«Логикалық есептер шығар

0
3603
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Сандық есептерді, құрамында əр түрлі сандары бар бас қатырғыш есептерді, ауыстырып қоюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептерді зерттеу жəне шығару.

Пән: Математика

Күні:

Сынып: 2 сынып

Мектеп: 

Мұғалім:

Қатысқандар саны: 

Катыспағандар саны: 

Сабақтың тақырыбы Логикалық есептер шығыру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 2.4.2.2 сандық есептерді, құрамында əр түрлі сандары бар бас қатырғыш есептерді, ауыстырып қоюға жəне өлшеуге арналған логикалық есептерді зерттеу жəне шығару.
Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Логикалық есептер жəне басқатырғылар жөнінде, «сиқырлы» шаршылар жөнінде түсініктерінің болуы.

Көптеген оқушылар: Санды есептерді, құрамында əртүрлі сандары бар басқатырғыларды шығару, «сиқырлы» шаршының қалай құрастырылғанын білу.

Кейбір оқушылар: Құрамында əртүрлі сандары бар басқатырғыларды, «сиқырлы» шаршыларды зерттеу, шығару жəне құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері

1. Логикалық есептерді шығарады және түсінеді.

2. Логикалық есептерді өмірде қолдана алады.

3. Логикалық есептерді әртүрлі тәсілдермен шығара алады.

Тілдік мақсаттары Басқатырғылар, логикалық есептер, «сиқырлы» шаршылар.
Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек, музыка
Алдыңғы меңгерілген білім. Геометриялық мазмұндағы есептер шығару.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

«Менің оң жақтағы көршім». Бұл кезде оқушылар оң жақтағы көршілері туралы айтады. Мысалы: менің оң жағымда Мади. Ол ақылды, білімді. Ары қарай жалғаса береді.

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы

Балалар, біз бүгінгі сабақта саяхатқа аттанамыз. Саяхатымызды Қойбағар бекетінен бастаймыз. Ендеше Қойбағар бекетінен билеттерді алу үшін Қойбағар бекетінің дайындаған тапсырмаларын орындайық.

Тиісті орынға жақшаларды қой.

40-8+7=25 86-30-10=66

50-9-6=47 42-20+2=20

Бағалау түрі: «Бас бармақ» арқылы бағалау.

Балалар енді Құшмұрын бекетіне келеміз. Жаңа тақырыпты меңгерту. Бізге «Сиқырлы» шаршылар берілген.

Сандарды көлденеңінен қос.

5 1 6
3 4 7
8 5 13

Сандарды тігінен қос.

5 1 6
3 4 7
8 5 13

Шыққан қосынды сәйкес келуі тиіс.

Балалар, енді Аманқарағай бекетінен тапсырмаларды алайық. Жеке жұмыс.

0-ден 8-ге дейінгі сандардан «сиқырлы» шаршылар құрастыр.

Сандарды көлденеңінен қос.

7 0 7
2 4 6
9 4 13

Сандарды тігінен қос.

7 0 7
2 4 6
9 4 13

Қандай сандарды қою керек.

7 0 7
2 4 6
9 4 13

Бағалау түрі: Жұптар бір –бірін бағалайды. Егер тапсырма дұрыс болса қол шапалақтайды, егер тапсырма бұрыс болса аяқ топылдатамыз.

Балалар, біз Қазанбасы бекетіне келіп жеттік. Бұл бекеттін тапсырмалары жұптық жұмыстар екен. Бекеттен тапсырмаларды алайық.

Бос орындарға санды қой.

44 + 24 =
+
14 5 =
= = =
+ =
50 + 15 =
+
22 3 =
= = =
+ =

Бағалау түрі: Бағдаршам.

Балалар біз Апановка бекетіне келіп жеттік бұл бекеттен кім алады тапсырманы? Бұл бекетте сөз есепті тақтаға шығарайық.

Бағалау түрі: «Жарайсың»

Келесі бекеттін тапсырмасын алайық. Келесі бекет Тобол

екен. Бұл бекетте сергіп алайық.

Билеттер.

Кесте

Сергіту сәті: «Қыдырып қайтайық» би

Келесі бекетіміз Рудный қаласы. Тапсырмасын алайық. Топтық жұмыс. Тапсырмасы әр мәшине белгілі бір санды көрсетеді. Оның қай сан екенін анықта.

 

Бағалау түрі: «+, — таңбасын қою».

Оқушылар біз Қостанай қаласына жетіп қалдық. Вагоннан Қостанай қаласының тапсырамсын алайық. Қостанай қаласының тапсырмасы білім ландтағы тапсырманы орындау екен.

Постер қорғау.

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы:

Рефлексия

Билеттерге жазу.

Білемін Білгім келеді Түсінбедім

 

Билеттер

5 есеп ә,б 57 бет

 

Досбергенова Баян Беркінқызы

«Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі» ММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ