Ағзадағы йод тапшылығын қалай анықтауға болады?

0
781
Иллюстрация: Freepik.com

Зерттелген мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тұрғындары күніне небәрі 80-90 микрограмм йод қолданады екен.

Йод адамның қалыпты өсуі мен дамуына керек микроэлемент. Күніне оны шамамен 150 микрограммын қабылдаған жөн. Егер осы қажеттіліктің орны толмаса, онда адам ағзасында түрлі аурулар пайда болуы мүмкін.

Мысалы, қаназдық, алқым (зоб) ауруы, иммунитеттің төмендеуі. Ал сіз адам ағзасындағы йод тапшылығын қалай анықтауға болатынын білесіз бе?

Адамға қажетті йод мөлшерін тамақ арқылы толтыруға болады дейді мамандар. Йод көкөністердің құрамында және теңіз өнімдерінде, балықта және алмада көп кездеседі. Сонымен қатар, етті сақтаған кезде оны қатты мұздатып алмау қажет, әйтпесе оның құрамындағы йод жойылып кетуі мүмкін.

Егер адам ағзасында йод тапшылығы болса, шаш түскіш, әлсіздік, ашушаңдық пайда болады. Йод тапшылығы қалқанша безінің ең жиі патологиясының қатарына жатады. Егер қалқанша безінің функциясы төмендейтін болса, тершеңдік, ісіну, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің төмендеуі де осы ауруға тән белгілер.

Йод тапшылығы нәрестенің өсуіне, физикалық және интеллектуалды дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ағзаға йод мөлшері жетіспесе, гипотериоз, ЗОБ секілді ауруларға шалдығу әбден мүмкін.

Соңғы кездері йод тапшылығы балалар мен жас аналарда жиі байқалуда. Әсіресе, өндірістік зауыттар орналасқан аймақта тұратын адамдарда йод жетіспеушілігі жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының деректері бойынша, дамыған елдер арасында йод тапшылығы мүлде кездеспейді екен.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі йод тапшылығы ауруына шалдыққан адамдарға тегін дәрі-дәрмек таратуда. Ал республикалық тағамтану академиясы йодталған тұздарды шығаруды қолға алды.

Күн сайын 200-300 микрограмм йод қолдану аурудың алдын алады. Сондықтан теңіз өнімдерінен, қырыққабаттан, балықтан дайындалған тамақтарды жиі пайдаланған дұрыс.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ