ҚазҰУ-да «Каспер зертханасының» ақпараттық қауіпсіздік орталығы ашылды

0
1470

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа білім мен инновацияның, ғылым интеграциясы және өндіріс пен білім берудің ірі орталығы ретінде ҚР Президенті Н.Назарбаев алға қойған «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» жоспарын іске асырудың негізгі тапсырмаларын белсенді орындауда.

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделгені белгілі. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жолдауда көрсетілген негізгі міндеттің бірі ретінде ғылыми зертханалардың санын көбейтіп, сапасын арттыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Осы мақсатпен  ҚазҰУ -да «Каспер зертханасының» ақпараттық қауіпсіздік Орталығы ашылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Лаборатория Касперского» АҚ арасында қол қойылған келісім-шартқа қол қойылды және ақпан айында семинар өтті.  Онда Мәскеуден шақырылған мамандар IT технологиялардың қауіпсіздік жүйесі тақырыбыны арналған дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылып, үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен Орталық Азияның жоғары оқу орындарының ішіндегі алғашқылардың бірі ретінде біздің еліміздің əлемнің 30 дамыған елі қатарына кіруіне өз үлесін қосатын болады.

Адилжанова С.А.

Темірбеков А.Н.

Бурлибаев А.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ