса, тым қатты тоңатын болсаңыз ағзаға С витамині жетіспейді деп түсіне беріңіз. Бұл жағдайда Сізге ашытылған капуста, қарақат, лимон, итмұрынды, сәбіз бен анарды жиі тұтыну керек болады.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ