Ұлы жібек жолы және ортағасырлық қала мәдениеті (сабақ жоспары)

0
4198
Freepik.com

Сабақтың мақсаты
— 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
— 6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау

Зерттеу сұрағы:
Қазақстандағы қала мәдениетінің дамуына Жібек жолының ықпалы қандай
болды?

Оқулық
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қала мәдениеті. 79-81 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) —
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— Сауда жолдары
— Қала мәдениеті
— Өркениет
— Теңге

Көрнекілік.
Оқулықтың 85 бетіндегі Жібек жолы бойындағы Саудакент қаласының суреті. Жібек жолының қазақстандық тармақтары және оның бойындағыьқалалар бейнеленген карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау
Ұлы Жібек жолының қазақ даласы арқылы өткен тармақтарымен және
ондағы қалалардың орналасу тәртібімен танысу. Ұлы Жібек жолының қала
экономикасы мен мәдениетіне ықпалын білу.

Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан аймағындағы ежелгі және
ортағасырлық дәуірлерден бастау алатын қалалардың тарихының тереңдігін
оқушыларға түсіндіру. Бүгінгі Қазақстанның басқа елдермен Еуропамен
және Қытаймен экономикалық байланыстарын нығайтудағы Жібек жолын
жаңғырту саясатының маңызын білу.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Қазақстанның Жібек жолы аймағындағы орналасқан тарихи ескерткіштеріне және қалалар тарихына құрмет сезімін оятып, оларды мақтаныш етуге баулу.

Сабақтың деректік материалдары.
Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен қытайдың, арабтың және парсының саяхатшылары мен жиһанкездерінің жазбаларынан үзінділер.

Сабақтың барысында
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды. Олардың алғашқы тобы “Мен — Жібек жолындағы саяхатшымын” деген тақырыпта эссе-шығарма жазып, онда Жібек жолындағы қалалармен қалай танысқанын әңгімелейді.

Екінші топ көшпелілер мен отырықшылардың өзара экономикалық байланыстарын көрсететін төмендегі кестені толтырады.

Ұлы Дала көшпелілерінің Жібек жолына көзқарасы Отырықшы халықтардың Ұлы Жібек жолына көзқарасы

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы ежелгі қытай саяхатшысы ашқан Ұлы Жібек жолының бүгінгі Еуропа және Орталық Азия халықтары үшін де олардың өзара байланыстарында аса маңызды атқарып отырғанын сабақтың өн бойында есте ұстауы керек.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы  қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)
  7. Түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктері (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ