«Лир патша» М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық дарама театрында жаңа қойлым

0
2283

  7  мамыр күні Шекспирдің  «Лир патша»  атты  трагедиясы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық  драма театрында  көрерменге жол тартты.Лир патша рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда, Кент бейнесінде Ермек Бектесов ойнады. Лир патшаның қыздары ролін театрдың жас әртістері: Әсел Сайлауова (Гонерилья), Жанаргүл Жаныаманова(Регана), Динара Үсенова (Корделия) шебер сомдады.\r\n\r\n Бүкіл елін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Лир патша қартайға шағында патшалығын қыздарына бөліп беріп, солардың қасында бақытты өмір сүруді ойлайды. Алайда күтпеген оқиғалар орын алады. Әкесінің  қыздарына деген сенімі, үміті ақталмайды. Қойылым —  тақталас, ұрпақтар арасында қарама — қайшылықтар, ашкөздік төңірегінде өрбиді. Лир патша қанша қатал, адуынды болса да қыздарына келгенде махаббаты ерекше еді. Қойылым басталған да үш қызын аялап, гүлдей мәпелеп, өсіруімен басталады. Қартайған шағында патшалықты үш қызына бөліп беруге ниеттеніп, әкелерін кім қаншалықты жақсы көретінін білгісі келіп, қыздарына  шарт қояды.  Ол шартта, қыздарының қайсысы әкесін қаншалықты жақсы көретінін есту еді. Гонерилья мен Регана есімді екі қызы бұл сөзді естіп, қуана — қуана әкелерінің мақтауын асырып, әлемде тек Лир патшаны жақсы көретіндігін  жарыса айтады. Лир паташаның ерекше жақсы көретін кіші қызы Корделия болса, көп сөзге жоқтығын, әкесін өліп  -өшіп жақсы көре алмайтындығын, әпкелерінің сөзінің жалғандығын айтады. «Егер де екі әпкем, әлемде сізді ғана сүйетін болса, күйеуге неге тиеді екен?-деп тисе сөйлейді». Әкесі шамданып кіші қызын патшалықтан қуып жіберіп, тәжі мен тағын екі қызына тең бөліп береді. Сонымен қатар, екі қызына кезек- кезек барып, демалатындығын жарияға жар салады. Алайда, Лир патшаның сенімі ақталмайды. Екі қызы күш біріктіріп әкелерінің көзін құртуды ойлайды. «Әкеміз тірі тұрғанда  тақ да, тәж де  біздікі болмайды» — деп астыртын жоспар құрады. Лир патша бәрін сезіп,  кезінде өзі қуып жіберген кіші қызы Корделиядан пана іздейді. Қойылым соңы бір —  бірін көре алмау, қызғаныш, өлім сынды шиеленіскен оқиғамен аяқаталады. «Лир патша» сынды әлемдік қойылымдар біздің театр сахынасына керек — ақ. Біздің актерлерге әлемдік деңгейде үлкен аренада өнер көрсетуге үлкен мүмкіндік тудырады.\r\n\r\nСонымен қатар «Лип патша» қойылымының қоюшы — режиссер Елік Нұрсұлтанның еңбегін де айта кету керек. Режиссердің мақсаты, Лир патшаны бүгінгі көрерменге жаңаша көзқараспен  таныстыру болды. Адами проблемаларды, әке мен бала арасындағы қарама — қайшылықтарды, адам бойындағы адалдық  пен сатқындықты , Шекспирдің дөп басқан ойын айтыпкөременге ой салуға тырысты. Бұл шығарма  XI ғасырда  қоғамда маңызыдылық тудырмаған тақырып еді, алайда бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қойылым өз көрерменін табатынына сеніміміз мол.\r\n\r\nМ.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театырының жаңаш бағыттағы  қойылымнан құр қалмаңыз. Ендігі көрстелімі 17 мамыр күні болады. Театр да жүздесейік, ағайын!\r\n\r\n \r\n\r\nМархаббат ІЛИЯС\r\n\r\nжурналист