Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны

0
1331
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

 Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды  қатардағы еңбек  адамынан  бастап салықшылардың  өздерiне дейiн қағидаға  айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

  1. I. Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны

1.1. Мүлiк салығының пайда болу тарихы

1.2. Салықтардың экономикалық  мәнi және маңызы

1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесi

Қорытынды

Әдебиеттер

 

Кiрiспе

Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды  қатардағы еңбек  адамынан  бастап салықшылардың  өздерiне дейiн қағидаға  айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор.

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.

Мемлекет салықтарды пайдалана  отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге  активтi тұрде қатыса алады.  Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге  мүмкiндiк бередi, соның iшiнде  өзiнiң өмiр сүру  денгейiн  минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына  материалды көмек көрсету  мүмкiндiгi бар.

Кез келген мемлекет  өзiнiң қаржылық базасы болғанда  ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң  аппаратын  ұстауға және  өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды  жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана  өмiр сүредi.

Салық- мемлекеттiң бекiтуi. Қазақстан Республикасында  салықты төлеу мiндеттемелерi, азаматтардың  Конституциялық мiндеттемелерiнiң  қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет  саяси ѕкiмет саяси субъект өкiлдiгiне  сүйене отырып әрекет етедi.

Мемлекет ақшалай қаржыларды  түрлi жолдармен табады: бiр жағдайда мемлекет  зайымдар iшкi  және сыртқы  ретiнде меншiк иесiнiң  қаражаты өз еркiмен беруге негiзделетiн  әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда  ақшалай қаражаттар  ерiксiз өндiрiп алу жолымен  алынады.

Салықтар- мемлекеттiк бюджетке  заңды және жеке  тұлғалардан  белгiлi  бiр мөлшерде  мiндеттi  төлемдер.

Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының  қалыптасуындағы  қаржылық қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi.  Сонымен қатар, шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер  мен халық табысының  белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынастарын  көрсетедi.

Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiң  тiршiлiк етiп дамуының  негiзi болып табылады.

Өркениеттi елдердiң қай-қайсысында  болмасын мемлекеттiк  бюджет, яғни халықтың  ортақ  қалтасының  қаражаты салық арқылы құралатындығы белгiлi.

Демек,  әлеуметтiк экономикалық  дамуға әркез дем берiп, қан жѕгiртiп, отыратын бюджеттiң  түзiлiмiнде, iрiлi-кiшiлiгiне қарамастан, барлық салық төлеушiлердiң мән маңызы мен  рөлi өте үлкен. Осы тұрғыдан келгенде  бiз әрбiр  салық төлеушiге, құрметпен қарауымыз керек, әрi олардан тиiстi салық төлемiнiң  уақытылы толық  көлемде түсiп тұруын қамтамасыз етуге, оның барысын  ѕздiксiз бақылап, қадағалауға  мiндеткеремiз.

  1. Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны

1.1. Мүлiк салығының пайда болу тарихы

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау  мүмкiн емес.  Салықтардың прототипi  адамзат қоғамымен басқарудың  ең алғашқы  формаларымен  бiрге пайда болған.

Алғашқы қауымдастықтың  өзiнде, қоршаған ортаның  қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшін, сонымен қатар асаршылық жағдайна  азық- тұлiк қоғамдық запастарын  сақтау үшін, бiрнеше  адамдардың қолдауын түсiнген.

Осыдан келiп, мынаны  айтуға болады, салықтардың алғашқы  пайда болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың  қанағаттандырылуының ұжымдық тұтынуы болды. Байлар өздерiн  адал әрi байыту үшін кедейлерден салықтарды  ұстайтынын ұмытпау керек. Бұл тұрде салықтар ұзақ  уақыт бойы әрекет еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде  түсiндi.

Тек XV ғасырдан бастап қана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн, сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi  мен экономикалық  функцияларын  зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта маңыздылығының алғашқы әрекеттерi  пайда болды.

Салықтар қоғамдық өнiмнiң  бiр бөлiгiн  мiндеттi төлемдер ретiнде мемлекеттiк  бюджеттiң кiрiс жағының  негiзi қайнар көзi ретiнде  құрылуы ертеден  келе жатқан дәстұрдiң  бiрi.  Және бұл дәстұр нарықтық экономика жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен  салық салуды адамзат цивлизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде  қарауға болады.

Жалпы салықтардың iшiнде  мүлiк салығының алатын  орны ерекше. Мүлiк салығы толығымен дерлiк  жергiлiктi бюджетке барып түседi. Мүлiк салығы нақтылай  тiкелей салықтардың қатарына жатады.  Мүлiк салығының сомасы  салық төлеушiнiң табыс көлемiне  қарай емес,  мүлкiнiң қарқына қарай анықталады.

Салықтардың даму тарихын мыңжылдықтармен өлшеуге болады. Салықтардың ең алғаш пайда болуы -мемлекет пен қоғамның әр тұрiн  кластарға  бөлiнуiмен бiрге пайда болды.  Салық салудың  қалыпты теориялық негiздерiнiң  пайда болу тарихы  көне ғылым түрiне жатпайды. XVII ғасырға дейiн  салықтар жайлы  барлық көзқарастар  кездейсоқ сипатта болды, яғни ғылымдардың, ешқандай салаларында ешкiм өзiнше  ғылым ретiнде мойындамады.

Салықтардың теориялық  негiздерi тек ғылым ретiнде тек  XVII ғасырдан бастап қана қалыптасты және оның негiзгi қатысушысы  шотландиялық философ Адам  Смит болды.

Қазiргi мемлекеттердiң көптеген  жақтары  Ежелгi Римде  пайда болды. Рим  провинцияларында  ең негiзгi табыс  көзi  жер салығы болды.  Оның орташа ставкасы  жер учаскесi табысының  оннан бiр бөлiгiн құрады.  Салық салудың  негiзгi формалары  да  қолданылған, мысалы жемiс ағаштары және  жүзiмнiң көлемiне  салынатын салық.

Басқа да құндылықтарға  салық салынатын қозғалмайтын  мүлiк, тiрi инвентарь (iрi қара мал, сондай-ақ құлдар), құндылықтар.

Провинцияның әрбiр  тұрғыны  бәрiне ортақ  жанбасылық салықты төлеуi керек болды. Келесiдей жанама салықтар әрекет еттi: айналымнан салық 1% ставка бойынша  құл сату-сатып алу айналымына   салынатын салық 4% ставка бойынша  және құлдарды  босату салығы, олардың құнына 5 % бойынша.

Мұраға салынатын салық  тек Рим  тұрғындарына   ғана салынады.  Салық мақсатты сипатта болды. Алынған қаржылар мамандандырылған  әскердi  зейнетақымен қамтамасыз ету үшін  жұмсалған.

XII   ғасырдың соңы  ХХ ғасырдың басында  адам қоғамында  iрi қалалар  ѕлкен рөл атқара бастады.  Сол iрi қалалардың табыстары  неден құралды? Мысалы: Мәскеу қаласындағы  1890-1891 жж. салықтық  түсiмдер барлық табыстардың  60 %-тiн қамтамасыз еттi. Ал егерде негiзгi кәсiпорындар  мен қалалық ғимараттың  алымдарын қосатын болсақ, онда  ол барлық табыстың  70-75 % құрайды.  Тiкелей салықтар  барлық табыстың  57% құрады.  Тiкелей салықтардың iшiндегi ең негiзгiсi   қозғалмайтын мүлiкке  салынатын салық болды.  Айтылған кезең аралығында  ол 9% ставка бойынша  алынды.  1890 жылы салықтың бұл тұрi 4,14 млн. тiкелей салықтардың  iшiнен  2,3 млн.руб. болды. Бұл өсiм салық ставкасының  жоғарлауын немесе  қозғалмайтын мүлiктiң  тез өсуiне  емес, Мәскеу қалалық басқармасындағы  қозғалмайтын мүлiктi  қайта бағалауға байланысты  болды.

Қозғалмайтын мүлiктi сатудан түсетiн салық 1890  жылы 7785 рубль болса, ал 1891 жылы 6340 рубль болды, яғни ѕлес салмағы 0,1%.

1900 жылы қозғалмайтын мүлiкке  салынатын салық ставкасы заңмен бекiтiлген  максимумға дейiн, яғни 10%- ке дейiн өстi. 1901 жылы ол 9 %- ке дейiн төмендедi.  1902 жылы 9,5%-тi құрады, 1903 жылы қайтадан 10% көмiнде қалыптасты. 1890-1913 жж. қозғалмайтын  мүлiк құны  екi есеге дейiн өстi.

Дамыған мемлекеттерде  капиталға және  меншiкке салық салу  келесi салық топтары арқылы  жүзеге асырылады:  жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға  салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк  нақтылай түрлерiне  салынатын салық (жерге, құрылысқа).

Жеке әл-ауқат салығына – мүлiкке ие  болуына  байланысты туындайтын  жеке тұлғалардың  мүлкi табылады. Мүлiктiң бағасы  нарық құны бойынша  туындайды.  Потенттер, аннуитеттер, салықтандыру полюстары (өнiмдердi  сақтандыру  бойынша ғана), либель және  басқа да  үй жиїаздары, өнер туындылары, жеке коллекциялардың белгiлi бiр түрлерi, автомобильдер және басқа  да салынатын бiтпеген жер  учаскелерi, егер оларға арнайы  салықтар салынатын болса, онда  олар салық салудан босатылады.

Бiрлiк сатвка бойынша Бельгияда (1%), Данияда (2,2%), Германияда (0,5% жеке тұлғалар үшін, 0,6- корпорациялар үшін), Исландияда,  Люкембургте жеке әл-ауқат салығы салынады.  Прогрессивтi салық салу  Финляндияда, Норвегияда, Испанияда, Щвецияда  және Щвецарияда  әрекет етедi. Ал басқа дамыған мемлекеттерде салықтың бұл тұрi  әрекет етпейдi немесе  әкiмшiлiк территориялық  бiрлiк денгейiнде  жүзеге асырылады.  Айтарлықтай  жоғары сомма  және салық  салу кезiндегi  жеңiлдiктер бұл  салықтық ерекшелiктерi  болып табылады.

Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы  бойынша  жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық –бұл меншiк иесiнен  екiншiсiне  сый тұрiнде  өтетiн мүлiкке салынатын  салық (жылжитын немесе жылжымайтын).

Көптеген елдерде салықтың бұл түрлерi  жеке –жеке  әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және  сыйға салынатын салық  бiр салық ретiнде  қарастырылған.  Бiрақ, бiрiншi жағдайда  салықтар ереже бойынша  жалпы нормалармен  реттеледi және салық ставкалары мен  салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей.

Барлық  дамыған мемлекеттерде   мұрагерлiк және  сыйға салынатын  салық орталық (федералды)  денгейде  жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде  мұрагерлiкке және  сыйға салық салу  ставкалары кѕрделi  прогрессия бойынша қалыптасады.  Мұрагерлер мен сый алушылар  туыстық денгейiне  байланысты топтарға   бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер,   II-ерлi-зайыптылар,   III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). Әрбiр топқа салық ставкаларының  жүйесi белгiленген. Салықтық класқа  салық салу сомасы  көлемi де тәуелдi.

80-шi жылдары дамыған  мемлекеттерде  салықтық түсiмдердiң   жалпы сомасында  мұрагерлiк пен сыйға   салық салудан  түсiмдер сомасы  айтарлықтай қысқарды. Тек Жапонияда ғана  салық салудың  бұл тұрi бойынша   түсiмдер елдегi  жалпы салықтың   түсiмдердiң жалпы сомасының  1%-iн құрады (1985 жылы 1,19%). Ал басқа мемлекеттерде   салықтың бұл тұрi  1%-тен төмен болды.

Францияда мұрагерлердiң ѕлесi тiкелей мұрегерлер немесе  ерлi-зайыптылар үшін 275 мың фр. франкiнен  асса, Австрияда   30 мың кроннан  (ерлi-зайыптылар үшін), Грецияда –901 мың драхмадан, Ирландияда –150 мың ирл.фунтынан, Жаңа зеландияда –450мың ж.з. долларынан асқан жағдайда ғана салық салуға жатады.

Жылжымайтын мүлiктердiң жекелеген түрлерiне  салықтар әрқалай болып келедi. Барлық мемлекеттерде бұл салықтар жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару органдарының  қызметкерлерiнiң қатарына жатады.

Құрылыстарға салынатын жер салығы. Мемлекет территориясында  барлық құрылыстарға  жер салығы салынады (жер салығын төлеуден босатылғандардан басқа). Құрылыстың фундаментi  ғимараттың өзi қандай  материалдардан салынғанына  байланыссыз, цементтен, кiрпiштен және бетоннан салынуы тиiс. Ғимараттардың негiзгi түрлерiне келесiлердi жатқызуға болады: адамдар үшін  ғимараттар  мен баспаналар, жабдықтар мен запастар (шеберханалар, ангарлар, кез келген тұрдегi  өндiрiстiк құрылғылар және тағы басқа); қоймалар (сүрленген шөптi сақтау орындары,  резервуарлар); қатты және мықты жабыдқталған құбырлар; архитектура және өнер туындылары (көпiрлер, жағалаулар, тоннельдер, виадуктер және тағы  да басқалар); өндiрiстiк  мақсаттағы жарнама  үшін орындар.

Қоғамдық  ұжымдық меншiктегi  құрылымдарға салық салынбайды. Оларға мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен  құрылымдар, территориялық   ұйымдар,  ұжымдық бiрлестiктер жатады. Сондай-ақ қоғамдық меншiкте  яғни  ұжымдық мақсаттарға  пайдалануы керек және меншiк иесiне  табыс әкелмеуi тиiс.

Ұйымның  ұжымдық меншiгiндегi  құрылымдар үшін  нақтылай жеңiлдiктер бекiтiлген. Ұйымның қоғамдық меншiгiне   ғимараттарды коммерциялық  емес және  өндiрiстiк емес жағдайларда пайдаланылған  жағдайларда салықтың  толық ставкасында  жеңiлдiктер берiледi.

Франция заңдылылығында ғимараттар мен құрылыстардың келесi түрлерiне салық салынбайды: теледидарлық  байланыс үшін пайдаланылатын құрылыстар; коммуналдық шаруашылық  құрылымдары (ауылдық  жерлерде  коммуналдарда да; дiни культтық мекемелер).

Соғыс және  еңбек инвалидтерiнiң  ғимараттары; бомбапаналар; құтқару қызметiнiң құрылыстары; әскери iс-әрекеттер нәтижесiнде  бұзылған ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына  келтiрумен  айналысатын кәсiпкерлер  одағының  жылжымайтын мүлiктер; әскери әрекеттер  жағдайына мемлекетпен  құрылған резервтiк құрылымдар.

Салықтан  тез арада  босатуға  жататындар: бiрiншiден, құрылыс салынған жылдан кейiнгi  келесi жылдың  1 қаңтарына  дейiн барлық  құрлыстар; екiншiден, жергiлiктi ѕкiмет органдарының шешiмi бойынша  тұрғын үй, өндiрiстiк, өнеркәсiп және  коммерциялық қызмет  мақсатында пайдаланылатын құрылыстар 2 жылға дейiнгi  мерзiмге; үшіншiден қолөнер  қызметiмен айналысу  үшін құрылыстар; төртiншiден, 1983 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1988  жылдың  31 желтоқсаны  аралығында  құрылған жергiлiктi  кәсiпорындар 1973 жылдың  1 қаңтарнан кейiн салынған ғимараттарға 15 жылға жеңiлдiк берiлуi мүмкiн. Егер бұл –тұрғын үйлер  болса және муниципалды  меншiкте, яғни төменгi  бағадағы пәтерлер сондай-ақ құрылысының 50 %-тi мемлекеттiк дотациямен жабылса. Егер бұл құрылыстың 50 %-тен жоғарғы бөлiгi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылса, ол келешекте тұрғын үй мақсатында пайдаланып және жеке меншiкке  өтетiн болса, онда салық төлеушi салықты төлеу мерзiмiнен он жылға дейiн босатылады.

Салық бойынша ставка көлемiн анықтау, құрылыстық жер салығының ставкасы меншiктi басқару шығындарын, сақтандыруды, амортизацияны және ремонтты есептегенде 50% мөлшерiнде белгiленген. Кадастрлiк  инспекция органдары тұрғын үй құрылымының құнын  мемлекеттiң барлық территориясында әрекет  ететiн жалпы әдiстеменi пайдалану арқылы анықтайды. Негiз ретiнде салық төлеушiнiң  есептiк берiлгендерi қабылданады. Құндылықтың қайта есептелуi бағаның өзгеруiмен ғана емес,  сондай-ақ проценттiк ставкаменде жүзеге асырылады. Бiрақ жалпы әдiстеменi қолдану құрылымының пайда болу көзiне байланысты әр түрлi болуы мүмкiн.

Жерлер мен құрлыс алаңдары. Салық салу объектiсiнiң құны мiндеттi тұрде  екi түрлi өзгерiстi қамтуы тиiс:

  • 1970 жылдың 1 қаңтарына дейiн берiлген тұлғаның меншiгiндегi әрбiр өткен толық жыл үшін 3 %-ке жоғарлату;
  • 1959 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi меншiкте болған жер учаскелерi.

Францияның салық кодексiндегi 21 бапта көрсетiлген коэффициенттердi пайдалану арқылы. Осындай жолдармен есептелген проценттiк ставка 8 % құрайды.

Құрылымдар мен қондырғылар, салық  салынатын объектi 1959 жылдың 1  қаңтарына дейiн сатып алынған болса, олардың өзiндiк құны қайта есептелiнедi. Оларға байланысты проценттiк ставка 12 % көлемiнде бекiтiлген, бiрақ база 25% -ке (егерде құрылыс 1976 жылдың 1 қаңтарына дейiн сатып алынса) немесе 1/3 (1976 жылдң 1 қаңтарынан кейiн) қысқаруы мүмкiн.

Осыған байланысты iс- тәжiрибе жүзiнде 1976 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi құрылғылар үшін 9%, және 1976 жылдың 1 қаңтарынан кейiн 8% құрайды.

Ерекше жағдайлар Атомдық  кәсiпорындар, аэропорттар үшін ставка 1/3 төмендетiледi.  Ұйымның  қоғамдық қызметiн  тоқтату барысындағы  қозғалмайтын мүлiкке салық салу базасы   ұйымның өзiндiк қаражаттарының өзiндiк құны арқылы  анықталады. Ал коммерциялық, өндiрiстiк және басқа да өндiрiстiк құрлыстардың салық салу  базасы министрлiк денгейде бекiтiлген арнайы есеп кестелер бойынша анықталады.  1890 жылы қозғалмайтын мүлiк құны 1978 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай  бойынша 2/3  жоғарлатылды.

Жер салығы. Салықтың бұл тұрi Франция  территориясындағы жеке меншiктердiң барлық түрлерiне жыл сайын салынады. Яғни құрылыстың жер салығы бойынша салық салуға жатпайтындар: қоғамдық мақсатқа пайдаланылатын темiр жол  жер уаскелерi, карверлер, рудниктер, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдаланылатын тоғандар, батпақтар. Жер салығына Ѕлттық (мемлекеттiк) меншiктегi  барлық объектiлер толығымен босатылады: мемлекеттiк және департаменттiк тас жолдар, коммуналдық темiр жолдар,  сондай-ақ телекоммуникациямен  айналысатын  компаниялардың меншiгiнде мемлкетпен берiлген жер учаскелерi. Ерекше жағдайларда жер салғынан мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерi босатылады: қоғамдық бақтар, молалар тағы да басқа. ІЅрылыстық  жер салығын төлеуден босатылған соғыс және еңбек  мѕгедектерi  қоғамына жататын  ғимараттардың жанындағы саябақтар мен бақтарға  жер салығы салынбайды. Сондай-ақ әскери әрекеттер нәтижесiнде бұзылған профсоюздiң, бiрлестiктердiң жер учаскелерiне  салық салынбайды. Салықтың бұл тұрi жер учаскесi коллективтi меншiкте болса және тұрғындардың саны 5 мыңнан асатын коммуналдарға салынады.

Құрылыстың жер салығын төлейтiн барлық учаскелерi жер салығын төлеуден босатылады.

Уақытша босату. Келесiлер  салықтан босатылады: тал отырғызылған кезеңнен бастап (немесе егiстiк егу) жер учаскелерi 30 жылға; кеуiп кеткен батпақтар 20 жылға;  ауыл шаруашылық мақсатында әрекет еткен игерiлмеген жерлер және жемiс ағаштарын отырғызумен айналысатындар-10 жыл.

Тұрғын үй салығы. Бұл салық негiзгi және қосымша өмiр сүру жерi ретiнде пайдаланатын (ғимараттар мен құрылыстарға) жеке тұлғалардың кез келген меншiгiне  салынады. Меншiк иесi мен пайдаланылмайтын  үйдiң немесе пәтердiң құрамына кiретiн құрылыстар салық салудан босатылмайды. Сондай-ақ қзметтiк мақсаттарға пайдаланылатын құрылыстар да салық салуға жатады. (гараждар, паркингтер, қосымша бөлмелер және тағы да басқа).

ґндiрiстiк мақсаттағы құрылыстар тұрғын үй құрылыстарының ажырамас бөлiгi болып табылатын болса (пәтердегi немесе үйдегi бөлме және тағы да басқа) салық салуға жатады. Жеке және өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылатын құрылыстарға (мысалы, дәрiгердiң жеке тәжiрибелiк қабылдау бөлмесi және пәтер холлы) тұрғын үй салығы немесе кәсiпшiлiк  салынады.

Салық салу ставкасы құрылыстың заңды иесi немесе жалға алушы заңды және жеке тұлғаларға байлансты бекiтiледi. Берiлген тұлғаның құрылысты өзiне ыңғайлы кез-келген уақытта және өз мақсаттарына пайдалануы  салық  салу негiзi болып табылады.

Салық салудан келесi құрылыстар босатылады:

  • әлеуметтiк мақсатта пайдаланылатын және меншiк иесi кәсiпшiлiк салық төлейтiн құрылыстар (яғни, өндiрiстiк, қол өнерлiк және коммерциялық құрылыстар);
  • мектеп оқушылары, лицей, коледж және пансионаттардың оқушлары үшін белгiленген, сондай –ақ оқу өткiзу үшін белгiленген құрылыстар;
  • мемлекеттiк және қоғамдық  ұйымдар мекемелерi (соттар, мунициналиметтер және тағы да басқа).

Салықтың бұл тұрiнен ғылым, бiлiм беру саласында әрекет ететiн заңды тұлғалар (медициналық, әлеуметтiк  және тағы да басқа), сонымен қатар шетел дипломатиялық өкiлдiктерi, сауда  және консулдық қызметтер босатылады. Тұрғын үй салығының ставкасы үйдiң құнына сәйкес анықталады және  құрылыс тұрiне қарай тұрақты болып табылады. Тұрғын үй құрылысының бағалануы  ең соңғы рет 1970 жылы жүргiзiлдi, оның негiзiне нақтылай бектiлген құндылық кестесi бойынша нақтылық құндылық табылады. Жыл сайын франк курсымен бағасының өзгеруiне сәйкес бұл құндылықтың қайта есептелуi өткiзiледi. Салық ставкалары келесi  параметрлерден қалыптасады: жанұяның алғашқы екi тұрғынына салық салудың минималды шкаласы  бойынша 15-20  процент салық салынады. Жанұяның басқа да тұрғындарына –минималды бойынша 15 процент және жоғарлатылған бойынша 20-25 процент. Тұрғын үй салығы есептелiнетiн жанҰя тұрғындарына: меншiк иесiнiң  туыстары, 70 жастан асқан әйел бiрге тұратын және табыс салығын төлемейтiн мѕгедектер,  камiлетке толмаған (18 жасқа дейiн) туған және асырауындағы балалар, сондай-ақ өз бiлiмiн жалғастыратын 25 жасқа дейiнгi балалар.

Тұрғын үй және өндiрiстiк құрылыстардың жiктелуi. Құрлыстар 8 топқа бөлiнедi әрбiр категорияның құны  келсiдей  критерийлер  бойынша анықталады: құрылыстың архитектуралық сипаттамасы (құрылыс жұмыстарының техникалық және әдеби денгейi); құрылыстың ауданын бөлу (жалпы бөлу, қонақтар қабылдау үшін арнайы құрылыс санитарлы гигеналық құрылыстар); жабдықтар (су құбыры, канализация, орталық жылу, лифт, орталық тепшектегi кiлемдiк  төсенiштер), экспертиза  нәтижесi бойынша әрбiр категорияға атау берiлдi; ²өте сәндi², ²сәндi² , ²өте жабдықталған², ²жабдықталған², ²жеткiлiктi жабдықталған², ²кәдiмгi², ²орташа², ²жәй орташа².

Бiрiншi және екiншi категорияларды бiрiктiруге болады, себебi олардың  арасында айырмашылық ²сәндi² сөзiне ²өте² сөзiнiң  қосылуы. Сонымен құрылыстың сапасы келесiдей болуы тиiс (архитектуралық сипаттама): бiрнеше  және жоғарғы  сортта құрылыс материалдары, ғимараттардың сапалығы, ыңғайлы жоспарлау құрылыстың бөлiнуi және белгiленуi көп функциялылығымен ерекшеленуi керек. Мiндеттi тұрде қонақтар қабылдау  бөлмесi, жаңа жабдықтар, лифт және орталық  теппешек кiлемдiк жабдық (және  ²черный ход² әсiресе ескi үйлерде).

²Орташа ² категорияға тоқталып  өтетiн  болсақ, құрылыстың сапасы  ѕнемдi  сипаттымен ерекшеленедi, яғни арзан материалды пайдалану нәтижесiнде  жабдықтылық  денгейi төмен. Құрылыстың бөлiнуi және саны келесiдей : кiшкентай құрылыстар, сатылық клеткалар, тар, қараңғы, ыңғайсыз подъездер және тағы басқа, қонақты кѕту бөлмелерi жоқ,  барлық пәтерлерде төрт  бөлмеден аз, су құбыры, канализация, қазiргi  салынған үйлерде лифт (бiрақ ескi үйлерде көбiнесе жоқ).

Өндiрiстiк пайдаланудағы құрылыстар негiзгi 4 категорияға  бөлiнедi: А,В,С,Д. Негiзгi назар, құрылыстың негiзгi элементтерiне, сондай-ақ жабдықтарға (электр жабдықтау, су жылу және тағы да басқаға) бөлiнедi. Элементтердiң  берiлген ерекшелiкерiне  байланысты әрбiр категорияны бөлемiз ²жақсы², ²қанағаттанарлық², ²орташа², ²нашар². А (жақсы) категориясына  сапалы конструкциялық материалдардан салынған, магистральдi электр және  жылумен қамтамасыз етiлген, жабдықталған подъездер мен авто көлiк үшін тұрақтар және  темiр жолдармен қамтамасыз етiлген құрылыстар жатады.  В (қанағаттанарлық) категориясына кәдiмгi  құрылыс материалдарынан салынған құрылыстар жатады. Бұл категориядағы құрлыстар  сыртқы табиғи жағдайлардан әсерiнен жеткiлiктi  көлемде сақтайды. С және Д категориялары уақытша құрлыстар болып табылады және өте арзан құрылыс материалдарынан  салынған. Жылу және электр коммуникациялары толығымен жоқ. Соңғы екi категорияның бiр бiрiнен айырмашылығы ²құрылыстың түрлi денгейiндегi зияндылығына және ахаулардың  санында².

Дамыған шет мемлекеттердегi мүлiкке салынатын салық мөлшерi келесiдей: Бельгияда –24 %, Ұлыбританияда-12%, Германияда-3,1%, Италияда –2,5%, Нидерландыда-3,5%, Америка Құрама Штаттарында –10,3 %, Францияда-4,8%.

1.2. Салықтардың экономикалық  мәнi және маңызы.

Салықтар- мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгiлi  бiр мөлшерде түсетiн мiндеттi төлемдерi.

Салықтар –шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекет пен екi арадағы мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәнi мынады: салықтар шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет ѕлесiне жинақтап,  жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.

Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр сүрiп дамуының негiзi болып табылады.  Мемлкет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашанда болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен жаңаруымен бiрге қалыптасады. Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшін белгiлi бiр мөлшерде қаржы көздерi қажет.

Салықтар- мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi.

Мемлекет салықтарды экономикада дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшін олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметтерiне тiкелей қатысты.

Салық салудың қазiргi жүйесiн қарастыра отырып келесiдей функцияларды атауға болады:

  • фискалдық функция;
  • бөлу функциясы;
  • реттеушiлiк функциясы;
  • бақылау функциясы;
  • қолдау және мадақтау функциясы.
  1. Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi ең негiзгi  функция болып табылады.  Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады.  Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери-қорғаныс, тағы да басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы ²Фискон² латын сөзi, қазақша ²Себет² деген мағынаны бiлдiредi.
  2. Бөлу функциясы дегенiмiз- салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты халықтың әртүрлi топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының  жүзеге асрылуынадағы  салықтарға прогрессивтi салық ставкалары және тағы да басқалар жатады.
  3. Салықтардың реттеушiлiк қызметi арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигiзедi, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудiң ең басты маңызы өндiрiстiң дамуына ықпал ету. Салық түрлерi, салық ставкалары, салық жеңiлдiктерi, салық салу әдiстерi салықтық реттеудiң тетiктерi болып саналды.

Жоғарыда аталған  салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторлары ынталандыру, шағын және кiшi кәсiпкерлiктi  дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Салықтық реттеу тетiктерi  тиiмдi қызмет атқару үшін олардың басқа  да экономикалық тетiктерiмен тығыз байланысты болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерiнiң алатын орны ерекше себебi ғылыми негiзделмеген шектен тыс жоғары қойылған ставкалары кәсiпкерлердiң ынтасын төмендеттi, өндiрiстiк қырқынын бәсеңдеттi, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгiн азайтып өндiрiстiң төмендеуiне және мемлкеттiң бюджет кiрiсiнiң азайуына әкелiп соқтырды. Реттеушiлiк функциясының өзi екi функциядан тұрады:

  • ынталандыру. Бұл функциясы дегенiмiз- мемлекетке тиiмдi өндiрiстердi салық ставкасын төмендету немесе жеңiлдiктер беру арқылы дамуына немесе кеңеюiне жағдай жасау;
  • шектеу. Бұл функциясы дегенiмiз-мемлекетке тиiмсiз кәсiпорындарды салық ставкiлерiн жоғарлату арқылы дамуына, кеңеюiне шектеу жасау.
  1. Бақылау функциясы дегенiмiз-салықтардың көмегiмен мемлекет  салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың кез келген қайнар көздерiнен тапқан табыстарына, жұмсалған шығындарына, айналысатын шаруашылық қызметiне  бақылау жасап отыруы болып табылады. Бұл функция салықтық декларация арқылы жүзеге асырлады.
  2. Іолдану немесе мадақтау функциясы. Кез –келген мемлекеттi қоғам алдына  ерекше  еңбегi  сiңген азаматтар  категориялары  бар. Бұл азаматтарға мемлекет қандай  жағдай болмасын қолдау жасап отыруы қажет. Бұл қолдау қызметi салықтық жеңiлдiктер және салықтан толық босатулар  арқылы жүзеге асырылады (еңбек ерi, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, көп балалы аналар). Мемлекет мына жоғарыда көрсетiлген салықтардың қызметiн пайдалана отырып елiмiздiң салық жүйесiн анықтайды. Салық механизiмiнiң қызмет ету жолдарын белгiлейдi. Жалпы экономикалық саясатты негiзге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесi

Қазақстан  Республикасының         салық жүйесiн мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы   қаржы қатынастарының   жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдiстерi  мен тәсiлдерi, салық заңдары мен  салыққа қатысты  актiлер, салық салу органдары мен  салық қызметi құрайды.

Салық жүйесi  мемлекет қаржы  көздерiн  жасақтаудың ең негiзгi  құралы болуымен қатар, ел экономикасын  қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына  және  саяси –әлеуметтiк  шаралардың толығымен  iске асуына мүмкiндiк туғызды.

Салық жүйесi дегенiмiз белгiленген тәртiппен жиналатын салықтар, алымдар бар төлемдерi және тағы да басқа төлемдердiң жинтығы болып табылады. Сонымен қатар кез-келген мемлекеттiң салық жүйесiн қалыптастыруға негiз болатын келесiдей мiндеттi элементтерi бар:

  • салық органдары жүйесiнiң болуы;
  • салық заңдылықтарының жүйесi және принциптерi;
  • салық саясаттың принциптерi;
  • салықтардың бюджеттер бойынша бөлiну тәртiбi;
  • салықтық бақылаудың формалары мен әдiстерi;
  • салықтық өндiрiстiң шарттары мен тәртiптерi;
  • халықаралық екi рет салық салуды шешу проблемаларының нақты қадамдары.

Салық жүйесi келесiдей экономикалық көрсеткiштермен сипатталады:

  • салықтық ауыртпашылық (бiздiң елiмiзде 48-50%, ал дамыған шет елдерде 45%);
  • iшкi және сыртқы саудадан түсетiн салықтық табыстар қатынасы;
  • тiкелей және жанама салық салу қатынасы.

Салық ауыртпашылығы дегенiмiз қоғамдағы салықтардың рөлiн сипаттайтын және салықтық алымдар сомасының  жиынтық ұлттық өнiмге қатынасын көрсететiн көрсеткiштер болып табылады немесе басқаша айтқанда, салық ауыртпашылығы дегенiмiз- бюджеттiк механизм есебiнен қайта бөлiнетiн  өндiрiлген қоғам өнiмiнiң бiр бөлiгi болып табылады.

Кейбiр дамыған шет мемлекеттерде бюджеттiң кiрiс көзi ел iшiндегi саудадан немесе iшкi саудадан қалыптасады. Себебi бұл мемлекеттер экспортқа тек дайын өнiмдер шығарады, оған белгiленген кедендiк баж төлемдерiнiң денгейi өте төмен болады. Сондықтан бюджет тек iшкi сауда есебiнен қалыптасады. Ал дамушы мемлекеттер  экспорттқа тек шикiзат шығара алады және оған жоғары ставкiлермен кедендiк төлемдер белгiленедi. Сондықтан бюджет тек сыртқы сауда есебiнен қалыптасады.

Көптеген  дамыған шет мемлекеттерде  тiкелей салық салу кеңiнен қолданады. Себебi ол салық заңдылықтарның, салық аппараттарының қайта жаңарып жетiлiп отыруын талап етедi. Ал дамушы мемлекеттерде жанама салық салу формасы кеңiнен қолданылады. Себебi ол салық заңдылықтарының және салық аппараттарының  өзгеруiн талап етпейдi. Салықтарды мынадай нышанды белгiлерi бойынша топтастырамыз немесе жiктеймiз:

— салық салу объектiсiне байланысты;

— қолданылуына қарай;

— экономикалық ерекшелiгiне байланысты;

  • салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай.

Салық жүйесi – нарықтық  қатынастардың құрамдас бөлiгi. Қазақстан  Республикасы егемендiгiн алғаннан бастап қоғамның қажеттiлiгiне жауап беретiн өз салық жүйесiн қабылдауы қажет болды. Осыған байланысты 1991 жылы 25 желтоқсанда ең алғашқы  ¢¢Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы заңы¢¢  қабылданды.

Кез-келген  елдiң  салық  жүйесi  таңдалған  салық  салу     обьектiсiне  табыстарға  немесе  шығындарға  тәуелдi  болады. Нарықтық  экономикасы  тұрақты  және  өнеркәсiбi  дамыған  елдер  үшін  салық  салу  обьектiсi  ретiнде  табысты  ерекше  қолдану  моделiн  пайдалану  тән. Ал  өтпелi  кезеңдегi,  яғни  дағдарыстық  жағдайдағы,  оның  есесiне  салық  салынатын  базасы  тар  Қазақстан  мемлекетi  салық  салу  обьектiсi  ретiнде  шығындарды  қолданады. Сонымен  бiрiншi  жағдайда  белсендiлiк  тұрде  тiкелей  салықтар,  ал  екiншi  жағдайда  жанама  салықтар  қолданылады.

Салық салу объектiсiне қарай салықтар-тiкелей және жанама салықтар болып жiктеледi.

Тiкелей салықтар дегенiмiз- тiкелей салық төлеушiден  ұсталатын салықтар. Мысалы, табыс салығы, мүлiк салығы, жер салығы және тағы басқа.

Жанама салықтар- тiкелей емес жанама тұрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықтарға мына салықтар жатады:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • баж салығы.

Жанама салықтарды  сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына салық енгiзiлмегендiктен iс –жүзiнде оны сатушы аударады.

Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгiсiне қарай салықтар  жалпы және арнайы салықтарға бөлiнедi.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға  салық, акциздер тағы басқалар.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгiленген мiндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады.

Экономикалық белгiсiне қарай салықтар табысқа салынатын салық  және тұтынуға салынатын салық болып жiктеледi.

Табысқа салынатын салық төлеушiнiң кез-келген салық салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан  алынады.

Олардың қатарына мына салықтар кiредi: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлiк салығы тағы басқалар.

Ал тұтынуға салынатын салықты, салық төлеушi, тұтынушы ретiнде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi. Тұтынуға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

Салық салу объектiсi бағалау дәрежесiне қарай нақтылды және дербес салықтар болып жiктеледi.

Нақтылы салықтар –салық төлеушiнiң  салық салу объектiсiнен алынатын табысының мөлшерiне байланысты емес, яғни салық төленушiнiң мүлкiнiң сыртқы белгiсiне қарай алынады.

Оларға жер салығы, мүлiк салығы жатады.

Дербес салықтар салық төлеушiнiң салық төлейтiн объектiсiнен алынатын табыстың мөлшерiне байланысты алынады.  Оларға  заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.

Қорытынды

Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

Салықтар өте кѕштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мЅның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты тұрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сүранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге Ѕшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады.

Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгiсi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды тұрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез -келген  экономикалық жүйенiң кѕрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

Кез- келген  елде мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi.

Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да экономиканы басқарудың кѕштi стимулдық құрамы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi  жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер үшін онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Дѕние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бѕкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

Ендi, салықтар ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң салыстырмасы  мөлшерiнiң  өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

  1. ²О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями² 1 января 2000 г. Алматы
  2. Гражданский кодекс РК- Алматы- ²Іаржы-қаражат².
  3. Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету Алматы: ²Іаржы-қаражат² 1997г.
  4. Карагусова Г. ²Налоги: сущность и практика пользования² -Алматы, ²Іаржы -қаражат², 1994
  5. Ермекбаева Б.Ж. ²Жалпы мемлекеттiк салықтар² / Алматы ²Экономика², 1997ж.
  6. Егемендi Қазақстан ²Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы  Салық кодексiнiң жобасы², 2000.2 қараша.
  7. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2000ж, 1999ж N1-12
  8. Салық- халық несiбесi  Еегемендi  Қазақстан, 2000ж.1 қазан.
  9. Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, ²Іаржы -қаражат² 2000ж. N24-27б.
  10. Аудит и налогооблажение –2000 N1-12
  11. Деловой мир Казахстана –2000г. N3,с 20-22
  12. Юткина ²Налоги и налогооблажения².
  13. Налоговое законодательство РК. /Изд ²Іаржы-қаражат²-1997г.
  14. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.
  15. А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы ²Жетi жарғы² 1998г.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ