Помодоро әдісі және оның пайдасы

0
3397
Иллюстрация: Freepik.com

Жұмысыңды, сабағыңды уақытылы істей алмай жүрсең, «Помодоро» әдісі сен үшін. Бұл әдіс арқылы уақытыңды үнемдеп, жұмысың мен сабағыңа үлгере аласың.

Өзін-өзі мойындатқан тәсілдердің ішіндегі ең нәтижелі әрі қарапайым түрі. Кез келген саладағы маман, студент, оқушы қолдана алады. Тіпті үй шаруасын атқару барысына да кәдеге жарамды.

Помодоро техникасымен сабақ оқуды бастамас бұрын бір күнге арналған тапсырмалар тізімін жаса. Тізімдегі сабақтарды маңызына қарай бөл. Көп тапсырманың ішінен біреуін таңда.

1. Компьютер, телефон, теледидарды өшір. Таймерді 25 минутқа қой. Назарыңды тек сабақ/жұмысқа аудар.

2. Ешкімге, ешнәрсеге көңіл бөлмей сабақ оқы. 25 минуттан соң оятқыш шырылдайды. Сосын 5 минут үзіліс жаса (Телефоныңды тексеріп, шалынған қоңырауларға жауап бер. Немесе кофе, шай ішіп ал)

3. Тағы да таймерді 25 минутқа қой, көңіліңді аударатын құрылғыларды өшір де аяқталмаған сабағыңа кіріс.

4. Осылай 4 рет таймерді 25 минутқа қойып, әр 25 минуттан соң 5 минут үзіліс жасайсың. Сонда 2 сағатың өте пайдалы әрі тиімді өтеді.

5. Содан кейін 30 минут немесе 1 сағат үлкен үзіліс жаса.

Бұл жерде 25+5 минут деген шарт емес. Қаласаң 50+10 болсын немесе 45+10, 35+8. Бастысы, бар фокусың сабақта болу керек.

Помодоро  техникасы аз уақытта көп жұмыс істеуге көмектеседі. Таудай боп жиналып қалған істі / сабақты шетінен бөліп-бөліп орындауға жәрдемдеседі.

Бір жылға жоспарлаған жұмыс пен сабақты біртіндеп орындау арқылы арманыңа жақындатады. Оқу процесін жылдамдатады. Өнімділігін арттырады. Құлшыныс береді. Біртіндеп жалқаулықты жояды. Уақытты үнемді әрі тиімді пайдалануға жәрдемдеседі.

Бос сөз бен мағынасыз әңгімеден тыяды. Бір күнде, аптаның соңында және ай аяқталғаннан кейін қаншама жұмыстың атқарылғанына, қанша тапсырманы орындап тастағаныңа өзің де таң қаласың.

Әсіресе, әр күні 30 минутын спортқа, тіл үйренуге, кітап оқуға, ҰБТ дайындықты бастауға күш таппай жүргендерге таптырмас тәсіл. Қорқынышты боп көрінген сабағың соншалықты қиын еместігіне, кез келген жұмысты бастаса оны аяқтауға болатынына көзіңді жеткізеді. Сеніміңді арттырады.

Басқа материалдар:

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Контекстолог деген кім
  10. Копирайтер деген қандай мамандық?
  11. Контекстолог деген кім?
  12. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  13. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  14. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  15. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  16. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ