Көне кітап — асыл қазына

0
1798

Маңғыстау облысының тұрғыны, өлкетанушы Қалдыбек Кенжебаев көне діни кітаптардың ғасыр аралығын байланыстырып қайтадан жарыққа шыққан

Табылған кітаптардың  ішінде Муххамад Юсуф Хimg-20161104-wa0003
афта әт-тахлид, Мухаммад ибн Имам Газали, Хожа Хафиз Ширанидың еңбектері бар.  Қожа Ахмет Яссауиді
ң  шағатай тіліндегі қолжазба көшірмесі де Қалдыбектің тапқан киелі қазынаның ішінен шығыпты.

«Бұл кітаптардың табылуы біздің өңірде үлкен діни медреселердің  болғанын, онда мыңдаған шәкірттер оқып білім алғанын білдіреді. Көне жәдігерлерді ел ауызында жүрген  Сұлтан ахун, Қараш-Құлбас ишанның артында қалған  дүниелері-ау деп болжаймын.  Бұл әзіз жандар өткен img-20161124-wa0003ғасырдағы 20 жылдары қуығындалып, елден үдере көшкен екен»-дейді Қалдыбек Кенжебаев.

Сұлтан ахунның Ақтөбе облысында Ащыбұлақ деген жерде медресесі болған. 1933 жылы Амударияның жағасындағы Ходжейлі деген жерге қашып барып, сол жақта дүниеден өтеді.  Бұл қазіргі Қарақалпақ жері.

«Алғашқы рет 2004 жылы 28 қыркүйекте Мұқағали ағаммен бірге кездейсоқта қазынаның үстінен түстім. Таудың етегінде шеті ашылып жатқан қағаздығ айналасын қазып көргенімізде жылқының терісіне салынған теңді
аршып алдық. Ашып қарағанда ішінен бірнеше кітап шықты. Кейбірінің басқы беттері жаңбыр мен қардың суымен тозып, мүжілген. Кітаптардың  жазуы көмескі болса да оқуға болады. img-20161122-wa0003Соңғы кезде осы кітаптарды оқып, тәржімалауға тырысып жүрген жайым бар» дейді Қалдыбек.

Қалдыбек Кенжебаев екінші мәрте кітап қоймасын Мағыстау облысы Бейнеу ауданына 25 шақырым жердегі Қарабұлақ тауынның етегінде жасырылған жерінен тауып алады. Мұндағы олжа да айтарлықтай маңызды болып шықты. Марғинанидің «Хидайа» кітабының бес томдығы.

«Ширазидің еңбектері сопылықтың бірінші кезеңінде, Марғинанидің «Хидайа» кітабының бес томдығы медреселердің соңғы кезеңінде оқытылған.  Бұл кітаптардың  адам аяғы жетпес жерлерге жасырылуының бірнеше себебі бар.Біріншіден,  медресе ұстаған  молдалардың елден қашуы болса, кеңестік img-20161122-wa0012
кезеңде бір парақ арабша жазылған қағаз үшін түрмеге жауып, жаза кескен. Сол себепті де білімдар адамдардың діни кітаптарды көмуіне тура келді» дейді шығыстанушы Әшірбек Муминов.

Табылған кітаптардың ішіндегі тағы бір құнды дүние Қожа Ахмет Яссауидің Хикметінің қолжазбасы екен.

«Қолжазбаның басқы бетінде  «…Сұлтан әулие рахметуллахи алеик. Сұлтан Қожа Ахмет былай деп айтты-дүрлар. Кім бізден соңыра ақырғы заман жақын болғанда, сол кездің молдалары пайда болады, ібіліс лағин олардан сабақ алады және барлық халық оларға бой ұсынғай және шәкірттерін  басқара алмағай… деп жазылыпты. 1-хикметті де өздігіммен аударып көрдім.

«Биссмилла ден баиан қылып хикмет айттым,
Тәліптерге  білім нәрін шаштым міне,
Риязатты қатты тартып қандар жұтып,

Мен даптери сәни  сөзін аштым, міне- деп келеді. Бүл мәтінді көптеген аудармашылардың аударғанны білеміз. Сонда да ескі қолжазбадан қайтара оқып, қасиетті жазулардың сырына үңілгеннің бағыты бұйырғанына қуаныштымын» дейді Қалдыбек.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ