Кванттық механика элементтері

0
4620

Заттардың толқындық қасиеттері. Луи де Броиль формуласы. Бұрын айтылғандай  жарықтың екі жақты  толқындық ( интерференция, дифракция,  поляризация) және  эффектісі  (жарықтың қысымы ) қасиеті болатындығын білеміз француз физигі Де Броиль  жарық фотондары сияқты, электрондардың да толқындық қасиеті болады деген  болжам айтып, электрондардың толқын  ұзындығын есептеуге арналған формула  берген.\r\n\r\n1927 ж Американ физиктері Дэвиссон мен Джермер электрондар шоғын  никель кристалына  түсіріп, одан  шағылған электрондардың дифракция  құбылысын байқаған. Осы тәжірибе  Де Броиль болжамының дұрыстығын  дәлелдеп, электрондардың толқындық  қасиеті болатындығын көрсетті. Осындай электрондардың диффракциясын  орыс ғалымдары Тартаковский, Фабрикант  тәжірибе жүзінде бақылады. Жалпы алған толқындық  қасиет тек  электрондарға ғана тән емес, басқада  кез келген (протон, нейтрон т.б.) бөлшектерге де тән қасиет екендігін көреміз.\r\n\r\nЗат бөлшектерін сипаттайтын әрі  толқындық, әрі корпускалалық екі жақтылы универсалды теория деген де Бройль идеясын  көптеген тәжірибелер растайды. Анықталмаушылық  принцип классикалық физика заңдарын  микробөлшектердің күйін сипаттау үшін қолдануға болмайтындығын  көрсетті. Сондықтан  микробөлшектердің   қасиеттерін зерттеу үшін ХХ-ғасырдың бас кезінде жаңа  теория,  кванттық механика теориясы  қалыптаса  бастады. Бұл теория ұсақ бөлшектердің  қозғалу заңдары мен өзара әсерлесуі  олардың толқындық қасиеттеріне  байланысты екендігін көрсетті.\r\n\r\nТегін жүктеп алу


ПІКІР ҚАЛДЫРУ