Қазақстанның үшінші жаңғыруы

0
2152


1 ақпан күні Алматы қалалық Жас Отан жастар қанаты, Жастар Конгресі және Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы -жастардың қолында» атты Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы Үндеуді талдауға арналған əртүрлі саладағы белсенді қала жастарының басын қосып, дөңгелек үстел өткізді.

        Жиынды Алматы қалалық Жас Отан жастар қанатының төрайымы Айдана Сыдықова «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» — деген Президент сөзімен бастап, биыл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Жолдауда айтылған «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім беру» жобасының жастарға арналған тиімді жоба екенін айтып, сонымен қатар, жобаның мақсат міндеттерімен таныстырып өтті. Айдана Дəуренқызы өз сөзін қорытындылай келе, сөз тізгінін Алматы қалалық Жастар конгрессінің жаңа төрайымы Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызына берді. Сандуғаш Қалжанқызы өз сөзінде жолдаудың төртінші басымдылығын, соның ішінде білім беру саласын, үш тұғырлы тіл мəселесін тілге тиек етті. Елбасымыз жолдауында «2019 жылдан бастап 10 -11 сыныптардың кейбір пəндері ағылшын тілінде өткізіледі, себебі, біз ағылшын тілін толық үйренбей жатып жалпы ұлттық прогресске жете алмаймыз»- деп айтқан болатын. Сандуғаш Сандыбаева білім берудегі өзекті мəселелермен қоса студенттердің құқығын қорғау жайлы айтып өтті. Келесі сөз Алматы қалалық Жастар Альянсының жетекшісі Альбина Сариеваға берілді. Альбина Тельманқызы Алматы қаласының студенттерінің басын қосып, өзара достық қарым-қатынастарын нығайту, бос уақыттарын тиімді пайдалану жайында сөз қозғап, осы мақсатта өткізілетін биылғы жылғы жаңа бірқатар іс-шараларды атап өтті.
Келесі болып сөз алған М.Асфендияров атындағы стомотология институтының дəрігері — Самал Исабекова. Самал ханым денсаулық күтімі, емделу түрлері сонымен қатар, кейбір аурулардың алдын алу, жалпы медициналық көмектер турасында сөз қозғады. Самал Исабековадан кейін, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кəсіптік бюросының төрағасы — Шұғыла Бүрлібаева сөйледі. Шұғыла Мейрамбекқызы Студенттердің құқығын қорғау жəне əлжуаз топтағы студенттерге қолдау көрсету жайын баса назарға алу керектігін толықтай атап көрсетті.
Куланов Исмаил — IT саласының маманы, «Туынды» медиа компаниясының жетекшісі, жас кəсіпкер, сөз барысында Елбасы жолдауындағы
«IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керек»- деген Приезидент идеясының жастарға жаңа серпін болатындығын атап өтті.
Аян Темірбек — ҚР Ұлттық кітапханасының мəдени бағдарламалар қызметінің жетекші маманы жастар арасындағы кітапқа деген қызығушылықты арттыру жайын айтып, осы тұста атқарылатын бірқатар шаралармен және алдағы уақытта электрондық оқулықтардың шығарылатындығын атап айтты.
Биылғы Жолдауында Үкімет басшысының тың идеялары жастарға өте тиімді болары сөзсіз. Жастар-қай замандада мемлекеттің қозғаушы күші, ұлт болашағы.
Еліміздің əрбір азаматы қай уақытта да елі үшін, жері үшін қызмет етсе, ал жастарымыз білім жолын қуып, еңбек қоғамына араласса Егеменді еліміз бұданда биік белестерді бағындырып, бай қуатты мемлекетке айналары сөзсіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ