Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын

0
987
Иллюстрация: Freepik.com

1. Бiрiншi орында — жылы/ыстық су, әрине. Мұны менiң оқырмандарым жақсы біледi. Асқазан-iшек жолдарын оятып, тұла бойымыздан токсиндердi шығаруда, зат алмасу процесінде, дененiң термобалансын сақтауда маңызы зор.

2. Көк шай, шөп шай. Әсіресе зiмбiр шайы. Мұндай шөп шайлардан ағзаңызға ең қажеттісiн таңдай бiлiңiз. Зiмбiр шайы, мысалы, ас қорытуға көмектесiп, гастриттi емдеуге елеулі үлес қосады. Токсикозды басады.

3. Кепкен, мұздатылған жемістерден компот. Бұл бойында дәруменi мол сақталатын маңызды сусын. Аурухана мен балабақшада бекер бермейтiн түсінген боларсыз.

4. Клюква морсы. С дәрумені мол. Обыр ауруының, жүрек қан-тамырлары ауруларының алдын алады. Шаршағанды, бас ауруын басады.

5. Қызанақ шырыны. Ең дұрысы — үйден дайындау. Бұл нағыз табиғи антиоксидант. Зиянды холестериндi ағзадан шығарады. Жүрек, буын ауруларын болдырмайды. Тiптi қант диабетиктерiне де еш қауіп төндірмейдi. Аштықты жақсы басады.

6. Ешкі сүтiнен айран. Асқазанның микрофлорасын қалыпқа келтірiп, пайдалы бактериялармен қамтамасыз етеді.

7. Анар шырыны. Қандағы гемоглобин деңгейін көтереді. Қан қысымын реттейдi. Бұлшықеттердi нығайтады.

8. Бұлардан бөлек, сау ағза үшiн «САССИ» сусынын ерекше атап өткiм келеді. Асқазан-iшек жолдарын тазалауға таптырмас сусын. Адамға күнiбойы сергектік сыйлайды. Салмақ тастайсыз. Дәрумен мен минералға да бай. Құрамы: су + зiмбiр +жалбыз +? + ?.

Басқа материалдар:

  1. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  2.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  3. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  4. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  5. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  6. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  7. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  8. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  9. «Денсаулық басты байлық»
  10. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  11. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  12. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ