Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес

0
2370
Иллюстрация: Freepik.com

Адам үшін денсаулықтан артық байлық жоқ. Бақыттың 90 %-ы дұрыс денсаулықта екенін ұмытпаңыз. Осы орайда, назарларыңызға денсаулыққа қатысты пайдалы кеңестер тізбегін ұсынамыз.

1. Тым ыстық тамақ ішпеңіз

Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күреседі. Оны білеміз. Алайда, сол бактерия мен микробтардың ішінде пайдалылары да бар. Ағзадағы жасушалар өте нәзік болады. Ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар 45°-тан аспауы тиіс.

2. Суды бірнеше рет қайнатпаңыз

Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондай-ақ бірнеше рет қайнату арқылы ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз.

Негізі, суды қайнатудың орнына фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда. Бұл ағза үшін у болып есептеледі.

3. Суды көбірек ішіңіз

Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан кем емес. Нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.

4. Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады

Жаңғақты күн сайын жеуге әдеттеніңіз. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік зарары болуы мүмкін. Күнбағыс шемішкесін де аз мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.

5. Сабынды аз тұтыныңыз

Күн сайын сабынмен жуыну теріңізді құрғатып жібереді. Терімізді инфекция мен тезірек қартаюдан қорғап тұратын қатарды да жуып тастаймыз. Сондықтан сабынды тұтынуды азайтыңыз. Оның орнына душқа арналған гель пайдаланған әлдеқайда пайдалы.

6. Адреналинді көбейтіңіз

«Үй-жұмыс/сабақ-үй» деп жүретін жандар үшін адреналинді арттыру керек-ақ. Мұндай қызықсыз график арқылы сіз өмірдің керемет мәнін түсіне алмайсыз. Депрессияға түсіп кетесіз.

Достарыңызбен қыдырыңыз, жұмыс пен тұрмыстағы проблемалардан әбден демалыңыз. Аттракционға барып көңіл көтеріңіз. Парашют немесе роуп джампингпен секіріңіз. Мұның бәрі сіздің сергек әрі көңілді жүруіңізге әсер етеді.

7. Шылымнан бас тартыңыз

Темекіден бас тарту — денсаулығыңызды ғана емес, экономикалық жағдайыңызды да жақсартады. Шылым шегуді доғару арқылы ағзаңызды көптеген зиянды заттардан қорғайсыз. Орта есеппен адам күніне 20 шылым шекті деп есептейік. 1 пәшкі. 500 тг. Бір айда 15000 тг.

Әр қайсысына 3 минут уақыт кетсе, бір күнде оның темекі шегуге бір сағатын жұмсайды.

Медициналық зерттеу нәтижесінде, шылым адам өмірінің 7-10 жылын қысқартатыны дәлелденген. Сондай-ақ, темекі шеккеннен кейінгі жағымсыз иіс өзіңізге де, айналадағы адамдарға да ұнамайтыны белгілі. Жылына 600 мың адам темекі шегуден келетін түрлі сырқаттардан көз жұматынын есте сақтаңыз.

8. Колбаса сатып алуды доғарыңыз

Құрамында канцероген бар заттардан түгелдей дерлік бас тартыңыз. Олардың қатарына қақталған, маринадталған, консервіленген, майға қуырылған, тұздалған және натрий нитриті қосылған тағамдар жатады. 50 грамм қақталған колбасаның зияны күніне бір пачка шылымның түтінімен тең.

9. Ұйқыңыз тыныш болсын

Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз тыныш болуы үшін бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдыру керек. Физикалық күшіңізді қалпына келтіріп, басыңызды жақсы жұмыс істеуіне ұйқының тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз. Иммунитеттің көтеріліп, жай ғана көңілді жүрудің өзі ұйқының тыныштығынан.

10. Пессимизмнен арылыңыз

Жаман ойларға берілмеңіз. Ылғи позитив ойлауға тырысыңыз. Көңіл-күйді түсірмеңіз. Болашаққа сеніммен қараңыз. Бәрі жақсы болады.

Басқа материалдар:
  1. «Компьютер және біздің денсаулығымыз» тақырыбында өткізілген инновациялық сабақ
  2. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  3. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  4. «Денсаулық басты байлық»
  5. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  6. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек
  7. Ингеборга Моотстың бизнестегі жетістігі
  8. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  9. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  10. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  11. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ