Ұлы даланың жеті қыры (эссе)

0
29286
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Ұлы даланың жеті қыры

«Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.»
Н.Ә.Назарбаев.

Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біздің жастарымыз да өз ұлтымыздың , өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын ұмытпай,қастерлей білуге тиіс. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін қаншалықты маңызды?.Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың ауыр соққылары қазақ халқының басынан аз өтпегенін көреміз.

Түрлі нәубетті басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Бұл күнге жетуіміздің басты себебі- ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің өз елі үшін аянбай қан мен терін төгуінің арқасында. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы –құнды дүние. Елбасымыз жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе,тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Елбасының бұл мақаласы- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру -тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы,- дейді мамандар.

Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жөнінде жазған. . Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін де Елбасы тілге тиек еткен.

« Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б. құндылықтарымыз туралы айтылса, « Тариxи сананы жаңғырту».бөлімінде ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалған. Шынында да, тарихтың сонау терең сахнасына үңілсек, халқымызда киелі саналатын төрт түліктің бірі- жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланады. Бұл түлік- ата-бабаларымыздың жан серігі, айрылмас досы болған.. Атқа міну салтының негізін қалаған- біздің халық.

Этнографиямызға шолу жасасақ, халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай аламыз. Салт- дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ, сірә!? Халқымыздың тілі де өте бай. Оның бірден- бір дәлелі-М. Әуезовтың «Абай жолы» роман -эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында халқымызың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін айқын түрде бір сөзді екінші рет қайталамай, бай тілмен шебер суреттеп жеткізе білген. Сан алуан халық өз әлемінің кереметімен мақтанады. Ал мен үшін тарихы ең бай халық- қазақ халқы. Тарихымызды саралап қарар болсақ, халқымыздың ұлылығына, тарихының тереңде жатқандығына өте көп дәлелдер келтіре алатындығымыз сөзсіз.

Елбасымыз: Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы,- деп атап өткендей, тарихымызды ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік! Болашағымыз сонда ғана жарқын болатыны сөзсіз.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ