Кітап оқудың 7 артықшылығы

0
2532


Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, өмір бойына ақылдың анықтылығын сақтап қалу үшін миды үнемі дамытып отыру керек. Ал, миды дамытудың ең жақсы тәсілдерінің бірі — кітап оқу. Қазіргі таңда адамдар бос уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіде өткізеді. Соның әсерінен виртуалды өмірге байланып, шынайы өмірді ұмытып жатады. Алайда, кітап оқитын адамдардың табысты мансап құруға толық мүмкіндігі бар екенін ешкім жасыра алмайды. Осы себепті, мен бүгін сіздерге кітап оқудың пайдасы жайлы баяндайтын боламын.

1.Кітап оқу сіздің сөздік қорыңызды молайтуға көмектеседі.

Кітап оқу арқылы біздің сөздік қорымызға бірнеше мың сөз қосылуы мүмкін.Мысалы:әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқығанда күнделікті сөйлеуде қолданылмайтын сөздерді кездестіріп жатамыз. Егерде кітаптағы сөз бізге мүлдем түсінікті болмаса, оның анықтамасын сөздіктен іздейміз.Осылайша терминнің мағынасымен танысамыз. Оған қоса әр кітапты оқыған сайын бірнеше жаңа сөздерді есітіп, сөздік қорымызды дамытып отырамыз. Дегенмен кітап оқу сөздік қорын дамытып қоймай, жалпы сауаттылықты да арттыруға көмектеседі.

2.Оқу сізге адамдармен тез тіл табысуға көмектеседі

Кітап оқу сауаттылықты ғана емес, сөйлеу қабілетіңізді де арттырады.Оған қоса, өз ойларыңызды анық және нақты жеткізуге ықпал етеді. Мысалы: көркем-әдебиет жанрында жазылған бірнеше кітапты оқысаңыз, сіздің әңгімелеу қабілетіңіз артқанын байқайсыз. Және де мүлдем оқымайтын адамдарға қарағанда, қызықты сұхбаттасушы бола бастайсыз.

3. Оқу сенімділікті арттырады.

Кітаптарды оқу сіздің сенімділігіңізді арттыруға көмектеседі.Біз әңгімелесу кезінде тақырыпты терең білетін болсақ, өзіміздің білімді екендігімізді сезіне аламыз.Және де кітап оқыған адамдар өзгелерге қарағанда білімді болатынымен ешкім дауласа алмайды.Өйткені білімнің барлығы дерлік кітаптан алынады. Ал сіздің біліміңізді басқалардың мойындауы өзіңізге деген сенімділігіңізді арттыруға көмектеседі.

4. Оқу стрессті азайтады.
Қазіргі таңда әлемде стресстен арылу көптеген адамдардың басты мәселесі болып табылады. Бұл мәселеден арылуға сізге кітап өз көмегін тиг.ізеді.Себебі кітап мәтіні психиканы тыныштандырып, денені күйзелістен босатуға бейім.Төсекке жатар алдында кітап оқуды әдетке айналдыру сіздің ұйқыңыздың тыныш болуына өз әсерін тигізеді.Оған қоса оқу ұйқыны жақсартады.Егер сіз төсек орынға жатар алдында кітап оқитын болсаңыз, миыңызға ұйықтау керек деген сигналбарады.Және де тез уақыт ішінде сіз ұйықтап қаласыз.Шындығында көптеген жүйке аурулары ұйықысыздықтан туындайды.Сол сбепті мамандар ұйқыға жатар алдында кітап оқуға кеңес береді.Ал, кітаптан пайдалы мәліметтер алу үшін оны таңғы уақытта оқығаныңызжөн.Өйткені, таңғы уақытта адамның миы көптеген ақпараттарды тез қабылдай алады.

5.Оқу есте сақтау және ойлауды дамытады
Кітап оқудың маңызды артықшылықтарының бірі- оның біздің ойлау қабілетімізге оң әсер етуі.Кез-келген кітапты оқу кезінде біз шығарманың идеясын түсіну үшін ойланамыз.Және де шығармадағы бөлшектерге мән береміз.Мысалы: кейіпкерлер. олардың киімдері және мінез-құлықтары т.б.Сондай-ақ кітапты түсіну үшін бізге шығармадағы көптеген заттарды есте сақтау қажет болады. Ал, оларды есте сақтау біздің жадымызды дамытуға оң әсерін тигізеді.

6.Кітап оқу- альцгеймар ауруынан сақтайды
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, кітап оқыған кезде мидың белсенділігі артатын дәлделденген. Және де кітап оқу мидың жағдайы жақсарып, альцгеймар ауруына шалдығудан сақтайды екен. Альцгеймар — ми қызметінің жоғалуы. Яғни, ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды.Жоғарыда аталған ауру түрі көбіне 65 жастан асқан адамдарда байқалады. Қарияларда бұл процесті «алжыды» деп жатады.Ал, бұл құбылыс медицина тілінде «альцгеймар» деп аталады.

7. Кітап оқу-шығармашылық қабілеттерді дамытады
Кітап оқу-адам бойындағы жасырын қабілеттерін ашады. Шығармашылықпен айналысатын адамдар үнемі жаңа идеяларды ойлап тауып, өзін жан-жақты жетілдіріп отыруға бейім болады. Ал. олардың жаңа идеяларды қайдан алатынын білгіңіз келеді ме? Онда сізге кітап оқуға кеңес береміз.Сіз кез-келген шығарманы оқи отырып, сол жерден идеяны таба аласыз.Алайда оның жүзеге асыру немесе асырмау тек өзіңізге байланысты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ