Ағылшын тілінде аудиокітаптарды қайдан тыңдауға болады?

0
1315
Иллюстрация: Freepik.com

skillsacademy.kz сайтыНеліктен ағылшын тілінде аудиокітаптар тыңдаған дұрыс?

— есту мүшесін (одан кейін миды) ағылшын тілінде тыңдауға дағдыландырасың;
— аудиокітаптарды тыңдай отырып, мәнмәтіннің ішінен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтылымымен үйрене аласың;
— аудиокітаптардан күнделікті өмірде қолдануға болатын грамматикалық құрылыстарды біліп алуға болады;
— ең бастысы: аудиокітаптарды бос уақытта кез келген жерде тыңдай беруге болады!

Аудиокітаптарды қайдан тыңдауға болады?

http://www.loyalbooks.com — ағылшын, қытай, француз, неміс, жапон, испан және итальян тілдеріндегі 7 мыңнан астам аудиокітаптар бар.

https://etc.usf.edu/lit2go/books — ағылшын тіліндегі аудиокітаптар жиналған ауқымды электронды кітапхана. Аудиокітаптармен қоса тексттері де берілген.

https://librivox.org — қызықты ресурс. Мұнда кітаптарды әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар аудиоформатта жазып шыққан.

http://thoughtaudio.com — ағылшын тіліндегі тегін аудиокітаптар жиналған ресурс.

https://www.digitalbook.io/browse-audiobooks-ebooks.h.. — жанр бойынша тізіліп қойылған ағылшын тіліндегі аудиокітаптардың ауқымды электронды кітапханасы.

http://nikolledoolin.com/alo — аудиокітаптар жиналған қарапайым ресурс. Қарапайым болғанымен, аудиокітаптар тексттерімен қоса берілген (егер ағылшын тілінде бұрын-соңды тыңдап үйренбесең, түсінбей жатсаң, текстке қарасаң болады).

Егер ағылшын тілінде тыңдап үйренсең жәнетыңдағаныңды толық түсіне алсаң, онда саған қиындық туындамайтыны анық.

Егер ағылшын тілін үйренуді жаңадан бастасаң немесе біршама уақыт үйреніп, бірақ ағылшын тілінде тыңдап үйренгің келсе, қандай да бір шағын аудиокітапты текстімен қоса тауып, текстке қарайлай отырып, аудиокітапты тыңда.

Егер тыңдап жатқанда қандай да бір жаңа сөз немесе сөз тіркесі кездессе, міндетті түрде белгілеп, жаттап ал. Ең бастысы: жаңа сөз немесе сөз тіркесі кездескен жағдайда оны жалғыз өзін сөйлемнен үзіп алма, сөйлемімен бірге жазып ал.

  1. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  2. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  3. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  4. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  5. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  6. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  7. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  8. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ