Археологиялық периодизация және хронология

0
1365
Иллюстрация: Freepik.com

Тарихи деректерге қарағанда ең алғашқы археологиялық қазба жүргізілген адам Жаңа Бабыл патшалығының билеушісі Набонид (б.з.д. V ғ) болған.

Арада өткен 2,5 жыл аралығында археологиялық қазба жүргізушілердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Әдетте қазба жұмыстарын кәсіби археологтар, “ қара археологтар”, кездейсоқ адамдар, коллекция жинаушылар жүргізуде.

Л.С. Клейн археологиялық зерттеулерді жүргізушілердің үш негізгі бағытта жүргізіп отырғанын көрсеткен.

Бірінші бағыттағы зертеушілер археологияны тек деректанушы пән ретінде қарастырады. Орыс археологиясында бұл бағытты Г.П. Григорьев қолдайды.

Екінші бағыттағы зерттеушілер археологиялық заттарды тарихи процесстің нәтижесі ретінде, демек қосалқы тарихи пәндердің қатарына қосады. Осы пікірді К. Рандсборт қолдайды.

Үшінші бағыттағы зерттеушілер археологиялық заттарды тарихи процессті көрсететін дерек ретінде қарастырады. Х.Д. Санкалиа “ Введеие в археологию” атты еңбегінде осы пікірді қолдаған. Орыс археологиясында бұл пікірді Ю.Н. Захарук қолданған.

М.В. Аниковичтің пікірі бойынша архология практикалық тұрғыдан алғанда жеке ғылыми пән ретінде қарастырылмайды.

1830 жылы оңтүстік Франциядағы бір үңгірден табылған заттарды “ преистория ”, қазақша “тарихқа дейінгі ” деп француз зерттеушісі П. Турналь атаған.

Археологиялық периодизацияның тарихы

Б.з.д. VII1 – VII ғасырларды өмір сүрген грек ақыны Гесиод өзінің “Труды и дни ” атты поэмасынды адамзат тарихының бес кезеңдері болды деп жазған, олар: алтын, күміс, мыс, жартылай құдай – батырлар және темір

Б.з.д. 1 ғасырда өмір сүрген грек философы Тит Лукреций Кар өзінің “ О природе вещей” атты поэмасында адамзаттың дамуында ( техникалық жағынан) үш кезең болды деп жазған, олар: тас, мыс және темір.

1813 жылы Копенгаген университетінің профессоры Л.Ш. Ведел – Симонсен адамзаттың дамуын үш сатыға: тас ғасырына, мыс ғасырына және темір ғасырларына бөліп қарастырды.

1819 жылы дат ғылымы көне заттардың ұлттық музейінің сақтаушысы К.Ю. Томсон заттарды неден жасалғанына қарай топтастырды. 1836 жылы оның “ Путеводитель по северным древностям” атты шыққан еңбегінде Солтүстік Еуропаның тұрғындары технологияның даму тұрғысында үш кезеңді ; Тас, қола, темір кезеңдерді өткерді деп көрсеткен.

Сонымен , қазіргі археология ғылымында үш ғасыр жүйесі бүкіл әлем мойындаған жүйе болып табылды. Дегенмен, ол жөнінде сын пікірлерде кездеседі. Бұл жерде мына мәселені естен шығармаған дұрыс, ең бастысы үш ғасыр жүйесінің басталған не аяқталған уаықтында емес, оның дұрыс бөлінуінде .

Мәселен , 1851 жылы Санкт –Петербургтағы Императорлық Археология қоғамының мүшелері 1700 жылды орыстың көне тарихын зерттеудің соңғы жылы деп атап, ал онан кейін пайда болған ескерткіштерді көне тарихқа кіргізуге болмайды деген ұсыныс жасады.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ