Қазақстанның спорт саңлақтары (Ашық сабақ)

0
8069

Cабақтың тақырыбы:    IV модуль. «Бос уақыт» .

Қазақстанның спорт саңлақтары ( 2 cағ )

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   бос уақытты тиімді өткізудің ерекшелігі мен  Қазақстанның  даңқты спортшылары мен спорттағы жетістіктері туралы білімдерін толықтыру ,құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.

Дамытушылық:   білім,білік дағдыларын,ойлау қабілетін, сауатты жазу,  диалогтік,  монологтік сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:  олимпиада ойындарын таныта отырып,ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту,салауатты өмір салтын  қалыптастыруға  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:             дәстүрлі емес

Сабақтың түрі:             аралас сабақ

Сабақтың әдісі: талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық жұмыс, аударма,сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар, кеспелер, кестелер, кубок, жетондар

Пәнаралық байланыс:  тарих,география, дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ.

— Балалар,  бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр.Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын. Білімдерімізді жүйелеп, сарапқа салу үшін , біз екі командаға бөлініп жұмыс істейміз. «Білім кубогы» жақсы жұмыс істеген командаға беріледі. Команда әрбір дұрыс жауабы үшін жетондар алады.Көп жетон жинаған топ жеңіске жетеді. ( жетондар жеңіс медалі орнына беріледі.)

І команда «Барыс» командасы

ІІ команда «Алау» командасы

I тур: Интеллектуалды марафон

1.Қазақстанда тұңғыш рет өткен Азияда ойындарында қанша спорт түрлерінен спортшылар бәсекеге түсті? \14 спорт түрінен\
2. Қазақстанда 2011 жылы өткен Азиядада еліміз қанша медальға ие болды? \ 70 медаль \
3. Азияда алғашқы рет қай жылы өтті? \1951 жылы\
4. Азияда 2007 жылы қай елде болды? /Чан-чун\
5. Былтырғы қысқы Азияда ойындарына  қанша спортшы қатысты? /800 спортшы/
6.Азияда ойындарында алтын, күміс және қола медаль саны қанша ? /32 алтын,21 күміс, 17 қола/
7. 2015 жылы Азияда қай мемлекетте ,қай қалада өтеді? /Сакура ,Жапония/
8. Азияда ойындары қанша жылда оралып келеді? / 4 жылда/
9.Азияда ойындарының ұраны /Мақсаты бірдің — рухы бір!»

10.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. / талғаулы, кезектес,ыңғайлас,түсіндірмелі,себеп салдар,қарсылықты/

II тур: Интеллектуалды спринт Әр топқа жеке  сұрақтар қойылады
« Барыс » командасына

1.2011 жылғы Азияда ойындарының бойтұмарына айналған жануар /Ирбис /
2. Ежелгі олимпиада ойындары қай елде пайда болды ?
/Ежелгі Грекияда 776 жылы , содан кейін Афинада пайда болған /
3. Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не ?
/ негізгі белгісі – бес шығыршық  /
4. Бес шығыршық ненің белгісі? / адамдар мекен ететін бес құрлықтың белгісі/

  1. «Медеу» мұз айдыны туралы не білесің?

«Алау» командасына

1.1999 жылы Азия құрлығының  ең үздік боксшысы атанған боксшы кім? ( Ермахан Ыбрайымов)

  1. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
  2. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындары тоғызқұмалақ,көкпар,бәйге,қазақша күрес

4.Лондон олимпиадасының жүлдегерлерінің саны (13)

  1. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері қанша жаздық және қыстық олимпиадаларға қатысты? ( 5 жаздық ,5 қыстық олимпиадалық ойындарға қатысты.)

III тур: Интеллектуалды жекпе — жек
1.спорт туралы мақал мәтел,жұмбақтар айту

Мақал-мәтелдің жалғасын тап:

Денсаулық – ……….                         зор байлық.

Тәні саудың – ……..                         жаны сау.

Еңбек пен бақыт –…….                  егіз.

 

Ауырып ем іздегенше,…………      (ауырмайтын жол ізде.)

Ішің………. , аузыңды……               (ауырса  ……………  тый.)

Көзің …….., қолыңды …….            (ауырса  ……………  тый.)

Спорт – денсаулық ……….            (кепілі.)
2.Капитандар команда болып дайындаған спорт туралы презентациялық жобасымен таныстырады. «Барыс» тобы – «Қысқы Азиада Қазақстанда!»

  «Алау» тобы – «Олимпиада тарихы»

IV тур : Интеллектуалды көкпар.
1.Құрмалас сөйлемдердің түрін анықтау, сөйлемді аяқтау.

 1.Бұл спорттық жарыс “Азиада” деп аталады және әрбір

      4 жыл сайын өткізіліп отырылады.

                                                     /Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем./

    2.Азияда ойындары 1951 жылдан бері өткізіліп келе жатыр, бірақ

    біздің ел 1996 жылы алғаш рет қатысты.

                                                   /Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем./

  3.Қысқы ҮІІ Азиядада жеңіске жететінімізге сенімді болдық,

   себебі дайындығымыз өте жоғары болды.

                                                   /Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем./

 4.Лондон олимпиадасында бірде сыннан қалай өтеміз

    деген күдік мазалады, бірде жүктелген сенімнен  шығуға

    деген ұмтылыс күш берді.

                                                     / Кезектес салалас құрмалас сөйлем./

   5.Тау барысын бойтұмар етіп алудың 2 мәнісі болды:

 біріншісі-қазаққа тән батылдық пен төзімділік қасиеттің болуы,

 екіншісі-тәуелсіз Қазақстанның бет — бедері ретінде танылып келуі.

                                                  /Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем./

V тур:  Тайм  — аут.

  1. Анықта. Мына сандарды қалай түсіндіресіңдер?

(Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері  5 жаздық және 5 қыстық олимпиадаларға қатысты).

2.Спорттық ойындардың айырмашылығы мен ұқсастығын тап:

Баскетбол —  волейбол

Шаңғы — коньки

Күрес – бокс

3.Мәтінді оқып, аудару. Түсінгенің айту,мазмұндау.

                                     Денсаулық – басты байлық

Әрбір адам өз өмірін ұзартуға міндетті. Денсаулық әркімнің өзі үшін,оның отбасы және елі,халқы үшін қажет. Мен әр адам 120 жыл, одан да көп өмір сүруге хақылы, міндетті дер едім. Денсаулықты сатып ала алмайсың. Мен өз өмірімнің саулығын өзім жасадым. Жылдың  365 күнінде мен түгелдей саумын. Ауру, шаршауды білмеймін. Суға шомылғанды жақсы көремін. Тауға жиі серуенге шығамын. Осындай нәтижеге сіз де жете аласыз.

                                                                                          Поль Брегг

Поль Брегг — АҚШ азаматы.

 Ол  95 жыл қызу еңбекке толы,белсенді, қызықты өмір сүрген. «Ашығудың ғажайыбы» кітабының авторы. 1978 жылы Флорида жағалауында мұхит үстінде апатқа ұшырап,қайтыс болған.

4.Аяқталмаған сөйлемдер.Сөйлемдерді аяқтап, салаластың қай түрі екенін анықтау.

1.Азиада ойындарынан біздің ұтқанымыз көп болды:..

2.Алғашқы алтынды олжалағанда қуанғаным сонша-

3.Азиада ойыны маған көп ой қалдырды:

4.Сайысты тамашалай отырып менің түйгенім мынау-

Топтық жұмысты қорытындылау. Жетондар санын анықтау. «Білім кубогын» жеңген топқа тапсыру.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма. «Менің бос уақытымдағы спорт» әңгіме жазу.

 

Сабақты өткізген: Оспанова Ғалия Әлібекқызы

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ