Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі

0
1210
Freepik.com

1. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақтау қажет.

2. Астың негізгі мөлшерін қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі тиіс. Бұл кезде өтпен бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылдануы тиіс.

3. Жаңа пісірілген тағамды жеу. Ұзақ сақталған тағамдарда улы заттар мен салқындық қасиет жиналады. Ал, етке бұл қасиет тән емес, суықта сақтаған сайын жылылық қасиеті арта түседі.

4. Тамақты мұздай немесе ыстық күйде пайдалануға жол бермеу керек. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөліне зиян келтіреді. Ыстық күнде біз үй бөлмесінің температурасындағыдай суды ішуіміз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшін организм көбірек энергия жұмсайды, одан кейін су асқазан сөліне араласады.

5. Тағам қабылдау барысында сұйықтық ішуге болмайды, ішкен жағдайда ас қорыту сөлінің шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейді.

6. Ас ішкенде бірінші қою тағамды жеп, 20-30 минуттан кейін сұйық тағамды ішкен дұрыс. Егер керісінше тамақтанса, онда тамақты қорытатын ферменттердің шоғырлануы төмендеп, ет, ботқа, жеміс тағамдары қорытылмай қалады.

7. Асты қабылдаудан 20-30 минут бұрын бал, тұз немесе лимон шырыны қосылған бір құты ыстық су ішу қажет. Аталған барлық қоспалар ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазанды тазартып, асты қорытуға дайындайды.

Дұрыс тамақтана білу — кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.

Басқа материалдар:

  1. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  2. Фастфудтың 10 зияны
  3. Майонезді неге жеуге болмайды?
  4. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  5. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  6.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  7. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  8. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  9. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  10. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ