КӨСІЛІП СӨЙЛЕУГЕ МҮМКІНДІК АЗ…

0
2457

КӨСІЛІП СӨЙЛЕУГЕ МҮМКІНДІК АЗ…\r\n\r\n \r\n\r\nБіздің  мемлекетімізді қай саласынан  алып қарасаңызда батысқа еліктеп жатыр. Медицина, әскер, білім деп санай берсең, саусағың жетпейді. Мен  тілге тиек еткелі отырған сала- білім. білім  көкжиегіне  біраз жылдан бері  шетелдік бағдарламалар ене бастады. Оның дұрысы да бұрысы бар. Бірақ оны ешкім екшеп,өлшеп, елеген жоқ. Бұйрықпен  біліми жүйеге енгізді. Ол- кредиттік  технология. Балондық  процесс. Бұл  жүйе  гуманитарлық  бағыттағылар  үшін өте қиын. Әсіресе, филологтарға. Біз  шет жағасын көріп, зардабын шеккеннен  кейін  ой қозғап отырмыз. Әсте  тіл мен сөз мамандары жазып, сөйлеп жұмыс жасайды. Бізге  енді  шығармашылықпен  еркін айналысуға  мүмкіндік жоқ. Жолымызды  бөгейтіні  есепке қисынсыз  кредиттік  сағаттар  саны  мен  өзіндік  жұмыс тапсырмалары. Мысалы, дәріс 30, семинар 15 сағат болады. Лекцияны  жазуға сағат көп бөлінген, ал оны айтуға, түсіндіруге  бар болғаны аптасына 1 сағат. Кредиттік  технология- ұтқырлық  пен жылдамдықты талап етеді. Филологтар  математик  емес қой есеп шығаратын. Біздің  жұмысымыз- көсіліп сөйлеу, әдеби теңеулерді дұрыс қолдану, мәдениетті, шешен сөйлеуге дағдылану, салиқалы болу, сыни пікір білдіру, оқырманның  жүрегін елжіретер  шығарма тудыру.\r\n\r\nУақыт  өте келе   атқаратын  міндетіміз  азайып қалар ма деп қорқамын!Өйткені,біздің  ел  компьютер басты ұрпақ  тәрбиелеп жатыр.  Тілмен  жұмыс жасауға  мүмкіндік  аз.\r\n\r\n \r\n\r\nЕлдос ТОҚТАРБАЙ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ