Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген пластмасса ыдыстарын ажырата білеміз бе?

0
5545

 

Пластмасса өнімдерінің  химиялық ерекшеліктерін ажырата білудің күнделікті тұрмыстағы  маңызы

Пластиктің таңбалануын дұрыс ажырата білуді үйренейік. Егер сіз көптен бері «жасыл өмір» ұстанымдарын ұстанып жүрсеңіз, сізге күнделікті тұрмысыңызда пластикалық ыдыстардың қолданылуынан бас тарту оңайға соқпас. Пластмасса өнімдерінің біздің тұрмысымызға кірігіп кеткені соншалық біз ендігі өмірімізді әртүрлі контейнер-бөтелкелерсіз елестете алмаймыз. Өнімнің танымал болуының құпиясы: қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және салыстырмалы арзандығы, бір сөзбен айтқанда өндірістің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қоса пластиктің зияны туралы әрқайсымыз құлағдармыз. Әңгіме өнімді қалай пайдалану керектігінде ғана емес (бұл да маңызды мәселе). Пластиктің адам организмі үшін аса зиянды екендігінде. Бір қарағанда сатушылардың сендіруіне қарасақ, пластмассалардың еш зияны жоқ. Бірақ шын мәнінде пластик расыменде адам организміне орны толмас қауіп әкеледі. Бұл ғалымдардың зерттеулерімен бірнеше мәрте дәлелденді, оны өз тәжірибеңізден өткізу жақсы шешім емес. Пластик өнімдерінен түбегейлі бас тарту жақсы идея, дегенменде бұл мүмкін емес. Бір ғана шешім бар – бұл пластик өнімдерін тұтынуды азайту. Ол үшін сатып алғалы жатырған тауарыңызды мұқият қарап алыңыз. Кез-келген өнімде тауар өндіруші пластиктің қандай өнімнен алғандығы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс.  Арнайы таңбалардың болмауы – бұл өнімнің сіздің денсаулығыңыз үшін шектен тыс зиянды екендігінің нақты дәлелі бола алады. Ал таңба үшбұрышты үш сызықшамен белгіленеді. Фигураның ішінде орналасқан цифр және таңба пластмассаның қандай типіне жататындығын көрсетеді.

Пластмассаның түрлері және таңбалануы

№ 1 (PETE немесе PET) – полиэтилентерефталат. Ең көп таралған пластиктің түрі. Әртүрлі салқын сусындардың, кетчуптің, өсімдік майларының косметика құралдарының тасымалы және т.б. заттардың тасымалы үшін пайдаланылады. Ең керемет жері өнімнің арзандығында. Осы түрінің аса танымал болуы өндіру үшін көп шығынды қажет етпейді. Мұндай өнімді тек бір ақ рет пайдаланған абзал. Екінші ретті пайдаланған жағдайда бөтелке немее қорап – фталат деген зиянды затты бөліп шығарады (улы, жүрек-қан тамырларының және жүйке жүйесінің жұмысы ауруларын тудыруы мүмкін, улы).

 Қайта өңдеуге жатады, қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар Европа және АҚШ да аталмыш пластик түрінен балалар ойыншығын дайындауға тиым салынған.

№ 2 (HDPE немесе PE HD)  – жоғарғы тығыздықты полиэтилен. Салыстырмалы түрде арзан, температура әсеріне тұрақты. Мұндай пластик, пластик пакеттерін, бір реттік ыдыстарды, тағамдық контейнерлерді, сүт пакеттерін және жуғыш заттардың ыдыстарын әзірлеуде пайдаланылады. Қайтадан өңдеуге жарамды, екінші ретті пайдалануға болады. Салыстырмалы түрде зиянсыз, бірақ формальдегид бөлуі мүмкін (жүйке жүйесін, тыныс жолдарын және жыныс жүйесін зақымдап, ұрпақтың генетикалық ауытқуларын тудыруы мүмкін).

№ 3 (PVC немесе V) — поливинилхлорид. Пластиктің бұл түрі техникалық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, пластикалық терезелерді, жиһаз элементтерін, төсеніштерді, техникалық сұйықтықтарға және т.б. заттарға арналған ыдыстар жасауда. Тағамдық мақсатта пайдалануға болмайды. Пластик құрамында бисфенол А, винилхлорид, фталаттар, және кадмий бар. Пластмассаның ең қауіпті түрлерінің бірі болып саналады. Өртеген кезде ауаға қауіпті – канцерогендік диоксиндер бөледі.

№ 4 (LDPE немесе PEBD) – төменгі тығыздықты полиэтилен. Көпшілікке пакеттер, қоқыс қаптары, компакт-дискілер және линолеум арқылы танымал. Осы түрдің көп таралуының себебі оның арзандығында. Салыстырмалы түрде қауіпсіз. ПЭТ-пакеттер адамдар үшін тіпті қауіпсіз (бірақ олардың қоршаған ортаға әсері туралы ұмыстпағанымыз жөн). Кейбір жағдайда ғана PE-LD түрі формальдегид бөліп шығарады. Қайта өңдеуге және екінші ретті қолдануға болады.

№ 5 (PP) – полипропилен.  Берік әрі ыстыққа төзімді. Тағамдық контейнерлер, шприцтер және балалар ойыншықтарын жасауда қолданылады. Салыстырмалыы түрде қауіпсіз бірақ кейбір жағдайларда формальдегид бөлуі мүмкін.

№ 6 (PS) – полистирол. Пластиктің бұл түрін ет және сүт өнімдерін сататын жерден көре аласыз. Бұл заттан йогурт стақандарын, ет салатын сөрелерді, жеміс-жидек пен көкөніске арналған қорапшаларды, сэндвич-панельдер және жылуоқшаулағыш плиталар жасайды. Қайта өңдегенде канцероген болып табылатын стирол бөледі. Мамандар шама шарқынша бұл затты пайдаланбауға және пайдалануды мейлінше шектеуге кеңес береді.

№ 7 (O немесе OTHER) – поликарбонат, полиамид және пластмассаның өзге де түрлері. Бұл топқа жеке дара нөмір алып, нөмірленбеген пластмасса өкілдері кіреді. Бұл заттардан кішкентай балаларға арналған бөтелкелер, ойыншықтар, суға арналған бөтелкелер, қаптамалар жасалады. Жиі жуғанда және қыздырғанда адам ағзасына гармональды зақым келтіретін – бисфенол А затын бөледі[1].

Ендігі кезекте бисфенол – А, химиялық затына тоқталсақ.

Бисфенол А – (4,4′-дигидрокси-2,2-дифенилпропан, техникалық дифенилолпропан, диан, ДФП)  ақ түсті, көбінесе түйіршікті күйде болатын химиялық зат. Ең алғаш орыс химигі 1891 жылы Александр Дианин ашты.

Физикалық қасиеті: 20 С температурада, тығыздығы 1037,6 кг/м3. Суда өте нашар ериді. Ацетон, этил спиртінде, диизопропил эфирінде ериді.

Сақтық шаралары

Тірі ағзаларға әсер ету мүмкіндігіне қарай зиянды заттардың 3ші  дәрежесіне жатқызылады(МЕМСТ 12.1.007 зиянды заттарға жатады).  ДФП мен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтап, қорғағыш қолғап, маска-көзілдірік, қорғағыш киім кию керек. Өте көп мөлшерде ДФП көздің, тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығын зақымдайды, теріге көп уақыт әсер еткенде – дерматит, онкологиялық аурулар, қант диабетін, семіздік және аутизм ауруларын тудыруы мүмкін.  Көз бен теріге тиген кезде дәрігерге қаралу қажет.

Қолданылуы

50 жылдан бері бисфенол А ны пластмассаға беріктік қасиет беруі үшін пластмассаның негізіне қосады. Эпоксид смоласының және поликарбонаттың көп бөлігін құрайды. Поликарбонаттық пластиктен су және сусындарға арналған ыдыстар, спорт инвентарі, медициналық құралдар, тіс пломбалары және герметиктер, CD және DVD, сонымен қатар тұрмыстық техника жасалады. Бисфенол А қауіпті болғандықтан Жапонияда барлық эпоксид смолаларын полиэтилен қабықшаға ауыстырылды.

Пластмассаның құрамындағы бисфенолды анықтау.

Құрамында Бисфенол А болуы мүмкін пластиктің түрлері.

Пластиктіктің тек 7 түрі ғана анықталған. 7 түріне «РС» поликарбонаттар және эпоксид шайыры жатқызылады.  Бисфенол А болуы мүмкін пластмасса түрлеріне:

3 (ПВХ, латын әріптерімен PVC).

Бисфенол А болмайтын пластмассалар:

1 (ПЭТ, таңбалануы PET)

2(жоғарғы тығыздықты полиэтилен, HDPE немесе PE-HD деп таңбаланады),

4 (төменгі тығыздықты полиэтилен, LDPE немесе PE-LD деп таңбаланады),

5 ( полипропилен, РР деп таңбаланады),

6 (полистирол, PS деп таңбаланады).[2]

Жоғарыда аталған заттар пластмасса өнімдерінің құрамында көмекші қызмет атқаратын құрамдас бөліктері болып табылады. Пластиктің өзі адам үшін қауіпсіз болғанымен құрамдас бөліктері адам ағзасына білінбейтін қауіп төндіреді. Әрине сіз пластиктің кез-келген түрін пайдаланып, ешқандай ауырсыну жағдайларын сезбеуіңіз мүмкін. Бірақ бұл дегеніміз қауіптін бар екендігін жоққа шығармайды. Себебі «бүкіл пластмассалық зиян» күндердің бір күніңде белгі беруі мүмкін. Сол кезде, қартайған шағыңызда осыншама көп аурулардың қайдан пайда болғанын түсінбей дал боласыз. Одан да қорқыныштысы, бұл аурулардың сіздің ұрпағыңыздан табылуы. Сол себептен де пластик өнімдерін тұтынуда мынадай кеңестерге назар аударыңыз:

  • пластикті тұтынуды барынша азайтуға бар күшіңізді салыңыз;
  • сіздің ас үйіңіздегі барлық пластмассалық ыдыстарды қоқысқа лақтырып тастаңыз;
  • балмұздақтан және тосаптан қалған пластик қалбырлардыеш уақытта үйде ұстамаңыз;
  • балалар бөтелкелері мен тамақтандыруға арналған пластик ыдыстардың таңбалануына мұқият болыңыз;
  • жұмысқа түскі ас таситын контейнеріңізді жиі ауыстырып отырыңыз;
  • ең сапалы деген контейнердің өзі сізге бір айдан артық қызмет етпеуі керек;
  • пластикалық ыдыстарды сатып аларда иіскеп қараңыз.

Кішкентай жағымсыз иістің өзі тауардың сапасыз екендігінен хабар береді. Барынша мұқият болыңыз және осы кеңестерді естен шығармаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Материал авторы: Жәнібек Сүтенов


ПІКІР ҚАЛДЫРУ