«Әлемді тербеткен- Ана»

0
2021
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жас дәурен» бөбекжайының «Балапан » ерте жас тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілген «Әлемді тербеткен- Ана» атты сайысының бағдарламасы.

Қымбатты: Сүйікті Аналар! Құрметті Ұжымдастар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық, жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз!

Тәрбиеші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады:
1. «Шаңырағым шаттығым» өз отбасын таныстыру кезеңі 2. «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі 3. «Шебердің қолы алтын » үй тапсырмасының кезеңі 4. «Ойлы болсаң озып көр»ырым-тиым сөздер айта отырып мағынасын түсіндіру. кезеңі 5. «Он саусағы майысқан» матадан алжапқыш жасау кезеңі 6. «Ескірмеген есті сөздер»мақалды жалғастыру кезеңі .

Тәрбиеші:

Басталды, міне ,тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз.
Наурыз бақыт әкеліп,
Тойға ұлассын тойымыз.

«Әлемді тербеткен- Ана » мерекелік сайысын бастаймыз.

Алдымен Ата –аналар ортаға шығады.
Ортадағы реттік сандарын суырады.

№1.
№2.
№3
№ 4.
№ 5

Тәрбиеші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

«Жас дәурен » бөбекжайының меңгерушісі: Құрманбайқызы Қарлығаш.

«Жас дәурен »бөбекжайының әдіскері: Зейноллақызы Жанаргул.

«Балапан »ерте жас тобының Ата-Ана төрайымы: Нурболатқызы Сайда.

1 «.Шаңырағым-шаттығым»—Өзін, өз отбасын таныстыру.

Гүл көңілі қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді,
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді, — дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық!
2. «Өнерлі өрге жүзер» —өз өнерлерін көрсету. О,аналар осындайсың бәрің де, Осыңдайсың жасың-дағы кәрің де, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге… Ендігі кезекте аналарымыздың өнерін тамашалауға рұқсат етіңіздер.

3 . «Шебердің қолы алтын »— үй тапсырма кезеңі. Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата — баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан, — дей келе аналарымыздың өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғап өтеді.

4 . «Ойлы болсаң озып көр»—Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып,мағынасын айту. 

Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе — қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды. * * * * * * * * Ит аспанға қарап ұлыса — сол шаңырак иесінің өіміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы — иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені. * * * * * * * *

Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса — үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай — алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні — құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды. * * * * * * * *

5. «Оң саусағы майысқан» —матадан алжапқыш жасау.

Ал аналар қалықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып,
Шеберлік көрсет халыққа

6. «Ескірмеген есті сөздер»—-Тиым сөздер мен мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Шебер болсақ, тіл байып,

Шешеңдіктер бір ғайып.

Мақал –мәтел үйреніп,

Тілімізді шындайық- деп келесі кезекті мақал –мәтелдің жалғасын табайық.

Нанды бір қолмен…………..(үзбе)
Жағыңды……………………….(таянба)
Су шашып……………………….(ойнама)
Кемтар адамға………………..(күлме)
Пышақты шалқасынан……..(қойма)
Бас киіммен……………………. (ойнама)
Адамды……………………………(айналма)
Малды……………………………..(теппе)
Отпен……………………………….(ойнама)
Түнде суға…………………………..(барма)

Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын ……………………(төрге апарар,)
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын …………………….(есікке апарар.)
Анасын сүйгеннің ……………..(баласын сүй.)
Әкең өлсе де, әкеңді көрген ………………….(өлмесін.)
Ананың көңілі балада, баланың көңілі …………(далада.)
Ата көрген оқ жонар, ана көрген ……………..(тон пішер.)
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім…………………( мақтамайды.)
Ана жақсылығын ауырсаң ………………………(білерсің,)
Қайын жақсылығын қыдырсаң………………….( білерсің.)
Тәрбиеші:

Жақсылыққа үйреткен,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Анама ешкім жетпейді.

Қорытынды сөз: Әділ-қазыларға беріп, аналарға атақтар беріп,марапатталады:
-« Өнегелі»
— «Шебер»

-«Зерек»

–«Өнерлі » атақтарын берілу ұсынылды.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.

Есмуханова Анаргуль Жумабаевна
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосы
Жасдәурен бөбекжай-бақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ