Ұлы тұлғаларға арналған арнаулар жинағы

0
3416
Қазағымыз дара тұлға санайды…

 

Арнап саған өлеңімді бастайын,

Айтқаныңды оқып тоқып қостайын.

Даналығын ұлы ақынның қашанда,

Мәңгілікке жүрегімде сақтайын.

 

Хакім Абай рухына бас иемін,

Өлең жаздым балауса жүрегіммен.

Бабам салған жыр өнерін құрметтеп,

Өлең сөзді сүйіп өсіп келемін.

 

Ұрпағыңа ілім, білім, өнерді,

Үйретуге шақырып жол бастадың.

Қамын жеп келешегін қазағымның,

Саналы ғұмырыңды сарп еттірдің.

 

Хакім Абай ұлылығы мәңгілік,

Үйлеседі ұлылардың үнімен.

Әсем халқы мойындаған дананың,

Асыл сөзін ардақтайды қазағым.

 

Абай біздің ұстазымыз, піріміз,

Арналады жырымыз бен әніміз.

Жырлаймын мен, жырлай берем Абайды,

Қара өлеңге көрік берген сәніміз.

Құмарбаева Аида

 


Жаужүрек Махамбетке

Жаужүрек ата, енді өзіңдей ер тумас,

Жоқ шығар адам ерлігіңе қызықпас.

Елі үшін жанын берген нар тұлға,

Өзіңді аңсап кетер әркім арманда.

 

“Мен, мен” деген жүрегіңнен шыққан сөз,

Жақсылардың санасына барар кез.

Өлеңіңнен қайрат алған әр адам,

Батыр ата ерлігіңе тамсанам.

 

Исатайды пікір тұтқан, ардақтаған,

Тәуелсіздік жолында аянбаған.

Қазақ елін биіктету мақсаттарың,

Орындалды бұл күнде армандаған.

 

Батыр бабам, қайсар бабам тұғырым,

Мәңгілікке жырланады ғұмырың.

Сенің елің міне қандай қарашы,

Биік болсын әрқашанда тұғырың!

 

Тілеуұлы Үмбетей бабам менің

Тілеуұлы Үмбетей бабам менің,

Батырларға жырыңды арнап едің.

Бөбегбайдың өлімін Абылайға,

Естіртіп, көңіл айтып қайтқан едің.

 

Батырлармен бірге жүріп шайқаста,

Жырлар жаздың арнап қанша айқасқа.

Асыл сөздер, нақыл сөздер, өсиет,

Бізге салған сара жолғой байқаса.

 

Елінің қамын ойлаған тілеушіміз,

Атыңызды жаңғыртар тілеушіңіз.

Естен шықпай жырларыңыз қаншама,

Сіздей жырау “Жасасын!” деп тілейміз.

Қадырова Роза

 

Мен. Мен едім. Мен едім…

Еңіреген ел үшін, жан беріскен Махамбет,

Сұлтан, ханды аямай, тапаладың сақтап кек.

Ұлы арман шегіне жете алмаған Махамбет,

Ақ орданың шебінде тайсалмадың жауға кеп.

 

Сол заманғы көрініс қайғы тапқан кез еді,

Үміттенген қара жұрт бір жеңерін сезеді.

Кезеңінің жұлдызы Исатай мен Махамбет,

Елмен бірге толастап, қайғысына төзеді.

Жас жылады күшіктей, қара жерді құшақтап,

Елің қалды еңіреп, салғандай бір пышақтап.

Еділ бойын мекен қып, ел қондырсам деп едім,

Сол Махамбет арманы талайдан соң кеп еді.

 

Ханың кетті азғындап, жұртты барша табалай,

Жас-кәрісін елемей, жүре берді аямай.

Хан баоасы ақсүйек, аңдып Қазақ кебісін,

Жүре алмады жер-көкті қызыл қанға боямай.

 

Тәуелсіздік күндерін арман қылып жадына,

Елмен соққан жүрегі дүрсіл қақты қамыға.

Исатайдан қол үзіп, өкінішті дос қылдың,

Жүрегіңнің түкпірі бос боп қалды жабыға.

 

Ел арманын жетелеп кете бардың қимастан,

Сондағы кек кетті сұм жүрекке сыймастан.

Қара халық еңіреп, қалды құшақтап тізесін,

Қапаланған Махамбет мұның жұтты құймастан.

 

Егер кетпей дүниеден, қалсаң елдің жанында,

Тәуелсіздік ертерек келермеді тағы да.

Ел қуанып, жас-кәрі кеткендей боп жұмаққа,

Қуанар еді тыйылмастан тағы ағынан жарыла.

Жұмақан Қымбат

 

Шалкиіз жырауға арнау

Ел тағдырын ойлауменен,

Ғұмыр кешкен данамыз.

Толғау жазып тербеткен,

Шакиіздей жырауымыз.

 

Қилы-қилы заманда,

Ақтабандай жағдайды,

Жырыменен жеткізіп,

Жүрегіңді тербетіп,

Өсиет қып жастарға

Жаман менен жақсыны,

Өлшеп берген заманға.

 

Жыраудың әр сөзінде,

Жатады бір өсиет.

Келе жатқан болашақ,

Осы өсиетке лайық ет.

 

Жақсылығың алдыңда,

Жаманның бәрі артыңда-

деп жырлады Шалкиіз

Қамқор болған хақына.

Исабекова Анель

 

Мұқағали атама

Мұқағали кім десең,

Жауап берем білмесең.

Мұқағали ақын ақиық,

Өлеңдері тұнып тұрған тұңғиық.

 

Мұқағали шырағың,

Жырдан аққан бұлағың.

Өлеңін оқып қуанып,

Келеді кейде жылағың.

 

Мұқағали- көк теңіз,

Көк теңізге беттеңіз.

Жырларын сүйіп оқымасаң,

Болады кімге өкпеңіз.

 

Мұқағали арысым,

Өткерді өлең жарысын.

Өлеңмен елге мақтан боп,

Қорғаған поэзия намысын.

 

Қарасаздың ұланы,

Жыр-әнімнің бұланы.

Мұқағали жырлары,

Есімізде жүр әлі.

Байболов Бағдат

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ