Мұхтар Әуезов. Көксерек

0
4846
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу Уақыты: 23.01.2018ж Мұғалім: Утепова Айгерим
Сабақтың тақырыбы:
Мұхтар Әуезов — Көксерек
Сабақтың мақсаты: 1.Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру. Адамдар мен көкбөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігін түсіндіру
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, оқулық

Сабақтың барысы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау

 

Үйге тапсырма беру:

 

Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

 

Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық!

 

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ. Адамзат (сары)
2-топ. Қасқыр (қызыл)
3-топ. Табиғат (жасыл)

(Топтың аты суреттерді құрастыру арқылы қойылады)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Сұхбат алу» әдісі арқылы сұрау
Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру

«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету.

Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)

Фильмді көргендерің бар ма?

«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы — Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті. Фильм драмалық оқиғаларға толы. Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты ағасы Аханқұл (Сүйменқұл Чоқморов) бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің (Әлиман Жанғорозова) мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген. Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш (Қамбар Уалиев) қасқыр бөлтірігін асырап,  оған «Көксерек» деп ат қояды.

Шығарма бізге повестен үзінді түрінде берілген. Шығарма авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.

 Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Оқулықпен жұмыс

-Әңгімені 3 топқа бөліп оқыту
-Топтан бір оқушы шығып, түсінгендерін айтады.

Топтық жұмыс

«Қай кейіпкер туралы айтылған?»

І-топ. Бірде – бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Әлі күнге дейін ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. (Көксерек)

ІІ-топ. Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан. (Құрмаш)

ІІІ-топ. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді. (Көксерек)

Сергіту сәті: «Сәлемдесу» ойыны

Ойынның шарты: Топ мүшелері бір-бірімен мұғалім айтқан қимыл бойынша амандасады. (қолмен, көзбен, иықпен, тіземен, сөзбен)

Дәптермен жұмыс

Кесте бойынша қажет сөздерді қойып, ойыңды толықтыр.
Көксеректің күшік кезі
Ауылдағы күшіктерден онша…
Бірде — бір ит мұны…
Талаймын деп ит ұмтылса…

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі
Тамаққа өлгенше…
Езуін ғана…
Көздеріннің астынан жалт — жұлт…

Топтық жұмыс

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды.
Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.
Қасқырды қанша өсірсең де ит болмайды.
Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз.

«Сен білесің бе?»

• Ауа — райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
• Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы — 20 000 жыл.
• Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.
• Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн — ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік.
• Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.

• Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.

«Үйренгенім көп менің»

Постер қорғау
«Адамзат» «Қасқыр» «Табиғат» сөздері

жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді.

І-топ. Адамзат – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды, қоректенеді.

Әңгімедегі басты кейіпкер кім және ол қандай бала?

ІІ-топ. Қасқыр – жыртқыш, ит-құс, бөрі, қамағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары.

Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірде болған?

ІІІ-топ. Табиғат — құбылыстар, тау, тас, ай, күн, жер, жануарлар, өсімдіктер.

Мұхтар Әуезов кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

Жеке оқушымен жұмыс

Әңгіме аты
Авторы
Кейіпкерлері
Немен аяқталды?
Не үйретті?

1.Бүгін не жайлы өттік?
2.Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау
-Әңгіме Құрмаштың өлімімен аяқталады. Оны Көксерек тістеп алады. Адам табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Тақырыпты оқу. «Егер мен Құрмаштың орнында болсам…» эссе жазу

Смайликті санау арқылы бағалау

Басқа да ашық сабақтарды көру

ПІКІР ҚАЛДЫРУ