«Ұлы даланың дара ұстазы» (Ыбырай Алтынсарин)

0
8438
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Жоба тақырыбы: «Ұлы даланың дара ұстазы» (Ыбырай Алтынсарин)

Орындаушы: №157 Б. Пәрімбетов атындағы қазақ орта

мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы оқушысы

Нұрлыбекқызы Лиман

Ғылыми жетекші: №157 Б. Пәрімбетов атындағы қазақ орта

мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

мұғалімі Алданазарова Фарида

Кез келген халықтың заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт – дәстүрі, рухани мұралары болады. Уақыт озған сайын бұл рухани мұраларды зерттеп игеруге деген қажеттілік те арта түседі. Өйткені ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес інжу- маржандарын оқып-үйрену біздің парызымыз.

Мен «Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани- адамгершілік құндылықтар» тақырыбын таңдаған себебім, аталардан қалған сөздер ешқашан өлмейді, ескермейді, яғни ол өміршең тақырып сондықтан да ақын аталарымыздан қалған сөз маржандарын оқып білуді өзіме міндет санаймын.

Мақсатым – ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу, ұлы адамдардың рухани құндылықтарын үйреніп, жаттап, ұлттық сана сезімізді шындау.

Бұл тақырып мені қатты қызықтырады және өмірде бұл білімім маған өте қажет болады деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдеби кітаптарды, баспаларды ақтардым, мектеп кітапханасын пайдаландым. Күнделікті өмірден де байқап отырдым. Мұғалім зерттеуге тиіс әдістерді көрсетіп , бағыт берді. Мен зерттеу жұмысымды саралау, талдау, салыстыру, ой түю, сұқбат алу әдістерімен іздене отырып жүргіздім.

Рухани адамгершілік құндылықтар дегеніміз?

Рухани адамгершілік құндылықтар қиналғанда медет, әрбір іс-әрекетке даңғыл жол ашып, бәле- жаладан қорғайды деп есептеген.

Ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин өзінің шығармаларында өзінің көзқарасын айтып, құнды талдаулар беріп отырған. Менің ойымша осы шығармалардағы адамгершілік құндылықтар әр адамның бойында болса, ол адам өмірде бақытты болды деп ойлаймын. Өзіне де қоршаған ортаға да қиянат жасамайтын болады деп ойлаймын.

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады.
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздеді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды… қазақтың өз тілінде… басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.

«Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.

Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатыка жететіндігін, әзінің келешектегі жақсы тұр-мысын қамтамасыз ете алатындығын, сөйтіп оқыған адамның өмір сүруі де, еңбек етуі де анағұрлым жеңіл және көңілді, сергек болатынын сөз етеді.. 
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұртта» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды.

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Мен «Ыбырай Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы» тақырыбында зерттеу еңбегімді қорытындылай келе, Ыбырай атамыздың қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ретінде рухани – адамгершілік құндылықтарын ашу. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.

Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер — білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.

Мұндағы мақсатым Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани –адамгершілік құндылықтар туралы танысып біле отырып, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.

Мен өз ғылыми — ізденістерім арқылы барлық балалалардың бойына әдептілік, адамгершілік болса , артымнан ерген бауырларым инабатты да ибалы болса деймін.

Осы жоспарларым жүзеге асырылды, таңдаған мақсатым орындалды ғой – деп мен өз — өзіме сенім білдіргім келеді.

Жас ұландарға айтарым халқымыздың жақсы қасиеттерін, өнегелерін өзімізге үлгі тұтайық себебі ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерімізді құрметтеу –ұрпақтық борышымыз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ