Мүлік салығын есептеу және жеңілдіктерді қолдану ерекшеліктері

0
3751
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

 Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды  қатардағы еңбек  адамынан  бастап салықшылардың  өздерiне дейiн қағидаға  айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

  1. Мүлік салығын есептеу және жеңілдіктерді қолдану ерекшеліктері

1.1. Мүлiк салығының объектiсi мен субъектiсi

1.2. Заңды тұланың мүлiк салығының ставкалары

1.3. Заңды тлғаның мүлiк салығының жеңiлдiктерi және есептi кезеңi

1.4. Заңды тұлғаның мүлiк салығын есептеу тәртiбi мен  механизмi

Қорытынды

Әдебиеттер

 

Кiрiспе

Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды  қатардағы еңбек  адамынан  бастап салықшылардың  өздерiне дейiн қағидаға  айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.

Мемлекет салықтарды пайдалана  отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге  активтi тұрде қатыса алады.  Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге  мүмкiндiк бередi, соның iшiнде  өзiнiң өмiр сүру  денгейiн  минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына  материалды көмек көрсету  мүмкiндiгi бар.

Кез келген мемлекет  өзiнiң қаржылық базасы болғанда  ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң  аппаратын  ұстауға және  өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды  жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана  өмiр сүредi.

Салық- мемлекеттiң бекiтуi. Қазақстан Республикасында  салықты төлеу мiндеттемелерi, азаматтардың  Конституциялық мiндеттемелерiнiң  қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет  саяси ѕкiмет саяси субъект өкiлдiгiне  сүйене отырып әрекет етедi.

Мемлекет ақшалай қаржыларды  түрлi жолдармен табады: бiр жағдайда мемлекет  зайымдар iшкi  және сыртқы  ретiнде меншiк иесiнiң  қаражаты өз еркiмен беруге негiзделетiн  әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда  ақшалай қаражаттар  ерiксiз өндiрiп алу жолымен  алынады.

Салықтар- мемлекеттiк бюджетке  заңды және жеке  тұлғалардан  белгiлi  бiр мөлшерде  мiндеттi  төлемдер.

Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының  қалыптасуындағы  қаржылық қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi.  Сонымен қатар, шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер  мен халық табысының  белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынастарын  көрсетедi.

Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiң  тiршiлiк етiп дамуының  негiзi болып табылады.

Өркениеттi елдердiң қай-қайсысында  болмасын мемлекеттiк  бюджет, яғни халықтың  ортақ  қалтасының  қаражаты салық арқылы құралатындығы белгiлi.

Демек,  әлеуметтiк экономикалық  дамуға әркез дем берiп, қан жѕгiртiп, отыратын бюджеттiң  түзiлiмiнде, iрiлi-кiшiлiгiне қарамастан, барлық салық төлеушiлердiң мән маңызы мен  рөлi өте үлкен. Осы тұрғыдан келгенде  бiз әрбiр  салық төлеушiге, құрметпен қарауымыз керек, әрi олардан тиiстi салық төлемiнiң  уақытылы толық  көлемде түсiп тұруын қамтамасыз етуге, оның барысын  ѕздiксiз бақылап, қадағалауға  мiндеткеремiз.

  1. Мүлік салығын есептеу және жеңілдіктерді қолдану ерекшеліктері

1.1. Мүлiк салығының объектiсi мен субъектiсi

Жалпы бұл бөлiмде мүлiк салығының объектiсi және субъектiсi қарастырылады.

Салық объектiсi дегенiмiз-салық салу барасында мемлекет заң бойынша салық  ұсталынатын объектiнi көрсету қажет немесе салық салынатын барлық заттар, салық объектiсiне жатады. Мысалы, мүлiк, тауар, жер, табыс және тағы басқалар.

Салық субъектiсi дегенiмiз- заң-бойынша салық төлейтiн салық төлеушiлер немесе заңды және жеке тұлғалар.

Мүлiк салығы нақты тiкелей салық қатарына жатады. Мүлiк салығы сомасы салық төлеушiнiң  табыс көлемiне қарай емес, мүлкiнiң құнына қарай анықталады.

Салық төлеушiлер: меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды және жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiлерi:

— кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлары көлiк құралдарына, салық салынатын көлiк құралдарынан басқасы;

— жеке  тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың  жеке пайдалануындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар, өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй жайлар болып табылады.

Мүлiк салығының субъектiлерi  салық объектiсi болып табылатын мүлiктiң салық төлеушi иесi бiр жағынан, екiншi жағынан мемлекеттiк бюджет.

Мүлiк салығы төлеушi субъект өз еркiмен тиiстi нұсқауға сәйкес есептеп  төлеуге тиiс болса, мемлекет жағынан субъектi, салық комитетi салықты жинау және қадағалаушы болып табылады.

Кодекс- салықты және бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу. Енгiзу және есептеу  мен төлеу тәртiбi  жөнiндегi билiктiк  қатынастарды, сондай-ақ мемлекет   пен салық төлеушi арасындағы салықтық  мiндеттердi орындауға  байланысты қатынастарды реттейдi.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлiктерiне салынатын салық.

Салық төлеушiлер:             

  1. Мыналар мүлiкке салынатын салық төлеушiлер болып табылады:
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару  құқығында;
  • салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары);
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер;
  1. Заңды тұлғалардың филиалдары өкiлдiлiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық  бөлiмшелерi, оларда жеке бухгалтерлiк  балансы бар кезде  дербес салық төлеушiлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының резидент емес  заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi (филиалдары, өкiлдерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi). Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан салық салу объектiлерi  бойынша төлеушiлер болып табылады.

  1. екiншi тармақта көрсетiлген салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты заңды тұлғалар үшін белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
  2. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнедi. Салық салу объектiлерi бойынша бiрiнғай жер салығын төлеушiлер.

Салық салу объектiлерi бойынша бiрiнғай жер салығын белгiленген  қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты белгiленген тәртiп бойынша төлейдi.

  • салық салу белгiленген салық режимiнiң моделi (жер қойнауын пайдаланушы өнiм бөлiсу бойынша Қазақстан Республикасының ѕлесi осында көзделген барлық салық түрлерi мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi, олар мыналар: өңделмеген мЅнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз; ұстеме пайдаға салынатын салық; жер салығы; мүлiк салығы жатпайды) бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
  • кәсiпкерлiк қызмет үшін пайдаланылмайтын салық салу объектiлерi бойынша мемлекеттiк мекемелер;
  • Қазақстан Республкасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен ѕкiленттiлiктерi;
  • Қазақстан Республикасының lшкi iстер министрiнiң жазасын өтеу мекемелерi, қылмыстық –атқару жүйесiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жазасын өтеу мекемелерi.

Осы тармақтың 3),5) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға берiлген кезде салық төлеуден босатылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау:

  1. меншiк иесi мен келiсiм бойынша салық төлеушiмен жалға немесе сенiмгерлiк басқару құқығы негiзiнде салық салу  объектiлерiн берген кезде  сенiмгерлiк басқарушы немесе жалға  алушы болуы мѕкiн.

Бұл ретте сенiмгерлiк басқарушының немесе жалға алушының  салық төлеуi салық салуы объектiлерi иесiнiң есептi кезең үшін салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

  1. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ ѕлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып табылады.
  2. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы мүлiктiң иелерiнiң бiрi олардың өзара келiсiмдерi бойынша салық төлеушi  бола алады.
  3. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

Салық салу объектiсi.

  1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшін негiзгi құрал жабдықтар (оның iшiнде тұрғын үй қорында орналасқан объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу  объектiсi болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп  жөнiндегi  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте  белгiленген  материалдық  объектiлер  материалдық емес активтер болып табылады.

  1. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
  • а) Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ ѕлестiк меншiк кезiнде-жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

б) Жекеленген жағдайларда  салық салу объектiсiн анықтау. Темiр жолдар, оқшаулау жолақтары, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда  заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi   ұйымдар объектiлерiне  бөлiнген жер учаскелерi  темiр жол көлiгi Үймдары үшін салық салу объектiсi болып табылады.

в) Электр тарту желiлерi  бағынышты  станциялар тiректерi орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда балансында  электр тарту желiлерi  бар энергетика  мен электрификация жүйесiнiң   ұйымдары үшін осы  ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелелерi  салық салу объектiсi болып табылады.

г) мұнай-газ құбырлары  орналасқан учаскелерiн қоса алғанда  балансында мұнай, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiру, тасмалдауда жүзеге асырылатын  ұйымдарға заңдарда белгiленген  тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

Осы баптарға сәйкес  жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;

  • белгiленген заң актiлерiнде өкiлеттi  органда  мемлекеттiк  тiркеуге жататын  және есепте тұрған көлiк құралдарын салық салу объектiлерi болып табылады:

мыналар:

а) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын  карьерлiк автосамосвалдар;

б) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;

в) Қазақстан Республикасы ѕкiметi бекiткен  тiзбе бойынша мамандандырылған ауылшаруашылығы техникасы салық салу объектiлерi  болып табылады.

  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша уақытша тоқтатылып қойылған негiзгi құрал жабыдқтар;
  • Жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардың iшiндегi:

бұру алқабы;

жолдардың конструкциялық элементтерi;

жоладарды жайғастыру және жайластыру;

көпiрлерi;

жол өткелдерi;

тасымал соңы;

тунельдер;

қорғанушы галерялары;

жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылығылары;

су бұрғыш және су өткiзгiш салынымдар;

жол бойындағы орман алқаптары;

желдiк өндiрiстiк кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер.

1.2. Заңды тұланың мүлiк салығының ставкалары

Салық ставкасы салық өлшем бiрлiгiне сәйкес келетiн салық мөлшерi. Салық ставкасы көбiне процент тұрiнде белгiленедi. Әлемдiк тәжiрибе бойынша салық ставкаларының келесiдей түрлерi бар:

  1. Прогрессивтi салық ставкасы -салық объектiсi немесе табыс өскен сайын ставка тұрi. Мысалы, мүлiк салығы немесе жеке тұлғалардың  табыс салығы.
  2. Пропорционалды салық ставкасы-салық объектiсi немесе табыс мөлшерiне байланыссыз бiрқалыпты денгейде қойылатын ставка тұрi. Мысалы, қосылған құн салығы, акциз салығы, әлеуметтiк салық.
  3. Регрессивтi салық ставкасы- салық объектiсi немесе табыс мөлшерi өскен сайын  кеми түсетiн ставка тұрi.

1.3. Заңды тұлғаның мүлiк салығының жеңiлдiктерi және есептi кезеңі

Салық  жеңiлдiктерiн беру арқылы  мемлекет өндiргiш кѕштердi  аймақтық  орналастыруға, инфрақұрылым объектiлерiн салуға және тағы да басқа айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек  жекелеген шаралар жүргiзiп қоймай, сонымен қатар барлық  шаруашылық коньюктурасына ықпал етедi. Мемлекет салық салудағы жеңiлдiктер беру жолымен кѕрделi қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияға қолайлы жағдай жасайды.

Мүлiк салығының жеңiлдiктерi

Мүлiк салығын төлеуден келесiлер босатылады:

  1. Мемлекеттiк мекемелер, кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайтын коммерциялық емес ұйымдар мүлiк салығынан босатылады;
  2. Қазақстан Республикасының мѕгедектер қоғамы, әлеуметтiк сферада, өндiрiстiк мақсатта қолданылған ақыл- ойы және дене бiтiмi  жағынан кемiстiгi бар балалар мен жас өспiрiмдердi  әлеуметтiк  адаптациямен  еңбек  ребилитация орталығы  мүлiк салығынан босатылады;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң негiзгi қызметiне жұмсалған  мүлiктер салықтан босатылады;
  4. Балалар, мектепке дейiнгi орта, мамандық және жоғарғы бiлiм беру сферасындағы көрсетiлген медициналық көмек беру қызметiн жүзеге асыратын  ұйымдар, бiрақ бұл қызметтен түскен табыстары жалпы жылдық табыстың  50 процентiн алу керек;
  5. Түзету мекемелерi;
  6. Келесi жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайтын мүлiктерi бойынша мың еселiк айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде салық салынбайтын минимум белгiленедi:

а) Кеңес Одағының  батырлары, Социалистiк Еңбек батырлары, Ұлы Отан  соғысының қатысушылары және оларға теңестiрiлген тұлғалар ²Халық қаїарманы² атағына ие  тұлғалар, ²даңқ² орденiнiң  ѕш дәрежесiмен және ²Отан² орденiне  ие тұлғалар;

ә) ²алтын алқа² және  ²ардақты ана ² атағына ие болған көп балалы  аналар;

б) I және II топтағы мѕгедектерге;

в) жеке тұратын  зейнеткерлерге белгiленедi;

Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бѕтiн   өндiрiс  тұрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей тұрiнен бѕтiндей босату қолданылады. Lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану,  -экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы,  мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мЅндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мѕдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң Ѕлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жѕгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның  ұстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден бұлтару үшін арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция тұрiнде жататын салық каникулының Ѕлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, тѕбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

Кiрiс министрiнiң аймақтық органдарының деректерi бойынша мемлекеттiк бюджеттiң 48 пайызына немесе iшкi жалпы өнiмнiң 9,9 пайызына пара-пар салық жеңiлдiктерi мен преференциялар 2000 жылы  188,9 миллиард тенге тұрған. Оның 66,2 пайыздық қомақты бөлiгi iшкi тауарлар өндiрiсiнiң қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiк. Ал осы жасалған жеңiлдiктiң 42,9 пайызы (салығы нолдiк ставкамен алынатын) экспортталатын тауарлар түрлерiне, 42,4 пайзы айналымға жеңiлдiк жасау мақсаттарында ²салық және бюджеттiк басқадай мiндеттiк төлемдер туралы² заңының 57 бабына сай қосымша құн салығынан босатылғандар есебiне тиiп отыр. Импортталтын тауарларын қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiктiң ѕлесi 22,7 пайыз.

2001 жылдың алғашқы жартысында мемлекет кiрiсiнiң 48,1 пайызы немесе  жаппай iшкi өнiмнiң 11,8 пайыз көлемiнде 124,7  миллиард тенге  тұратындай жеңiлдiк берiлген Ѕлес салмағы бойынша ең көбi 74,8 пайызы iшкi тауарлар өнiмiнiң  қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiк экспорталатын тауарлардың қосымша құн салығының (нолдiк ставка) 1999 жылғы 31 пайыздық көрсеткiшi 2001 жылдық 6 айының iшiнде өткен жылғыға қарағанда 43,8 пайызға өскенi байқалады.

Жеке құрылыс жүргiзу және технологиялық жабдықтарға деген шығындарды бiр мауысымды шығындар есебiнде ²салық және бюджетке басқа да мiндеттiк төлемдер туралы² заңның 20-10 бабына сәйкес жеңiлдiктерге жатқызу осы жақын күндерге  дейiн күшінде болды. Айтылып отырған жеңiлдiкте салық төлеушiлердiң теңсiздiгiн туғызды. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң деректерiне сүйенсек технология жабдықтар бойнша берiлген жеңiлдiктер 40,8 миллиард шығын әкелген. 2000 жылдың қаңтарынан бұл бап өзгертiлдi.

Салықтар заңның 138 бабына сәйкес өндiрiс үшін жер ең басты қажеттiлiк болып табылатын ауыл еңбеккерлерiне патент негiзiндегi салықтың қарапйым бiр тұрi қолданылуда. Патенттiң құны мен бюджетке төленуi керек салықтардың айырмашылығы 80 пайыз екен. Салық комитетiнiң жер басты өндiрiс көзi болып табылатын ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер мен заңды тұлғаларға  2000 жылы  1335 патент берiптi. Жаңағы 80 пайыз кемiген  салықтың  және басқа төлемдер бойынша  1769,8 миллион тенге көлемiнде алым түссе, оның  iшiнде қосымша құн салығына  223,5 миллион тенге. Оның  143 миллионы ауылшаруашылығына жасалған жеңiлдiктер.

Тiкелей ²инвестицияны мемлекеттiк  қолдау туралы² заңына  сәйкес ІР инвестиция жөнiндегi агенттiгiне өкiлеттi орган  ретiнде басату арқылы инвестормен келiсiмдердi бекiту құқығы берiлген. МКМ ақпараттар негiзiне сүйенсек, 2000 жылдан 2002 жылдың 1-шi жартысна дейiн 124 кәсiпорынға 1,9 миллиард тенге жеңiлдiк  жасалған. Салынар  салық  ауыртпалығының жартысынан астамы кәсiпорындардың iшiндегi 25 –i жеңiлдiктi 1999 жылдан берi пайдаланып келедi. Олардың қаржылай жағдайына қарап көрсеңiз 11-нiң ғана қалi жақсы. Ал қалғандарының 1999 жылға қарағанда 2000 жылы 51,1 миллион орынына 349,0 миллион тенгеге шығынға бату еш сын көтермейтiн айғақтар.

Бәсекелестiгi жақсы жолға қойылған секторлар мен кәсiпорындар аралығындағы жеңiлдiктер өндiрушiлердi алалау сияқты көрiнерi сөзсiз. Жарайды, технологиясы   ескiрген немесе өнiмге кетер шығынның ақталуы қиын ұн, нан, кеспе, кондитерлiк б ұйымдарын өндiруде, сѕт өнiмдерi мен балмұздақ шығарушы кәсiпорындарға жеңiлдiк берiлгенi жөнi-ақ. Пайдасы шаш етектен  өнiм шығарушы кәсiпорындарға Ұялы телефон байланыстарын орнатушы екi компанияға, шарап өнiмдерiн өндiруге орай 7 жобаға, сыра өндiрiсiне қатысты 6 жобаға не үшін  ²қамқорлық² қажет екенiн ешкiм бiлмейдi.

БЅдан шығар қорытындыларға келсек- жеңiлдiктер мен  преференцияларды пайдаланушы кәсiпорын инвесторлар қисынсыз және тиiмсiз жұмыс iстеуде-бұл бiр, жеңiлдiктер жұмыс орнына қарай берiлмейдi- екi, жеңiлдiк берiлген инвестор-кәсiпорындар экономиканың салаларындағы бәсекелестiк шарттарына кесiрiн тигiзуде-ѕш. Инвестициялық салықтың прференциясы, сол қЅжат жобасында айтылғандай салық төлеушiлер өз ықтиярымен жылдық  кiрiс көлемiне қарай үй құрылысын пайдалануға дайындап беру немесе өндiрiстi Ѕлғайтар мақсаттарға  құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу керек. Осыған орай кәсiпорындарды жекешелендiрудi бастапқы келiсiм шарттарының  талабына сай жұмыс жасаушылар мен арадағы қарым-қатынасты бiртiндеп салық мiндеттерiнiң жалпыға бiрдей тәуелдi қалпына түсiру керек. Ал қосымша инвестиция әкелуде шетелдiк пен одақтық инвестицияларға тепе-теңдiк жағдайын туғызған жөн.

Кәсiпорын жалға (қаржыланатын) 10 жыл мерзiмге  өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi құралдарды тапсырды. Бұл жағдайда мүлiктiң  жыл салығын кiм төлеуге тиiс? Жауап: Қазақстан Республикасының салық заңы бойынша (Қазақстан Республикасының Президентiнiң ²Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы² жарлығының 43-бабы) қаржылық жалдау лизингi болып табылады, яғни егер жалға берушi аммортизацияға  жататын негiзгi құралдары  жалға тапсырса, онда салық салу мақсатындағы операция жалгерлiк мүлiктi  сатып алуы ретiнде қарастыру тиiс.

Демек,  мүлiктi кез-келген сатып алу, өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi құралдарды лизингке тапсыру кезiнде мүлiк салығын төлеушi жалгер болып табылады. МЅнда негiзгi құралдарды аммортизацияға жатқызатын жалгерлiктiң, егер осы келiсiм  шарттардың  бiрiн орындаса, лизинг  болып табылады:

— жалдау мерзiмi негiзгi құралдар мерзiмiнен 80 %-тен асса;

— жалгер негiзгi  құралдарды шектеулi баға немесе жалдау аяқталғанда белгiленген баға  бойынша сатып алу құқығын иеленедi;

— жалгерлiк аяқталған бойдағы жалданған негiзгi құралдардың құны олардың жалдау басындағы құнның 20 процентiнен кем болса;

— төлемдердiң ағымдық  құны барлық жалдау мезгiлi iшiнде  жалдайтын құралдар құнының 90 пайызынан асып түседi.

1.4. Заңды тұлғаның мүлiк салығын есептеу тәртiбi мен  механизмi

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 0,5 проценттiк ставка бойынша есептелетiн  салықтық ағымдағы сомасын салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында,  20 тамызында және 20 қарашасында тең ѕлеспен төлейдi. Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай  нақтылы есептелетiн салық төлеу немесе артық төленгенiн қайтару салық төлеушiлер декларация  табыс еткеннен кейiнгi 10 күн iшiнде салық жылының нәтижелерi бойынша табыс салығы  жөнiндегi  декларация ұсыну үшін  көзделген мерзiмде жүргiзедi. Жеке пайдалануындағы  мүлкi бойынша жеке тұлғалар ағымдағы жылдың 1 қазанынан  кешiктiрiлмей салық төлейдi.

Салықтық есептеу және төлеу тәртiбi:

  1. Салық төлеушiлер салықты есептеуде салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес тұрде жүргiзедi.
  2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн  өндiрушiлер үшін арнайы салық режимiнде  бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салықты төлеу тәртiбi белгiленген.
  3. Ортақ ѕлестiк меншiкте тұрған салық салу объектiлерi бойынша олардың осы мүлiктегi ѕлесiне пропорционалды  тұрде есептелiп шығарылады.
  4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiкке салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi. Олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша белгiленген салық салу  объектiлерiнiң   қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
  5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан орны бойынша жүргiзiледi.
  6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiнде 20 ақпанынан 20 мамырдан және 20 тамыздан кешiктiрмей тең ѕлестермен енгiзедi.  Жаңадан құралған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша салық  төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға тапсыру күнгiнен) кейiнгi  кезектi мерзiм ағымдағы төлемдi төлеудiң 1 мерзiмi болып табылады. Ағымдағы төлемдердiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен төлеу мерзiмiнен кейiн пайдалануға  немесе жалға салық салу объектiсiнiң беру кезiнде салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20 күнiнен салық сомасын төлейдi.
  7. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны Ѕсынған мерзiмi басталғаннан 10 күннен кем болмайтын мерзiмнен кешiктiрмей тѕпкiлiктi есеп айырысады және мүлiкке салынатын салықты төлейдi.

 Жекелеген жағдайларды салықты есептеу және төлеу

  1. Егер жеке кәсiпкер тұрғын үй қоры құрамындағы үй жайлар бойынша кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, осы үй –жайлар бойынша салықты көзделген ставкалар және тәртiп бойынша есептейдi және төлейдi.
  2. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi заңдарда белгiленген  тәртiп бойынша тұрғын үй құрамынан шығарылған үй жайларда жүзеге асырған жағдайда, аталған үй жайлар бойынша салық осы тарауда  белгiленген тәртiп бойынша есептелiнiп шығарылады және төленедi.

Салықтық кезең

Заңды тұлғалар үшін салық кезеңi салық салу объектiсiн пайдалануға немесе жалға тапсыру мезетiнен  бастап мЅндай пайдаланудың аяқталу  мезетiне дейiн анықталады.

Салық, есеп

  1. салық төлеушiлер (ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына төлемдер сомасының есебiмен декларацияны Ѕсынуға мiндеттi.

Бюджетпен есеп айырысуды  ауыл шаруашылық өнiмдерiн  арналған салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептемесiн тапсыру тәртiбi белгiленген.

Заңды тұлғалар пайдалануға немесе  жалға берген салық салу объектiлерi бойынша  ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе  жалға берген айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей Ѕсынылады.

Мүлiкке салынатын салық бойынша декларация   есептi жылдан кейiнгi айдың 1 наурызына дейiн Ѕсынылады.

Филиалдары, өкiлдiктерi және өзге оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн ұсыну ерекшелiгi:

Филиалдары, өкiлдiктерi  мен өзге де оқшауланған  құрылымдық бөлiмшелерi (бЅдан да әрi- құрылымдық бөлiмшелер) бар, дербес салық төлеушi болып табылатын  заңды тұлға салық есептiлiгiн Ѕсынумен бiр мезгiлде есептелген салық сомаларының жиынтық тiзiлiмiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша тапсыруға тиiстi.

Жиынтық тiзiлiмнiң нысанын және оны толтырудың тәртiбiн өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Бұл ретте, жиынтық тiзiлiмнiң деректерi салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдары  куәландырылған құрылымдық бөлiмшелердiң ағымдағы төлемдерi мен декларация есебi соммаларының көшiрмесiмен расталуы тиiс.

Дербес салық төлеушi болып табылмайтын құрылымдық  бөлiмшелерi бар заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бойынша  салық салу объектiлерiнiң есебiн жеке жүргiзуi тиiс. Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi бойынша есептелген салық сомалары құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша  бюджетке енгiзуге  жатады. Мүлiкке салынатын салық бойынша салықтың  есебiмен бiр мезгiлде  заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшін төлеуi тиiс мүлiкке салынатын салық соммаларының есебiн тапсыруға  мiндеттi. Құрылымдық  бөлiмшелер үшін төленуi тиiс мүлiкке салынатын салық сомалары, есептерiн  толтыру тәртiбi мен  нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Заңды тұлға есептемесiн  ұсынатын жердегi салық  органы басшысының  қолы қойылып, мөрiмен куәландырылған есептiң көшiрмесi  құрылымдық бөлiмшелердiң  салық салу объектiлерi  орналасқан жерi бойынша  салық органына  тиiстi салықты есептi  тапсыру үшін  белгiленген мерзiмде  ұсынылуы тиiс.

Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi  бойынша  салық  сомаларын төлеудi  заңды тұлға тiкелей  өзiнiң банктiк  есеп –шотынан жүргiзедi немесе  өз құрылымдық  бөлiмшелерiне жѕктейдi.

Салық төлеушiлер

Меншiк құқығына  салық салу объектiлерi  бар жеке  тұлғалар  мүлiк салығын төлеушiлер болып  табылады.

Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:

— мерзiмдi қызметтегi әскери  қызметшiлер  мерзiмдi қызметтен  өту кезеңiнде;

— Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына  қатысушылар мен  оларға теңестiрiлген  адамдар, ²Халық қаїарманы² атағын  иеленушi, ²Даңқ² орденiнiң ѕш  дәрежесiмен жiне ²Отан²  орденiне мараппатталған тұлғалар, ²алтын алқа² және ²Батыр ана² атағын иеленушi көп балалы аналар, I және II топтағы мѕгедектерi, жеке тұратын зейнеткерлер салық салу  объектiлерiнiң  мың есептiк  айлық көрсеткiшiне тең құны шегiндi.

— Салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға беруге берген, осы тармақта көрсетiлген тұлға салықты осы  тарауда  белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

Жекелеген жағадайларда салық төлеушiлердi айқындау 

Салық салу объектiлерiн меншiк иесi келiсiм бойынша  сенiмгерлiк  басқаруға немесе  жалға берген кезде салық салу объектiсi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша берiлген объектiлерге салық төлеушi сенiмдi басқарушы  немесе  жалға алушы болуы мүмкiн.

Бұл ретте, сенiмгер басқарушының немесе, жалға алушының төлеген салығы  салық салу  объектiсi  меншiк иесiнiң осы салық  кезеңi үшін салық мiндеттемесiн орындағаны болып табылады.

Егер салық салу объектiсi бiрнеше  тұлғаның ортақ ѕлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы  төленуiш болып табылады.

Бiрлескен ортақ иелiктегi  салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiсi иелерiнiң бiрi салық төлеушi өздерiнiң арасындағы келiсiммен салық төлеушi бола алады.

Салық салу объектiсi:

Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:

— Қазақстан Республикасы аумағындағы  тұрғын үй-жайлар, сая жайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылыстар;

— Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi –қоныстандырылу (пайдалну) кезңiнен бастап жеке тұлғалар үшін салық салу объектiсi болып табылады.

Салықтық база:

— Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген уәкiлетi орган әр жылдық 1 қаңтарындағы  жай-күн бойынша  белгiлейтiн күн жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық баға болып табылады.  Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының ѕкiметi белгiлейдi;

— егер салық кезеңiнiң  ұзақтығы 12 айдан кем болса салық базасы салық салу объектiсiнiң құнын 12 бөлу және салық кезеңiндегi айлар санын көбейту арқылы есептелдi;

— бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi 1 жеке тұлға болып табылған жағдайда, салық базасы әр  объект бойынша жеке-жеке есептелiнедi.

Салық сомасы  салық салу объектiсi орналасқан жерiне қарай салынады.

Қандай да бiр механизмнiң құрамында  бiрнеше тетiктер және элементтер болады. Мүлiк салығы механизiмi де  белгiлi бiр салық элементтерiнен құралады.

Мүлiк салығы элементтерi мыналар: субъект, объект, салық көзi, салық ставкасы өлшем бiрлiгi, салық оклады, салық жеңiлдiктерi, салық төлеу мерзiмi мен тәртiбi, салық төлеушiнiң және салық қызметi органдарының  құқығы  мен мiндеттерi, салықты төлеуiн бақылау, салықтық  жазалау шаралары.

Ендi осы әрбiр элементке қысқаша түсiнiк берейiк:

Салық субъектi- (салық төлеушi) дегенiмiз-  заң бойынша салық төлеу мiндетi жѕктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектiсi- табыс мүлiк, мүлiктi басқаға беру және тағы басқалар.

Салық көзi- салық салынатын табыс.

Салық ставкасы немесе  бәсi өлшем бiрлiгiнен алынатын салық мөлшерi, яғни салық сомасын есептеу үшін қажет өлшем бiрлiктерi. Мысалы, өлшем бiрлiк болып тенге табылады. Ал жер салығында өлшем бiрлiк болып 1 гектар, 1 шаршы кв метр табылады.

Ставкалар тұрақты немесе пайызбен берiледi.

Тұрақты сатвкалар салық объектiсiнен  түсетiн табыстың мөлшерiне байланыссыз, өлшем бiрлiгiне тұрақты сомамен тағайындалады.

Пайыздық ставкалар ѕш тұрге бөлiнедi: ѕдемелi немесе прогрессивтi, регрессивтi немесе пропорционалды.

Үдемелi немесе прогрессивтiк   ставкалар  салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұдайы  үдеп, өсiп отырады.

Регрессивтi ставкалдар керiсiнше, салық салынатын  табыстың төмендеуiне сәйкес азайып отырады.

Пропорционалды ставкалар салық салу объектiсiнiң мөлшерiне  байланыссыз тұрақты бiр процентпен тағайындалады.

Салық окалды- салық төлеушiнiң белгiлi бiр салық объектiсiнен төлейтiн салық соммасы.

Салық жеңiлдiктерi дегенiмiз заңға сәйкес салық төлеушiнi бiртiндеп немесе салық төлеуден тѕгел босату.

Салық жеңiлдiктерiне салықтан босатылатын салық салынбайтын минимум  шегерiстер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзiмiн Ѕзарту жатады.

Салық төлеу мерзiмi –салық төленетiн уақыт.

Салық төлеу тәртiбi- белгiленген  мерзiмдi салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенiн, яғни төлеу кезiнде белгiлi бiр дәйектiлiктi белгiлейдi.

Салық төлеудегi дәйектiлiк заң тұрiнде бекiтiледi де, мынадай тәртiппен iске асырылады:

а) бiрiншi- кезеңде барлық мүлiкке салынатын салық төленедi;

ә) екiншi- кезеңде  жергiлiктi салықтар мен алымдар;

б) үшіншi кезеңде басқа  да салықтар мен алымдар.

Салық төлеушiлер мен салық қызметi органдарының құқығы  мен мiндеттерi  салық заңдары  арқылы белгiленедi және реттеледi.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң заң кѕшi бар жарлығы  ²Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы². Қазақстан Республикасы Президентi Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң  Актiлерi; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң нормативтiк актiлерi.

Салыққа қатынасты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелердi енгiзуге тиым салынған.

Қорытынды

Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

Салықтар өте кѕштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мЅның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты тұрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сүранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге Ѕшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады.

Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгiсi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды тұрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез -келген  экономикалық жүйенiң кѕрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

Кез- келген  елде мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi.

Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да экономиканы басқарудың кѕштi стимулдық құрамы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi  жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер үшін онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

  1. ²О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями² 1 января 2000 г. Алматы
  2. Гражданский кодекс РК- Алматы- ²Іаржы-қаражат².
  3. Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету Алматы: ²Іаржы-қаражат² 1997г.
  4. Карагусова Г. ²Налоги: сущность и практика пользования² -Алматы, ²Іаржы -қаражат², 1994
  5. Ермекбаева Б.Ж. ²Жалпы мемлекеттiк салықтар² / Алматы ²Экономика², 1997ж.
  6. Егемендi Қазақстан ²Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы  Салық кодексiнiң жобасы², 2000.2 қараша.
  7. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2000ж, 1999ж N1-12
  8. Салық- халық несiбесi  Еегемендi  Қазақстан, 2000ж.1 қазан.
  9. Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, ²Іаржы -қаражат² 2000ж. N24-27б.
  10. Аудит и налогооблажение –2000 N1-12

ПІКІР ҚАЛДЫРУ