Түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктері (сабақ жоспары)

0
1850
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
-6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеу сұрағы:
Көне түркілер неліктен әртүрлі діни наным-сенімдерді ұстанды?

Оқулық
Түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктері. 52-53 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— Көк Тәңірі
— Анимизм
— Ұмай ана
— Христиан
— Манихей
— будда

Көрнекілік.
Оқулықтың 55 бетіндегі түркілер сеніміндегі көк бөрі сенімі. Әртүрлі тас балбалдардың кескіні. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау көне түркілердің наным-сенім ерекшеліктерінің және түркілердің діни және рухани ұстанымдарының сәулет өнерінде қалай бейнеленгенін анықтау.

Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан мен бұрынғы Түрiк қағанаты
орналасқан аймақтарды өзара салыстыра қарау негiзiнде қазақтардың байырғы
ата-бабаларының бұрынғы діни наным-сенімдерден бүгінгі христиандық және
исламдық ұстанымдардың артықшылықтарын айқындау.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында ежелгі діни наным-сенімдерді
түсіндіру негізінде бүгінгі Қазақстан халқының діни және рухани ұстанымдарына деген құрмет сезімін ояту.

Сабақтың деректік материалдары.
Қытай жылнамалары, Араб және парсы саяхатшыларының жазбалары.
Петроглиф суреттердегі түркілердің діни наным-сенімі бейнеленген бейнеленген суреттер.

Сабақтың барысы.
Оқытушы балаларды бірнеше топқа бөліп жұмыс жасауға бағыттайды.
Алғашқы топ тәңіршілдіктің ерекшеліктерін айқындаса, ал қалған топтар
анимизм, христиан, манихей, будда діндеріне түсініктемелер беретін қысқаша
тезистер жасайды.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Мұғалім бүгінгі Қазақстан халқының діни ұстанымы сандаған ғасырлар бойы үздіксіз дамуда болған діни наным-сенімдердің қорытындысы және жалғасы болып табылатынын сабақтың өн бойында басшылыққа алуы керек.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ