Университеттердің білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру

0
1080

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамын орындауға бағытталған  «Университеттердің білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру» атты 47-ші халықаралық конференция өтті.
Конференцияны ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов алғашқы болып сөз сөйлеп, ашып берді. Конференция барысында ҚР Білім және ғылым Министрлігі «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ Департамент директоры Елдос Нұрланов «Қазақстан білім беру жүйесіндегі Көптілдік ұйымы: халықаралық тәжірибе және Қазақстанға арналған ұсыныстар» тақырыбында баяндама оқып, еліміздегі үштілділік үдерісінің деңгейі мен даму салдарына тоқталды. Оңтүстік Орал мемлекеттік университеттің ректоры Александр Шестаков «Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасының тұжырымдамалары мен негізгі аспектілері», ҚБТУ-дың академиялық және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры Тимур Умаров «IT – бағыттағы ағылшын тілінде оқытудың білім бағдарламаларының іске асырудағы ҚБТУ тәжірибесі» сынды жобаларын көрсетіп, қазақстандық жоғары білімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, ғылыми зерттемелер мен тәжірибе алмасу жайына тоқталды. ҚР Білім және ғылым министрілігі Болон процесі және академиялық орталығының Талдау және әдіснама басқармасының бас сарапшысы Юлия Идитова «Білім беруді интернационализациялау аспектілері: академиялық ұтқырлықты тәжірибеде іске асыру» тақырыбында баяндама жасап, білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасын басқару мен бақылау және жүзеге асыру мәселелері жөнінде тұжырымды ой-пікірін білдірді.

Республикалық ғылыми-әдістемелік мәжілісте отандық оқу орындарының хал-ахуалы ғана айтылып қоймай, білімді арттыру жайында білікті мамандар ұсынысымен толықты. Әрі қарай пленарлық отырыс ақпараттық-коммуникативтік технологияларды білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін көтеру, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі сынды мәселелер қозғалған секциялармен өз жалғасын тапты.

Адилжанова С.А.

Рахимжанова Л.Б.

Баймулдина Н.С.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ