Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?

0
1818
Иллюстрация: Freepik.com

Нарықта өте табысты әрі кең етек жайған кәсіп түрі. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса да жеткіліксіз.

Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.

Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі – жеңілдетілген режим бойынша жеке кәсіпкер боласыз. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.

Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір орынжайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, жеке куәлікке арналған фото болса, фотостудияны шағын ауданнан да ашуға болады.

Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті аксессуарлар — софтбокстар, тіреулер, фондар, компьютер, принтер және басқа да қосымша жабдықтар.

Қызмет түрлері. Алдымен бизнесіңіздің мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Содан кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді
нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда ерекшеліктеріңізді (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және т.б.) ойластырыңыз.

Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар).

Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі.  Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал — жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.

Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға болады, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен дизайнер жалдауға тура келеді.

Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың алатын орны ерекше. Ол үшін өзіңіздің жеке сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп қоюыңызға болады.

Дереккөз: Бизнеске бағыт, Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Web-дизайнер деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ