«Күз ханшайымы» атты ертеңгілік

0
5446

Құрметті ата — аналар, ұстаздар,қадірменді қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің «Күз ханшайымы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Біз ертеңгілігімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Досыбай Роза Есентайқызына, шағын орталығымыздың әдіскері Ысмайл Айтолқын апайымызға

Құттықтау сөз кезегін береміз!
Тәрбиеші:  Ата — ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың аналарымен бирге сайысканына , бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ — қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы — Жанашев Самат ағайымыз
    2.  Даярлық тобының сынып жетекшісі – Мықтыбаева Қалдықыз апайымыз
    қол соғып қошеметтеп қояйық!

Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы бүлдіршін аруларымызды, аналарымен, апкелерімен  шақырамыз. Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып — тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қош еметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Менің ата — тегім. (Өзін — өзі таныстыру.)
2. Әнші болам өскенде (Өз өнері)
3. Менің балабақшаға сыйлығым (Қол өнері)
4. Күзгі сән үлгісі (Мен күз ханшайымымын)
6. Ситуациялық сұрақтар (Аналарымен, әпкелеріне)
Тәрбиеші: біздің ару қыздарымыз дайындалып болғанша, қатысушы аруларға арнап, тобымыздың бүлдіршіндері тақпақ тарын арнайды:

Ерасыл:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Мерекесін сыйлауға

Шақырады біздерді

Ой, балалар,балалар

Қоңырқай күз келді

Гүл жапырағы солыпты

Ел егінін орыпты

 

Әділет :

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал-терек

Жапырағын жұлғызып

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

 

Шұғыла:

Салем өрен достарым

Алақанды қос барің

Қымбатты сый алыңдар

Қызығыма қаныңдар

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Кел күз тойын тойлайық

Би билейк, ойнайық

 

Дамир:

Алтын күз әсем айналам

Қараймын көзім талғанша

Жақын қалды желтоқсан

Жабырқайды жапырақ

 

Нұрасыл:

Кездескен соң күзіммен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ, сары – алтын

Айналаның бәрі алтын

 

Димаш :

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Аспанға өрледі

Құстарда ән салып

 

Аян:

Біз адепті баламыз

Жайнай берсін даламыз

Табиғатпен дос болып

Қамқорлықпен қарайық

 

Санжар:

Сап – сары маңай

Сап – сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

 

Раяна:

Алтын, сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

 

Медет :

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

 

Дияс:

Әуенге еріп сыйқырлы

Айтылды ән болып сыр қилы

Күзгі әуені жастардың

Журегіне нұр құйды

 

 

 

Қарақат:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

 

Ж.Дияс:

Қарашы күз келді, куз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізбегі

Қара бұлт қабағын түеді

 

Қарақат:

О,алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың алаша

Аунарма едім,жатып ап!

 

  1. «Әнші болам өскенде»Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)
    Әділ — қазылардың берген бағасы.
  2. «Менің балабақшаға сыйлығым» (ата — аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
    Арулар жасаған жұмыстарын әділ — қазыларға ұсынады.

Енді кезекті номеримиз. Аруларымызға арналады .

«Балапандар биі».

Әділ — қазылардың берген бағасы.

4. «Мен күз ханшайымымын» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ — қазылардың берген бағалары.
Тәрбиеші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
— дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ — қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларымыздың биіне кезек береміз

«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға атақтар беріліп, мақтау грамотасымен марапатталады.

 

Ертеңгілікті өткізген Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған шағын орталық тәрбиешісі Мырзатаева Жанар  Ганиевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ