Мұхит сулары. Ондағы тіршілік көзінің туризмге әсері

0
3676
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол жер ауданының 360 миллион шарша километрін жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10км.дан асады.

Мұхит сулары. Ондағы тіршілік көзінің туризмге әсері

Жоспары:

  1. Кіріспе
    • Мұхит суларына жалпы сипаттама
  1. Негізгі бөлім

1.1 Мұхит сулары және ондағы тіршілік көзінің туризмге әсері

1.2 Үлкен Тосқауыл рифі

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Кіріспе
  • Мұхит суларына жалпы сипаттама

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді. Оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол жер ауданының 360 миллион шарша километрін жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10км.дан асады. Өзара бір-бірімен байланысқан және бір су кеңістігін құрайтын барлығы 5 мұхит бар. Ең үлкен үш мұхит – Тынық, Атлант және Үнді мұхиттар. Олар Антарктидада Оңтүстік немесе Антарктида мұхитында қосылады. Балтық теңізі сияқты теңіздер-тұзды судың кіші аудандары, бірақ теңіздердің көпшілігі мұхиттармен жалғасып жатыр. Мысалы, Жерорта теңізі Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен және Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен қосылады.

Жердегі мұхиттың ең үлкені – Тынық мұхиты жердегі теңіз суының 45% жуығы Тынық мұхитында. Оның бетінің ауданы – 181 миллион шаршы км, бұл жер бетінің үштен біріне барабар. Тынық мұхитының көлемі басқа екі үлкен мұхитты (Атлант мұхиты – 94 миллион шаршы км және Үнді мұхиты – 74 миллион шаршы км) қоса алғандағы көлемнен де үлкен.

Мұхиттардың тереңдігі
Тынық мұхиты 10,911 м
Атлант мұхиты 9,219 м
Үнді мұхиты 7,455 м
Кариб теңізі 6,946 м
Оңтүстік Қытай теңізі 5,016 м

 

Тынық мұхитта ең терең бес мұхит шұңқыры бар. 1961 жылы АҚШ әскери-теңіз күштерінің «Триест» батискафы олардың ішіндегі ең тереңі – Мариан шұңқырының түбіне түсті.

Мұхит шұңқырлары
Атауы Ұзындығы(км) Тереңдігі (м)
Перуан-Атакам 3,540 9,064
Амут 3,200 8,100
Тонга-кермадекс 2,575 10,882
Мариан шұңқыры 2,250 10,911
Филиппин 1,325 10,497

Мұхит түбі – таулардан, таулы қыраттан және шатқалдардан түзелген әртүрлі бедер. Мұхит жағасы біртіндеп шамамен 180м тереңдікке судың астына кетеді- бұл құрылықтық қайраң. Қайраңның шетінде мұхит түбі құрлықтың еңіс бойынша төмен суық қараңғы тұңғиыққа күрт кетеді. Мұхит түбіндегі ыстық көздердің кейбір жерлерде қайнау нүктесі (100 С) жоғары температураға жетеді.

Мұхит түбінде рельеф бар, онда құрлықтағы сияқтығы таулар, тау қыраттары және шатқалдар бар.

Теңіздер мен мұхиттар арзан және қолайлы жол қатынасы ретінде пайдаланылады. Орасан зор ірі кемелер мұхиттарды ерсілі-қарсылы шарлап, дүние жүзінің барлық елдерін бір-бірімен байланыстырады. Көптеген жолаушылар, жүктер теңіздер мен мұхиттар арқылы тасылады. Теңіз жағаларындағы қойнауларда, ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде порттар салынып, сол жерлерге кемелер аялдайды. (Порттар не үшін керек? Олар немен жабдықталынады?)
Теңіз қатынасының өте ауқымды аймағы — Атлант мұхиты. Еуропаны Солтүстік жөне Оңтүстік Америкамен байланыстыратын маңызды теңіз жолдары осы мұхит арқылы өтеді. Еуропадан Жерорта теңізі, Суэц каналы, Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік және Шығыс Азия мен Аустралияға баратын жол да аса маңызды су жолы болып саналады.
Жылдан-жылға Тынық мұхитта кеме қатынасында барған сайын маңызды орын алып келеді.

  1. Негізгі бөлім

1.1 Мұхит жануарлары мен өсімдіктері.

Адамның оларды пай-далануы. Мұхиттарда өсімдіктер мен жануарлардың түрлері өте көп және олар алуан түрлі болып келеді.
Мұхит суында 150 мыңнан астам жануарлар түрі мен 10 мыңдай балдыр түрлері кездеседі. Жалпы алғанда жануарлардың түрі құрлыққа қарағанда суда көбірек болады.
Мұхиттан Жер шарындағы ең ірі жануарларды аулайды. Ең ірі киттің денесінің ұзындығы 33м, салмағы 120 т-ға дейін барады. Киттің тек қана тілінің салмағы 3 т-ға жетеді. Мұхиттағы көптеген жануарлар оның беткі қабатында тіршілік етеді. Ал аса тереңде тіршілік ететін жануарлардың дене құрылысы су қысымының әсерінен өзгереді. Мұхиттың терең қабатына күн сәулесі жетпейтіндіктен, ондағы көптеген жануарлардың көру қасиеті мүлдем жойылып, кейбіреулерінің денелерінен сәуле шығару қабілеттері пайда болған. Сол сияқты бұл жерде сезім органдары жақсы жетілген жыртқыш балықтар да тіршілік етеді.
Теңіз бойының халқы балық аулаумен айналысады. Майшабақ, нәлім, ло-сось, мықтытіс және т.б. балықтардың көсіптік маңызы өте зор.
Арктика мен Антарктиканың суық суларында кит, итбалық, морж , т. б. теңіз сүтқоректілерін аулайды. Олардан май, тері, кит мұртын алады. Дегенмен, кит санының күрт азайып кетуіне байланысты оларды аулауға дүние жүзі бойынша шек қойылған.
Сонымен қатар көптеген елдерде теңіз балдырлары тамаққа пайдаланы-лады (мысалы, теңіз капустасы). Теңіз суының үстіңгі қабаттарында жасыл балдыр көп, одан тереңіректе олардың қоңыр және қызыл түрлері таралған. Балдырлардың кейбіреулері тайыз теңіздің түбінде өседі. Мұндай ірі балдырлардың су астында тұтасып жатқан қалың жыныстары кездеседі. Атлант мұхитының ағыстармен айнала қоршалған орта бәлігінде, Африка мен Солтүстік Американың арасында балардың көптеген түрлері өсіп -өнеді. Бұл арада мұхит бетінде саргоссо деген балдыр мейлінше көп жүзіп жүреді, сондықтан да осы бөлігі Саргасс теңізі деп аталады.
Теңіз бен мұхиттардың шеткі тайыз беліктерінен өндірілетін мұнай мен газ, мұхит суынан алынатын ас тұзы, темір кені, магний, бром калий сияқты минералдар мен шикізаттар да тұрмыста жиі қолданылады.
Теңіз суларының құрамында тұз, микроэлементтерден дейтерий (ауыр су) деген зат бар. Оны атом реакторында отын пайдалануға болады.
Мұхиттар мен теңіздердің жағаларына демалыс және денсаулық түзейтін орындар салынады.

Мұхитты зерттеу және қорғау.

Мұхитты зерттеу және оны қорғау — адам баласының маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, Жан Ив Кусто кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит зерттеушілердің қарамағында тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлер жөне басқа да күрделі құралдар бар (мәселен, «Альвин» сүңгуір кемесі ғалымдарды 2500м тереңдікке дейін апарады).
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер бірігіп, мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы) басшылығымен жүргізіп жатыр.
Мұхитты ғарыштан зерттеу соңғы кездегі жаңа әдістердің бірі болып табылады. Ғарыштан теңіз ағыстары, оның атмосферамен байланысы, мұхиттың органикалық дүниесін бағалау және болжау жұмыстары жүргізіледі.
Жердің жасанды серіктерінен түсірілген суреттер Солтүстік Мұзды мұхит арқылы өтетін теңіз жолының мұз жағдайын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты ғарыштан мұхит түбінің жер бедерін зерттеу, судың ластануын бақылау, экологиялық апатты аймақтарды белгілеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мұхиттағы жануарлардың саны азайып кетпеуі үшін шексіз аулауға тыйым салынады. Мысалы, жыртқыштық пен ауланудың нәтижесінде көк киттерге жойылып кету қаупі төнді.
Қазіргі кезде кейбір мемлекеттер су асты фермаларында ( балдырларды, мидияларды, устрицаларды, теңіз ұлуларын өсіреді.
Судың ластануы мұхиттағы организмдерге орасан зор зиян келтіреді. Мұхитты ең көп ластайтын зат — мұнай. Ол мұнай таситын кемелерді тиеу, түсіру, оларды жуып тазарту жұмыстары және кейде кеменің апатқа ұшырауы салдарынан суға қосылады. Мұхит бетінде түзілетін мұнай қабаты балықтарды уландыр организмдерді жоюға апарады. Сонымен бірге мүхиттың ради( заттармен ластануы да радиоактивті айтарлықтай қауіпті. Олар ядролық жарылыстардың және өндірістің радиоактивті қалдықтарын мұхитқа төгудің нәтижесінде суға қосылады.
Осыған орай, мұхит суын ұтымды пайдалану және оны жайында халықаралық конференциялар жүргізіледі.

  • Үлкен Тосқауыл рифі

Оңтүстік теңіздер кереметтерінің бірі-маржанды рифтер мен атолдар туралы естімеген кім бар? Есепсіз көп тістемдей полиптер өздеріне әк балшығынан қабақ үй салады, олар көптеген ұрпақтар өмір бойына бірінің үстіне бірі қабатталып, аса ірі өте ғажайып құрлысқа айналады.

Аустралияның солтүстік шығыс жағалауларын бойлай бірнеше жүз километрге созылып Үлкен Тосқауыл Рифтері жатыр. Микронезияның сақиналы атолдары маржан полиптері туындылары жылы, мөлдір суда кемпірқосақтың барлық түсіндей құбылып, балықтардың экзотикалық неше түрі асыр салады, актиниялар өзінің ашық түсті, желпуіш қармашықтарын ашып жібереді, оның арасында актинияның олжасы үшін тірі жем – сиқырлы балық жасырынып тұрады ала шұбар мурендер аңқау шабақтарды қағып түсу үшін аңдиды, моллюскалардың есепсіз, сан алуан түрлері де мұнда азығын табады. Маржандар түзелісінің айналасындағыдай тірі организмдердің соншалықты мол мөлшерде кездесуі Дүние жүзілік мұхиттың еш жерінде жоқ шығар. Маржанды полиптердің қас жауы – теңіз жұлдызы өте көбейіп кетті.

Үлкен Тосқауыл рифті – күндердің күнінде тірі жәндіктер салған, ең геологиялық түзеліс. Аустралияның солтүстік – шығыс жағалауында орналасқан көлемі 340 мың шаршы шақырым және салмағы миллиард тонна. Бұл – маржан теңізінің мөлдір көгілдір суында орналасқан, бірнеше мыңдаған рифтер жиынтығы. Өзінің алып көлеміне өарамай, бұл табиғат ғажайыбы титтей теңіз жәндіктерінен тұрады. Олардың қаңқалары мыңдаған жылдар бойы жиналып, қазіргі рифті түзеген.

Рифтерді зерттеу.

Рифті бойлай мыңдаған аралдар орналасқан. Біреуінде қалың өсімдік өссе, екіншісі маржан рифтері атымен белгілі, онда тақыр жазықтық аппақ маржан құмымен жабылған. Теңіз тасығанда, кейбір маржандар рифті түгел су астында қалады.

  Бұғаздар мен шығанақтар.

Рифтің кейбір бөлшектерінде терең бұғаздар мен шығанақтар маржандар арасындағы өзендерге ұқсас. Бұл бұғаздар қазіргі кезде картаға енгізілді, еуропалықтар алғаш реттерде зерттеген кезде, кемелері жиі апатқа ұшырады.

  Рифтердің сыртқы бөлігі.

Рифтің теңізге шығып жататын шеті мұхиттан келетін үлкен толөындармен шайылады. Рифтер құздар тәрізді терең су астында орналасқан, соның нәтижесінде ірі балықтарға, қатырандарға көлемді қоректік орын болып табылады.

  Рифтердің ішкі бөлігі.

Рифтің толқынның қозғалған ішкі бөлігі тыныш. Мұнда су таяз, әр жерде құм жазықтығымен бөлінген маржан бақтары бар. Су қайтқан кезде, маржандардың нәзік ұштары көрінеді.

Мұхит шекарасы.

Үлкен Тосқауыл рифі ашық мұхит пен жағалау арасындағы табиғи шекара (немесе тосқауыл) – өзінің «тосқауыл» деген атын осыдан алған. Рифтің 80 шақырымнан көп бқлігі теңіз жаққа енген, сондықтан жағадан көрінбейді. Дегенімен риф үлкен, ол космостан қарағанда анық көрінеді.

  Сүңгуір жұмағы.

Жарықпен қаруланғаг сүңгуір (драйвер), рифтің беткі қабатын зерттейді. Бұл жер жыл сайын мыңдаған саяхатшыны еліктіреді, сондықтан қорғалу керек. Маржанға зиян келтірмеу үшін, қайықты қай жерге қоюға, балық аулауға және сүңгуге болатыны жайлы арнайы ереже беріледі.

  Маржанның түсін жоғалтуы.

Рифті түзетін маржандар салқын суда өсе алмайды, бірақ өте жылы су да зиянды. Егер теңіз суы температурасы 300С – дан жоғары көтерілсе, маржандар түсін жоғалтып, жиі жойылады. Осы құбылысты түсін жоғалту деп атайды.

Маржан полиптерінің жеккелеген түрлері де кездеседі. Табаны деп аталатын өсінділерінің жәрдемімен олар су түбіндегі өсімдіктерге немесе тастарға жармасып бекінеді. Кейбір полиптер шағын – шағын үйір болып тіршілік етеді. Ертеден бері маржандарды аулау кәсібіне себепші болған – міне осылар. Олардың ізбесті желілері әдемі келген ақшыл, қызғылт және қызыл реңді болады. Олардан әшекейлер жасалады. Қызыл маржан полиптерінен жасалған моншақ, сырға, білезіктер ерекше құбылып көз тартады.

Қорытынды

Мұхиттар өз сырларымен адам үшін әлі күнге дейін жұмбақ болып келеді. Ежелден ақ адамзат дүниесін мың ойлантқан бұл алып аңғар қазірде үлкен зерттеулер үстінде. Алайда бұл жұмбақ сырына қарамастан адамдар мұхиттар әлемімен көптеп қауышуда. Себебі мұхиттар әлемі құрлықтан құр қалмай өзіндік туристік орындарымен ерекшелініп тұрады. Жер асты, мұхит әлемінде өзіне тән жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне тұнып тұр. Тек қана осылар ғана емес, қымбат маржанды мұхитты ескергеніміз жөн. Қазіргі кезде бұл мұхиттар әлеміне де ерекше экологиялық қорғаныс керек. Адамзат өз игілігіне барынша қолданып келіп, ендігі кезекте экологиялық зардап шеккен мұхиттарды керек етпей отыр. Соның салдарынан жалпы құрылықтық қорқыныш адам жүрегін жаулап отыр.

Адамдардың туризмге деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқаны белгілі. Сол себепті де мұхит арқылы тасымалдаудың да сұранысы өте жоғары. Халықаралық тасымалдаудың ең қолайлы тәсілі болып отырған бұл мұхиттық транспорт көптің көңілінен шығып отыр.

Сол себепті де осы салалардың барлығын дұрыс әрі тиімді пайдаланып, адамдардың игілігіне жақсыя пайдалана білу керек.

Пайдаланған әдебиеттер

1 «Мұхиттар мен материктер» кітабы. Авторлары: Н.Д.Ахметова, С.К. Ахметов. «Арман ПБ» баспасы. Алматы. 2005 ж

  • «Әлем ғажайыптары» энцоклапедиясы. Авторлары: Р. Тони, Б. Корт, С.Уатсон. «Алматыкітап» 2007 ж
  • Internet Explorer google.kz
  • «Мұхиттар тынысы» кітабы. Авторы: Ш.Айтақынова. «Арман ПБ» баспасы. 2009 ж.
  • «Әлем және саяхат» газеті. 2010 ж.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ