Мәңгілік ел – мәңгілік тіл. (эссе)

0
12721
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.

Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемелекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», — деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш – жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», — деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Осындай іс – шараларға өз үлесімді қосу мақсатымда төл шығармамды тарту етемін.

Тілім менің бабалардың мұрасы.

Ғасырлар мен тарихтардың куәсі.

Осы тілді пайдаланған бабалар,

Хандар менен шендер, билер, рубасы.

Тілім менің тектіліктің жүрегі,

Барлық қазақ сөйлейтұғын үнемі.

Алашымның анасына айналған,

Бар қазақтың басындағы тірегі.

Қазақ тілі қазағымның ай күні,

Төгіледі тілім үшін ай нұры.

Қазақ тілі әлемдегі ең бай тіл,

Әр сөзінде байқалатын байлығы.

Қазақ тілде сөйлер елдің ағасы,

Осы тілмен сауат ашар баласы.

Бар қазақты бауырына басатын,

Қазақ тілі қазақтардың анасы.

Биибалаева Алтынай Усманалиевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ