«Ұлы даланың ұлылары» тақырыбында сынып сағаты

0
13125
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Сынып сағатының тақырыбы: «Ұлы даланың ұлылары»

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың және Шоқан Уәлихановтың мол мұрасын насихаттау.

Дамытушылық: оқушыларды өзіндік «мені» қалыптасуына бағыттау , тұжырымды пікір айтуға баулу.

Тәрбиелік: Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

Көрнекілігі: Буклеттер, Абай мен Шоқанға арналған кітап көрмесі, слайд-шоу, деректі фильм.

Әдісі: Сұрақ – жауап, кіріктіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А.ҚР-Гимні орындалады.

Ә.Оқушыларды түгелдеу.

I.Кіріспе бөлім

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. Биыл Абай атамыздың туғанына 170 жыл, артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі –қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 180 жыл.

II.Негізгі бөлім

Мұғалімнің сөзі: Сайысқа жоғары сыныптардан 2 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды. Топ атаулары «Абай ауылы» және «Шоқан ауылы». Білім сайысы негізінен 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Топты таныстыру, топтың ұраны, осы сайысқа түсудегі мақсаты.

2 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

3 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.

4 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

2 кезең. «Бәйге».

І топ

1. Шоқан Уәлиханов қай жерде туды?

2. Шоқан оқыған кадет корпусы?

3. Шоқанның орыс достары кімдер?

4. Шоқанның шын аты?

5. Шоқан қайда саяхаттар жасады?

ІІ топ

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім?

2. Абайдың қанша қарасөзі бар?

3. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдері?

4. Абайдың поэмалары?

5. Абайдың туған жері?

3 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» .

Сұрақтар: І топ

1. Нағашы деген кім?

2. Құда шақыру деген не?

3. Ораза деген не?

4. Бет ашар туралы не білесің?

5. Тұсау кесу деген не?

6. Қандай туыстық атауларды білесің?

ІІ топ

1. Айт мейрамы туралы не білесің?

2. Құда, құдағи дегендер кімдер?

3. Ұлттық тағамдарды ата?

4. Шілдехана деген не?

5. Қымыз қалай жасалады?

6. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?

4 кезең. «Тапқырлық».

1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).

2. Жақсы сөз — … (жарым ырыс)

3. Шебердің қолы ортақ, шешеннің … (тілі ортақ).

4. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).

5. Тіл қылыштан … (өткір).

6. Тілден артық … (қазына жоқ).

7. Ең ащы да тіл, ең … (тәтті де тіл).

8. Өнер алды — … (қызыл тіл).

9. Айтылған сөз — … (атылған оқ).

10. Жылы-жылы сөйлесең, жылан … (інінен шығады).

Қорытынды. Бүгінгі сайыстан алған әсерім.Сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға алғысымызды айтамыз.Біздің еліміздің ұлы тұлғалары Абай мен Шоқан туралы білімімізді ортаға салдық. Олардың өмірі мен шығармашылығын білу – біздің міндетіміз. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер, ендеше ұлыларымызды ардақтай білейік.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ