Қол гранаттары

0
5842

Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары.\r\n

    \r\n

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды РГД – 5 РГН,РГО,Ф-1 қол гранаттарымен таныстыру.
  2. \r\n

\r\nОқушыларға ҚР ҚК атыс қарулары жөнінде мағлұмат беру\r\n\r\nДамытушылығы: Қол гранатының ұрыстық қасиеттері, негізгі бөліктері туралы ұғымдарын кеңейту.\r\n\r\nТәрбиелік мақсаты: Оқушылардың Отан қорғауға деген сезімін ояту\r\n

    \r\n

  1. Уақыты: 45 минут.
  2. \r\n

  3. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
  4. \r\n

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
  6. \r\n

  7. Сабақтың барысы:
  8. \r\n

\r\n   а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.\r\n\r\nВзвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.\r\n\r\n       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.\r\n

    \r\n

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?
  • \r\n

  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?
  • \r\n

  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.
  • \r\n

  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?
  • \r\n

\r\n     б) Негізгі бөлім – 25 минут.   \r\n\r\n Қол гранаттары. РГД-5 қол гранаты.\r\n\r\nЖарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.\r\n\r\nҚазақстан армиясының қарулануында:\r\n

    \r\n

  • РГД-5 қол гранаты;
  • \r\n

  • РГН және РГО-қол гранаты;
  • \r\n

  • Ф-1 қол гранаты бар.
  • \r\n

  • Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО — қорғаныстағы гранаттарға жатады.
  • \r\n

\r\nҚол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.\r\n\r\nРГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.\r\n\r\nГранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.\r\n\r\nГранаттың құрылысы.\r\n\r\nРГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.\r\n\r\nГранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.\r\n\r\nКорпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.\r\n\r\nКорпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.\r\n\r\nЖарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.\r\n\r\nГранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.\r\n\r\nСоққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.\r\n\r\nБағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.\r\n\r\nҰрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.\r\n\r\nАғытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.\r\n\r\nӨздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.\r\n\r\nБаяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында — капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.\r\n\r\nБаяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.\r\n\r\nКапсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.\r\n\r\nТұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады.\r\n\r\nГранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері\r\n\r\n мен механизмдерінің жұмысы.\r\n\r\nГранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.\r\n\r\nГранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.\r\n\r\nИінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.\r\n\r\nКапсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.\r\n\r\nФ-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.\r\n\r\nГранаттың құрылысы.\r\n\r\nФ-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.\r\n\r\nГранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы   РГД-5 гранаты сияқты.\r\n\r\nГранаттарды қолдану, күту және сақтау.\r\n\r\nГранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.\r\n\r\nЖауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.\r\n\r\nГранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.\r\n\r\nГранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.\r\n\r\n Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары.\r\n

    \r\n

  • үйренуші болат дулыға киюі қажет;
  • \r\n

  • гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;
  • \r\n

  • қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
  • \r\n

  • бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
  • \r\n

  • егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.
  • \r\n

  • жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
  • \r\n

  • қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;
  • \r\n

  • гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:
  • \r\n

  • гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;
  • \r\n

  • гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.
  • \r\n

\r\n     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.\r\n\r\n         Сұрақтар мен тапсырмалар:\r\n

    \r\n

  • жарықшақты қол гранаттары неге арналған?
  • \r\n

  • ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?
  • \r\n

  • РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.
  • \r\n

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ