Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?

0
1227
Иллюстрация: Freepik.com

Дәрігердің «көп уайымдамаңыз, ашуланбаңыз» деген кеңесін естімеген адам жоқ шығар, сірә. Бұлай дегенде дәрігердің жүйкеге салмақ түсірмеу жайлы айтатынын бәріміз білеміз.

Әйткенмен бұл кеңестің астарын ұға бермейміз. Негізінде өз денсаулығына мән беріп, ауырғаннан гөрі аурудың алдын алғанды жөн көретін жандар ең алдымен жүйкесіне салмақ түсірмеуге тырысады екен.

Себебі орынсыз ашулану, себепсіз уайымдау адам ағзасының ішкі мүшелерін зақымдайтын көрінеді. Мәселен, мамандар көп ашуланатын адамның бауыры ауыратынын анықтапты.

Үнемі мұңға батып жүретін адамның тоқ ішегі тез сыр беретін болып шықты. Уайымшылдардың ең алдымен жүрегі ауыратыны бәрімізге белгілі.

Мамандар жұмыс уақытында барынша сабырлы болу керек дейді. Себебі аз ғана уақытта көп жұмысқа үлгеруге тырысу, асығу, ойлану, тағатсыздану жүйкеге салмақ түсіреді. Ал ол өз кезегінде ағзаны іштен «тоздыра» бастайды. 18-35 жас аралығында оған ешкім мән бермейді.

Себебі бұл кезде адамның энергиясы мол, жастық жалын мен қуат әлсіреу мен шаршауды жеңіп кетеді. Ал 40-тан асқан соң қан қысымы көтеріліп, жүрегі шаншып, бүйрегі сыздап, басы ауыратындар, көзі талып шаршайтындар аурудың қайдан бастау алғанын білмейді.

Мұндайда кім де болса ауырған ағзасын ғана емдетеді. Яғни соған қарсы дәрі қабылдайды. Негізінде жүйкені тыныштандырып, жаныңызды демалдыруға жететін ем жоқ. Сондықтан уайымдамаңыздар, ашуланбаңыздар!

Дереккөз:  «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:

Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)

Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары

«Денсаулық басты байлық»

«Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ

Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес


ПІКІР ҚАЛДЫРУ