Майонезді неге жеуге болмайды?

0
1332
Иллюстрация: Freepik.com

Алдымен тоңазытқышыңызды ашыңызшы. Майонез бар ма? Бар? Демек жиi тұтынасыз! Былай күні «безобидный» көрiнетiн осы бiз майонездiң мыңдаған зияны барын бiлсеңiз, мүлде сатып алмас едіңіз. Тарқатып көрейік.

Дұрыс майонездiң ғұмыры тым қысқа болуы керек. (Ол үшін оны өзiңiз дайындау керек). Ал бiзде қалай? Жарты жылдан асады. Және өндірушiлер тағамдық құндылығынан түк қалдырмайды. Қысқасы бәрiнен үнемдеп, ең соңында «магазинный майонез» ең зиянды тұздыққа айналып шыға келедi.

Мысалы, майонез құрамындағы

-Натрий бензоаты (Е211) — нағыз химиялық антибиотик. Өнiмнiң сақтау мерзімін ұзарту үшін қосылатын бұл микрофлораны өлтіредi. Ол аззадағы аскорбин қышқылымен араласады, бұл реакциядан бензол бөлiнедi. Бензол бауыр қызметін бұзып, аллергия мен дерматитке әкеледі. Жүйке жүйесi айтарлықтай зардап шегеді.

— Ең арзан сапасыз майлар (трансжир) ағзаға сiңбей, iшек қабырғаларына қата береді. Сөйтіп холестериннің қайнар көзiне айналады. Бұл, әрине, салмақ қосу, семiздiкке әкеледі.

-Калий сорбаты — ас қорыту жүйесі қызметін бұзып, дисбактериоз туындатады.

-Тағы бiр қауiптi қоспа — аспартам(Е951). Ол — синтетикалық дәмдеуіш. Жоғары температурада ол нағыз метанолга (у) айналады. Осыдан соң майонезде маринадтап пiсiретiн тағамдарды ойлай берiңiз.

Сөйтiп бiр ғана майонез дисбактериоздан бастап, аллергия, дерматит, бауыр қабынуы, 2 типті қант диабеті, жүрек қан-тамырлары аурулары, инфаркт, инсульт, ақыр аяғында қатерлі ісік ауруына дейін апаруы әбден мүмкін.

Ал статистика бойында бiр адам жылына 6 кг (!) майонез жейдi екен❗

Ендi елестете берiңiз. Ал сiз майонез жейсiз бе? Жалпы сатып аларда құрамына үңiлесiз бе?

Басқа материалдар:

  1. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  2. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  3.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  4. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  5. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  6. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  7. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  8. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  9. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  10. «Денсаулық басты байлық»
  11. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  12. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  13. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ