Квадрат теңдеулер

Ондық бөлшектерді қосу тақырыбына есептер шығару (сабақ жоспары)
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Квадрат теңдеулер

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Квадрат теңдеудің анықтамасын біледі.

Көпшілігі: Квадрат теңдеудің анықтамасы туралы ортақ тұжырымға келеді.

Кейбірі: Квадрат теңдеу туралы өз ойын түсіндіреді.

Бағалау критерийі

  • квадрат теңдеудің анықтамасын біледі, коэффиценттерін анықтайды;
  • квадрат теңдеу құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың пәндік және тілдік мақсаты:  Квадрат теңдеудің формуласын жазады,анықтамасын тұжырымдайды. Тақырыпты топта талқылап, өзгенің пікірімен салыстырып, өзіне және өзгеге баға бере алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: «коэффицент», «бос мүше», «айнымалы»

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: …түріндегі теңдеу квадраттық теңдеу деп аталады, жазылым бойынша ұсыныстар: коэффицент дискриминант, түбір.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы негізінде «Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана», қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы азаматтың жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастыққа қол жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау. Дені сау бәсекелестік қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Информатика пәнімен «iTest», «Bilimland» ақпараттық білім беру порталы арқылы оқушылардың бойына ақпараттық коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы білім

Теңдеу, Дәреже. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Әр ұлттың амандасуы»

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасының 5-міндетінде Отандық мәдениет 6 тілде сөйлеуі тиіс- деп атап көрсеткенін негізге ала отырып, сабағымыз әр елдің амандасу салтымен басталады.

Қазақтар – қол алысады;

Итальяндықтар – «құшақтасады»;

Бразилиялықтар – «бір-бірінің иығын қағады»;

Македониялықтар – шынтақпен;

Никарагуалықтар – иықпен амандасады;

Австралиялықтар- шапалақпен амандасады.

Түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы топтастыру, топқа бөлу.

Мақсаты: Ұйымшылдыққа, ынтымақтаса, бірлесе отырып жұмыс жасау арқылы, нәтижеге қол жеткізу.

Кері байланыс: «Бір қадам артқа»

Мақсаты: Ой қозғау, сабақтың оқу мақсатын айқындау. Оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» сабақ соңында күтілетін нәтижелермен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Ширату жаттығуы: «Өзіңді тексер» әдісі арқылы оқушыларды ойлау қызметіне жылдам араластыру үшін және тақырыпты игеруге біртіндеп көшу мақсатында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерінің бірі «Иә, жоқ» қолданылады. Осы әдіс арқылы оқушыларда жағдайды немесе фактілерді бағалау, ақпаратты талдау, өз ойлау дағдылары қалыптасады. «Аctivote» шебертестілеуші құрылғысы арқылы өз білімдерін тексеріп, нәтижесін көреді.Оқушылардың зейінін шоғырландырып, алдыңғы білімімен ұштастырып,бүгінгі оқу мақсатын анықтаймыз.

Мына төмендегілердің қайсысы теңдеу

Иә

Жоқ

8х2+5х+10=0

6х+7=0

3х+5=0

8а2-7=0

2х3+х-1

х2+х-4=0

2х-1=0

х2-3х4+ х -2

х2+3х-4

Алдыңғы білімді тиянақтау мақсатында оқушылармен бірге анықтау: Теңдеу туралы өз ойын түсіндіреді.

Презентация

Түрлі түсті қағаздар

Activinspire бағдарламасының «Аctivote» шебертестілеуші

Сабақтың ортасы

Жаңа білімді игеру үшін Bilimland білім беру порталында бейне жазбасы көрсетіледі.

«Ойлан-жұптас бөліс» әдісі бойынша бейне жазбасын көру арқылы жұппен өз ойын қорытып, топта талқылайды.

Оқушылар алған мәліметтерін «Серпілген сауал» тәсілі бойынша тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бір-біріне сұрақтарды лақтырады.

(Ж)1-тапсырма: «Венн диаграммасы» әдісі. Коэффиценттерін анықтау мақсатында берілген теңдеудің ұқсастығын, осы диаграммаға салып, толтырады. Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, ойлау, шешім қабылдау, креативтілік.

  1. 2-23х+15=0
  2. 2-5х+8=0
  3. -6х2-3х+5=0
  4. -2х2-3х2+8х=0
  5. -3х-6,8=0
  6. (function(){function i(e){seraph_pds.View.InitFormulas();}if(seraph_pds && seraph_pds.View)i();else document.addEventListener(‘DOMContentLoaded’,i);})()хх5..1=0
  7. -1,5х2+6=0

Дескриптор:
  • оқушылар теңдеу түрлерін біледі;
  • теңдеулерді бір-бірінен ажыратады;
  • ортақ айырмасын табады.

ҚБ:«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы жұпта тексеру.

«Неліктен» сұрақтар әдісі. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды.

(Ө,Ж) 2-тапсырма: «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жазбаша тапсырмаларды орындауда оқушылар оқып жатқан тапсырманың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкеледі.

Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім қабылдау, креативтілік.

  1. а=5, в =2,с=17
  2. а=-4, в =0,5, с=1
  3. а=6, в =-1, с=2

4) 8х2+5х+10=0

5) 11х2-3х-1=0

6) -0,6х2+13х-20=0

Дескриптор:

  • Оқушылар коэффициенттер арқылы теңдеу құрастырады;
  • Теңдеу құрастырады;
  • квадрат теңдеу арқылы коэффициенттерді ажыратады;

ҚБ:«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды

(Т) 3-тапсырма:

«Бірлесе үйрену»әдісі. Әрбір оқушы өз үлесін қосып,басқаларға өзінің білгенімен, идеяларымен, түсініктерімен алмасады. Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім қабылдау, креативтілік.

Астана қаласындағы ауданы 1500 м2 тіктөртбұрыш пішінді «Жерұйық» саябағын қоршау керек. Саябақтың ұзындығы ені нен 20м-ге ұзын. Саябақтың енімен ұзындығын пайдалана отырып теңдеу құрастырып, коэффициенттерін анықта.

Дескриптор:

  • тік төртбұрышты ауданының формуласын біледі;
  • өрнек құрастырады;
  • квадрат теңдеу жаза біледі;
  • коэффициентті көрсетеді.
ҚБ:«Бағдаршам»оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар:
  • толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;
  • түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;
  • түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді.

«Венн диаграмма

сы» слайды

Үлестірме тапсырмалары

Сабақтың соңы

Қорытынды

(Ұ) Тест. itest ақпараттық ресурсынан 5 есептен тұратын тест алу арқылы балалардың білімдерін тексеру. Интерактивті тақта арқылы өз-өздерін бағалайды.

«МТТ» рефлексиясы

Мақсаты: тақырыптың ішіндегі негізгі идеяны тұжырымдау.

Мен білетін мәлімет

Тың ақпарат

Тақырыптың маңыздылығы

Тақырыптың ішіндегі негізгі түйінді идеяны тұжырымдайды, өздері білетін мәліметтерді ой елегінен өткізіп, алдыңғы білімді тәжірибемен байланыстырады. Сол сияқты тың ақпаратты анықтау арқылы тақырыптың маңыздылығына тоқталады.

itest.kz Интерактивті тақта

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1-тапсырма:

Диалог және қолдау көрсету – Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыруда маңызды рөл атқарады.

2-тапсырма:

Диалог және қолдау көрсету- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қояды.

3-тапсырма:

Қорытынды тәсілі – барлық оқушыларға бағыттауға нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына ықпал ету.

«Мен саған, сен маған» әдісі – жұпта тапсырманың қаншалықты орындағанын бағалау.

«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды

«Бағдаршам»оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі.

Қойылған сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап беруін қадағалау.

Топтағы жұмыстарда оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін сақтау. Caбaқ бapыcындa түзу жәнe тiк oтыpулapын қaдaғaлaу, әpбip oқушының қaуiпciздiк тeхникacы epeжeлepiн caқтaуынa мән бepу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ