Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі

0
3973

 \r\n\r\nКонституциялық құқық ғылымы барлық құқықтық, заң ғылымдарының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз кезегінде қоғамдық ғылымдар жүйесіне кіреді. Конституциялық құқыққа ғылым ретінде өзінің пәні, деректемесі, оны зерттеудің өзіндік жолы тән. Конституциялық құқық ғылымы салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесідегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туралы, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.\r\n\r\nАталған гылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін реттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық-құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс-жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдқ қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырмауы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.\r\n\r\nКонституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын зерттеу жатады.\r\n\r\nКонституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді зерттейді. Ол оларды социологиялық, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидаларға сүйене отырып зерттеледі. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағтын ашып көрсету, іс-жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге заңдылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды,сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелелін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, биліктің бөлінуі, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ