Тарының ағзаға пайдасы көп

0
1919
Иллюстрация: Freepik.com

Тарыны адам ағзасына қажетті витаминдердің қайнар көзі десе болады. Құрамында белоктар жеткілікті.

Соған орай аллергияны қоздыратын глютен жоқ. Әрі В тобына жататын витаминдерге және бауырдың дұрыс істеуіне аса қажетті холинге бай.

Тарының құрамында адам сүйектеріне, жүрекке, иммуитетті көтеруге керекті магний мен фосфор, калий, цинк сияқты металдар көп. Тарыда адам ағзасын қуат көзімен қамтамасыз етіп отыратын крахмал да жеткілікті.

Соған орай, кейбір жармалар (крупа) сияқты қандағы қанттың көбеюіне ықпал етпейді. Сондықтан тары қант диабетімен ауыратындар үшін күнделікті тұтынуларына аса қажетті. Оның үстіне, салмақтан арылуға әрекет етіп жүргендер үшін тиімді.

Тарыда көз жанарының бұзылуына әсер ететін зиянды заттардың әрекеттерін тоқтататын антиоксиданттар бар. Сонымен бірге өт қабы мен өт жолдарының жұмысына тигізер пайдасы зор.

Ақталған күріш пен бидайдың ақ ұнына қарағанда, тары калий мен лигнианға бай. Соңғысы жүрек-қан тамырларын және ағзаны артық майдан және улы зарттардан арылтуда таптырмайтын зат.

Тарыны көкөніспен, тауық етімен, балықпен қосып жеген дұрыс. Ас әзірлеуден бұрын тарыны жақсылап жуып, тез пісіп, бойындағы пайдалы заттарын жоғалтпау үшін суға шылап, бір сағат ұстау керек.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ