Күз — береке бастауы (Шығарма)

1
11644

 

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан» — деп жаңбырлы күз де келді мінекей! Күз мезгілінде жауын- шашын көп болады. Бұл егіннің дамуына үлкен септігін тигізеді. Күн де суыта бастайды. Күн райының өзгергенін көрген құстар да жылы жаққа ұшып бара жатыр.Адамдарда жаздағы жеңіл, жұқа киімдерін қалыңдау киімге ауыстырды.Жеміс-жидектер де піседі. Халық молшылықта өмір сүре бастайды. Неше түрлі тағамдар пісіріліп, әр үйдің әр күні мереке болады. Балаларда қуанады. Кішкентай баланың күлкісі, бүкіл әлемді жайнатады. Біз табиғаттың жемісінде, киімінде, тамағында жалпы айтқаанда барлық тұрмыстық заттарды аламыз. Табиғатты дана қазақтар «Жер-Ана» деп атаған. Мііне астыққа деген береке қайда жатыр десеңші. Шіркін-ай, жемістердің арасында керемет, денсаулыққа пайдалы жемістерді жеп, рахаттансаң ғой.Жыл мезгілдерінің ішіндегі молшылығымен арта түсетін осы күз. Берекелі күз…Неткен әдемі есім. Күздің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Айнала сап-сары арасында қызыл-сары түстегі керемет нүктелер бар. Тап  бір от жанып жатырған секілді.Алма, алмұрт ағаштарында қызарып піскен жемістер ілініп тұр. Күн жаңбырлы, балалар шалшық сумен ойнап жүр. Қуаныш деген осы емеспе?… Астыққа толған қамбалар мінекей менің көкейімде жатырған күз табиғаты мен берекесі маған осылай елестейді!!!

 

 

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің оқушысы Тілепі Інжу


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ