М. Шаханов поэзиясының әлемі.

0
4971

Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң  керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал.

Мазмұны

  1. М. Шаханов поэзиясының әлемі…………………………………………………….4
  2. Жаңғырық немесе Асқақ темiр қалай басталды…………………………………8
  3. Шыңғыс ханның қателiгi немесе жеңiлген жеңiмпаз хақындағы дастан………11
  1. Ғашықтық ғаламаты…………………………………………………………………..19
  2. Әмiр-Темiр өсиетi………………………………………………………………………22

 

М. Шаханов поэзиясының әлемі

    Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң  керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп,  шиеленiстердi шешуге  белсене бел буған ақынның ар намысы мен  солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.

    “Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит  қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.

     …………………………………………………

Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей,

Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей

Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз.

Жерiмiздi қорғап жат қолдан,

Тәуелсiздiк үшiн мерт болған.

Бабаларымыздың даңқын, үмiтiн, сенiмiн  басынудамыз?

Тiл кетсе ұлтымыздың жойылатынын бiлсек те

Мазмұнымызға нүкте қойылатынын бiлсек те,

Қамсыздар, қансыздар қатарына қосылудамыз.

    Осылай дей келе ақын өз ұлтын сынға алған. Ақын өлеңдерi нақты формулаға бағынбаған, шығармаларында ырғақ, мелодия басым. Ақын өлеңдерiн биiк шатқалдан гүрiлдеп атып жатқан сарқырамаға теңеу орынды сияқты. Мазмұны терең, оқыған адамды иiрiмiне тартып әкетер құдiреттi күшке ие. Ақын шығармаларында жеке қолданыстағы сөздер де кездеседi: “космополит”, “космодәуiр”, “рухсыздық”, негалистер т.б. терең мәндi сөздердi орынды қолдану арқылы өз межесiне жетудi көздейдi. Ақын “Тiлсiз. Рухсыз толыққанды тәуелсiздiк жоқ”,-дейдi, яғни болашақта егемендi елiмiздiң тәуелсiздiгiн нық ұстап тұру үшiн бiлiмi мен ұлтына деген сүйiспеншiлiк пен рухты қатар алып жүретiн азаматтарды қалыптастыруды көздейдi.  Дәл қазiргi кезде қазақ халқы  аса күрделi проблемаға маңдай тiредi дейдi ақын.

    Орыс пен батыс мәдениетiмен жете сусындаса да өз тiлiнде екi ауыз сөйлем құрай алмайтындарды космополит қазақтар тобын құраушылар дей келе ақын өз қолданысына енгiзген “космополит” терминiне түсiнiктеме берiп өтедi.

Ақынның жалынды жырларын тар шеңберде қарауға мүлдем болмайды. Олардың бәрiнде жеке бiр ұлттық тағдыры, болашағы, тарихы жатыр, сонымен қатар саяси мазмұнға  ие болған өлеңдерiнiң кез келген адамға ой салары анық.

    М. Шаханов қазақ поэзиясына жанрлық, стильдiк сипатта бiрқатар жаңалықтар әкелген ақын Шаханов творчествосын бiр жанр ерекшелiгiне ғана сиғызып салу қиянат. Оның шығармаларынан өмiр өнердiң бiр-бiрiмен жақындасуы ой, мақсат, болу өрнектерiнiң бiр мүддеге шоғырланып, тұтасқан бүгiнгi өнердiң  күрделi көрiнiсi жота көрсетедi. Сөйтiп барып өнер алдына тосып отырған күрделi заман сауалы әлемдiк жаңалықтармен ұштаса толғанады.

    М. Шаханов дәстүршiл ақын. Мысалы “Отырар элегиясы”, “Әмiр-Темiр өсиетi”, “12-3=?”, “Шың басындағы оқиға” атты поэмаларындағы лирикалы алып тастаңызшы, шығармадағы динамика бұзылар едi. Яғни, өлеңдерiнiң соғып тұрған жүрегi оның өн бойындағы қан тамырларының жұмысын жақсартып тұр. Мөп-мөлдiр, әдемі лирикаларынан, шағын поэмалары мен балладаларынан анық аңғартқан ақынның iзгiлiкке құштар, мөлдiрлiктi марапаттайтын, үлкен ерлiктi, тым биiктiлiктi қалайтын сұңқар көңiлi осы шығармаларда бiраз троп табады.

    Ақынның келесi бiр ерекшелiгi-өткiрлiгi. Батылдық алдымен поэзияға қажет. Шығармалар-уақыттың өзiнен туған поэтикалық үлгi. Ақын шындыққа бүкпесiз қарай бiледi.

    Сонымен қатар М. Шахановтың көркемдеу құралдары жаңа поэзияға сiңiстi эпитеттердi өзiнше  жаңартты. Метафоре өлеңнiң композициялық құрылысы, троптың түрлерi, ең бастысы-жаңа ырғақ әкеледi. Ақынның “Танакөз” поэмасынан үзiндi келтiрсек

Иық бұрмай тек бiлiмнен басқаға

Қатар өстi екi бiрдей жас бала

Қатар өстi, ән салды,

Қатар тұрып, құба таңды қарсы ала.

    Бұл шумақтағы  лиризм қатар тұрып, құба тоңда қарсы ала”  эпитет арқылы туып тұр. Бұл жолдағы жалғыз эпитеттiң ролi ерен. Мұндағы ерекшелiк-эпитеттi автордың қалай пайдаланғанын сіздiң сезбей қалуыңызда. Егер сол эпитеттер соңырту таяқ ұстағандай  “мен мұндалап” тұрса құны болмас та едi, автор дараланбас едi, жасандылық басым болар едi.

    Әлемдiк өмiрдiң жаңалығынан хабардар,  зерек те  сезгiш ақын шындықты өз атынан емес, ұлттың ең  озық дәстүрлерiн тiрiлте отырып, солардың атынан қозғайды. Оның берiтi “өз сөзi” әлдеқашан ашылған, дәлелденген, өмiрде әлденеше сыналған сөз екенiн  көрегендiкпен

пайдаланады. Махамбет пен Естайға, Шыңғысхан мен Ақсақ темiрге тiзгiн ұстатуының осындай сыры бар. Сөйтiп ақын-өлең өнер қақпасын ашқанда бүкiл халқымыздың қасиеттi қақпасын қоса ашуға тырысады. Ақын осынша ауқымды дүниелердi жүйесіздiкке ұрынбай халықтық поэзияның дәрежесiнде қалып, жетегiне ерiп кетпей, халықтық деген ұлттық ұғыммен тең түсiп, азаматтық жүрек, тегеурiндi талант арқылы танытуы-жаңашылдығы.

    “Жүздiң көркi-көз, ойдың көркi — сөз” деп Баласағұн айтпақшы, әрбiр жүзге көреген көз, ой бiткенге сөз бiте бермесi анық. Мұхтар өлеңдерiндегi бiз тоқтал,ән пiкiрлер ақынның эстетикалық толғаны  тек субьектiнiң бүркуiнен жиылған тұйық көл емес, рухани кiр-қоқысты ағынымен тазартып отыратын “Сарқымалармен” кiндiктес, яғни бiз қозғап отырған эстетикалық мәселелердiң ғылыми негiзi бар процесс.

    Келесi кезекте бiз ақынның бiраз поэмаларына көркемдiк тәсiл тұрғысынан тоқталамыз.

    “Өркенниеттiң адасуы”  романынан үзiндiлер. “Компьютер басты жарты адамдар.” Ақынның жаңа стильдiк қолданысына енген осы бiр сөз өлеңнiң барлық сюжетi мен компазициясына арқау болып тұр. Бұл үзiндi де ақын өз эмоциясын ирониямен өткiр сынмен ұштастырады. Өлеңнiң негiзгi мазмұны  рухсыздықпен күресу, болашаққа алаңдау. Ақын өлең басында ой салар аңызды келтiре келiп өлеңнiң бастамасын шалдың бiр ауыз сөзi арқылы ұғындырып тұрғандай.

         Мейлi, мейлi, екi ұлынды қақса да уақыт арқадан

         Нағыз ұлын бiреу ғана, ана екеуi жарты адам.

    Ақынның “жарты адам” деп қолданып тұрғаны жеке стильдiк ерекшелiк болып табылады.

           Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдап

           Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар,

            жарты ұлдар.

    Ақынның бұл тiркестi қолдануы қазiргi замандағы  компьютерлендiру процесiмен тығыз байланысты. Осыған байланысты “Робот-түйсiк” деген жаңаша тiркес ойлап тапқан. Ақын бұл жерде халықтың компьютермен сауат ашуына қарсы еместiгiн, тек бiлiм мен рухты ажырамас қос қанат ретiнде қатар қаққанда ғана зор бiлiмнiң пайдасын көретiнiмiздi ескертедi. Осы өлеңде қынның қолданған жаңа стильдiк мәндегi  тiркестерi “монитор көз”, “компьютер бас”, “қиратқыш күш”. Өлең неологизмдерге де бай.

     Балығы озса мысықтар да жолбарысша көсiлмек.

     Бес жүз қабат үй салу да емес бүгiн боз елес.

     Ақшаң болса “маймылды” да бастық сайлау сөз емес.

    Адамзаттың бар тағдырын елдi ақша шеше ме?

    Бұл жолдарда ақын метафораны ұшқыр қолданып, сарказм мен кекесiнге құрылған “маймылды бастық сайлау” тiркесi арқылы өз жанын күйзелткен сұраққа жауап берiп тұрғандай. “Адамзаттың бар тағдырын ендi ақша шешеме?” риторикалық сұрау салу арқылы ақын оқырман ойы мен бөлiскiсi келетiн тәрiздi.

    Шаханов өз өлеңiнiң астарлы мағынасын Ньютон ашқан үшiншi заңмен дәлелдеп көрсеткен.

    Ньютон ашқан үшiншi заң ненi үндейдi бiлдiк пе?

    “Әрбiр қимыл қарсы қимыл тудырады тiрлiкте.”

     Ұрпақты бiр қауiп-қатерден  сақтандыра отырып ақын өз оқырмандарын, өз халқын рухсыздықпен бiрiгiп күресуге шақырады.

     Нарынқұм зауалы.

  1. Махамбеттiң соңғы сөзi.

Өлеңнiң сюжет желiсi Махамбеттiң өмiрiнiң соңғы күндерi туралы өрбейдi. Өлеңдегi трагедиялық образ-Махамбет. Ол өзiнiң түсiн айту арқылы ақындық пен батырлықты дәрiптеп, өзiнiң ел болашағына деген зор сенiмiн бiлдiредi. Автор өлеңдi Махамбеттiң өз аузынан сөйлеу арқылы оқырмандардың  зор ықыласын айтқан.

                 Мен сенемiн, күнi ертең

Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем.

Жә, қашанғы баққа зорлық мiнгеспек

Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.

Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйге

Есектердiң мойынында жүрмес деп.

     Өлең мазмұнын ерекше тереңдетiп тұрған-антонимдердiң стильдiк қолданысы: бақ пен зорлық; отты-

отсыз; тұлпар-есек. Басқалай қолданғанда бұл сөздер бiр-бiрiне қарама қайшы емес, еркiн түрде айтылуы да мүмкiн. Бiрақ ақын бұларды жағымды жағымсыз етiп, эмоциямен ұштастырып көрсету арқылы өз өлеңiн нәрлендiрiп тұр.

               Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған

               Алдан жарқын Күн шыққаным

               Кескiнiңдi көрмейiншi  шаршаған

                Пасыз ойлар  тұншыққанын

               Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша

               Жер астынан қарап жатар мен саған.

    “Дулығаны қақ жарып гүл шығу” сәттi қолданылған метафора, яғни жаугершiлiк заман өттiп, бейбiтшiлiктiң келуi.

    Ақын Махамбеттiң монологы арқылы  бүгiнгi күндi жырлап отыр. Махамбет сынды ұлы ақынның тегеурiнiн, қаһары мен ойлылығын бүгiнгi поэзия аспанына  жiбек тордай жайып жiберуге ұтылысы бар.

    Iштей керемет жiгерлi өлең  жасаң оптимизмнен, тек жасампаздықтан тұрмайды. Олармен қоса әдемi арман, ойлы мұң, үзеңгi қағыстырып, биiк мақсатқа бастайды, Сөйтiп лирикаға тән алау от пен лап етпе сезiм өмiрi қызуы басылмайтын, алыстан көрiнгенмен еш өшпейтiн “мәңгiлiк отқа” айналды. Ұлы махаббат оттары қосыла жанырасады. Арман мен арман қосылады. Монолог үлгiсiнде көрiнiп отырған ақын сезiмi сенiмге айналып, сенiмi сезiмге ұласып, лирикалық толғаныс тамыры осылайша тармақты жатыр.

    Өлең шапшаңдық үдемелi жолмен өрiстейдi. “Менiң  бассыз қалғандығым сенiң бассыз қалғандығың болмағай”, деген сөз түйiнi толғаныс түрiнде ойлану, байыпты бағдарлау сипатын танытса, ең соңғы шумақтарға “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер астынан қарап

жатам мен саған” сөздерi арқылы ақын сезiмi шираған, ең жоғарғы нүктеге көтерiледi. Жалпы ақын барлық өлеңдерiнде осы үдемелi  әдiстi қолданады. Мысалы ортадағы:

Нұрлы үмiтпен оянар деп ұлы өлкем

Күлiп жайсаң күн ғажайып

Ел намысы тарқар деп

Ақымақтар күрт азайып

Сұмдар қорқақ тартар деп 

    Бұлар мағыналық жағынан бiрiне-бiрi толықтырып тұрған сөйлемдердiң дыбысталуы бiрдей. Тексте бiрыңғайластық туып тұр. Сандық жағынан сәл төмен мына бiр ыңғайлас сөйлемдер де өлеңде бiрдей  дыбысталады. “Ертең оттыға отсыз күлмес деп,  есектердiң мойынында жүрмес деп” Бұлар жоғарыдағы  “тар-тар деп, тазарар деп” сияқтылардың бiр варияциясы. Дыбысталуы бөлек болғанымен мағына бiреу. Ал, соңғы шумақтағы “күн шыққанша”, “түн шыққанша”, “гүл шыққанша” дыбысталуы бiр болғанмен өзiнiң алдында тұрған  шумақтардағы  бiз келтiрген мағыналас  сөздерге қарсы мәндес, яғни жоғарыдағы аталған барлық  әдiлетсiздiктерге гүлдiң шығуын, күннiң шығуын қарсы қойып отыр. Сонымен қатар барлығын да уақыт көтередi, қашан болса да әдiлдiк келедi. Деген сенiм бар. Уақыттың ұлылығына бас ұру  “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша” деген соңғы жол  соның бәрiнiң айғағы. Дамыту үлгiсiндегi өлеңнiң соңғы жолы аса ұтымды шыққандықтан өлеңнiң тұтас тынысын  айқындап тұр. Ең алдымен контексте бұл сөйлемнiң символдық мәнi айрықша рол атқарады. Халқының үлкен болашағын  аңсаған ақынның жүрек жарды арманын аңғару қиын емес. Поэзияның көркемдiк тәсiл түрлерiн дамытуда, жаңалауда Шаханов батыл қадам жасап тұр. “Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, жер астынан қарап жатам мен саған.”

Оқыс және тың тiркестер, жаңа мәндi тiркестер, мағыналық жағынан да түрлiк жағынан да жұрт назарына  найзағай отындай iлiктi. Махамбеттiң оның күшiне түскен тегеурiк бүгiнгi ақындар арқылы осылай түледi. Өлеңде iшкi монолог  үлгiсi басым. Ерлер iсiнiң қиындығы, болашағы бұлыңғыр бола тұра қайыспас жiгер, ақынның сенiмiн күшейтедi.

    Ақын бұл өлеңiнде  аллергорияны да ұтымды қолданған.

                         Мен сенемiн  күнi ертең

                         Пенделiктен тазарар деп ұлы өлкем.

    Осы және алдыңғы жолдардағы қулық, сұмдық, бақ, сор пенденiн. Мұнда жай ұғым түрiнде тұрған дерексiз нәрселер кәдiмгiдей көзге көрiнер деректi нәрсеге ауыстырылады. Жалпы өлең сюжетi – тұнып тұрған символ; бiр нәрсенi немесе құбылысты тура суреттемей ұқсас құбылысқа құпия келiп, жасыра түсiндiру, яғни өлеңге философиялық астар беру.

    Көне тарихи тақырыптарға қалам тартқан  ақынның сөз қолданысында бiрқатар ерекшелiктердi ұшыратамыз.

  1. “Әке үкiмi” тарауы әке мен бала арасындағы диологта құрылған. Бұл бөлiмде негiзгi  шарықтау қай астарлы күйде Махамбеттiң өлiмiмен аяқталады. Шиеленiс кезеңi баласының әкесiне батырды өлтiргенiн мақтан етiп айтуы.

        Шонбол жiгiт кiрiп келдi ентелеп. Шомбол-эпитет;

        -Ой, залым-ай.

        Мұнша залым екенiңдi жүрген қалай танымай.

    Бұл сөздер әкесiнiң эмоциясын бiлдiрiп бояулық реңiшке ие болған.

        -Рас ұлым, айтылған сөз оқпен тең,

       Мен кезiнде Махамбеттi жек көргем.

    Айтылған сөз оқпен тең, ақын идиомалық тiркестi де қолданған.

          Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа

          Тым кеш ұқтым, Махамбеттей батырға

          Бүкiл қазақ ғашық болса айып па?!

    Ақын өлеңнiң негiзгi идеясы ретiнде батырлық, әдiлеттiлiк, ақындық зор махаббатты ту етiп көтередi.

          Азаппенен өтсе дағы таңдарым

          Қайрағам жоқ қығаныштық қан жарық.

    Ақын метонимияны орынды қолдану арқылы iзгiлiктi, алыптықты қызғанышқа жеңдiрмеу керек деген ұғымды басты идея  ретiнде ұстанған.

Жаңғырық немесе Асқақ темiр   қалай басталды.  

     Шаханов ақындық деңгейi философиялық, толғаныстармен ұштасқан ақын. Оның дүниетанымдық дәрежесiн мына бiр шумақтан-ақ байқауға болады.

Жауап берiп жататын сан қылыққа,

Бiр заңдылық жатыр сол жаңғырықта

Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да

Басымды ием мәңгi сол заңдылыққа.

    Поэма ханның озбырлығынан бастау алған. Бұл жерде ақынды лирик десек те жарасымды; яғни екеуiне де негiз бар. Эпик деуiмiз өлеңдерi сюжетке құрылған, сонымен қатар лириканың да тiлегiн ағыта бiлген, адамды терең сезiм тұңғиығына тартып әкететiн, өлеңдегi барлық оқиғаны көз алдыңа тiрiдей бейнелеп берер шебер суреткер. Ақынның сөзбен сурет санар қасиетiн осы поэмасынан да байқаймыз. Тарихи тақырыптарды, аңыз-әңгiмелердi  негiзге ала отырып жүретiң нәзiк қыл тамырларын тербеп

оқиғаны көз алдыға елестету шеберлiгi-Шаханов поэзиясына ғана тән.

    Поэманың аты орынды қойылған. Сюжет жемiсi бойынша “Жаңғырық” сөзiнiң терең мағынасын саралаумен болды.

    Аң аулауға шыққан ханның жүктi әйелге кездесiп қалуы, көзіне қан толған ханның әйел сұлулығын аңғармауы, жанашырлықты сезiнбеуi поэмада ұтымды суреттелген.

 Шiркiн, мұндай жары бар ер жiгiттiң

 Шаттығының жалауы тозар ма екен?!

 Қандай әем қарақат бұла көзi

 Әттең

 Әттең

 Жүктi екен бiрақ өзi.        

“Шаттығының жалауы тозар ма екен? — метофоралық қолданыс.

       “Мiне, нағыз өмiрдiң сәндi өрнегi”

         Тек хан ғана әйелге мән бермедi.

Дүниенiң ластаған көкiрегiн

Дәнiне ұқсас зұлымдық кекiренiң.

    Ақын бұл жолдарда ханның жағымсыз бейнесiн зұлымдық дәнiмен ауыстырып, жауыздықтың бүкiл келбетiн әшкерелеген.

          Ханның әрбiр қылығы зарлы бiр ән

          Мұң сорғалап  зәрәзар жарлығынан.

    Бұл қолданыстағы метофора да Жұдай хан жауыздығына дәлел болып тұрғандай.

Алмас қылыш тәрiздi халық деген

Ұстайтындай аз оны парықпенен.

Жұмсай бiлу-бiр өнер

Қайрай бiлу-бiр өнер

Құрсай бiлу-бiр өнер

Сол қолыңнан шығарсаң

Өз басына тiленер.

     Ақын халықты “алмас қылышқа” теңеген. Қай теңеудi алсақ та суреттелiп отырған нәрсенi не құбылысты тура бiздiң көз алдымызға  әкелiп дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгiсiз затты белгiлi затқа айналдырып шығармадағы авторлық  идеяға қолма-қол көркемдiк шешiм тауып тұрғандай. Ақынның бұл теңеудi қолдануы синтаксистiк  құрылымның өзгешелеу болып келуiмен ерекшеленген.

    Халықты ұстай бiлу жолын ақын қалай бағалаған, яғни әрбiр әрекеттi өнерге теңеген. Тiлдiң көрiктеу құралдарының бәрi-бiрiмен-бiрi өзара тығыз байланыстағы, қарым-қатынастағы аралас-құралас жатқан және жарыса қолданылып, бiрiн-бiрi үстеп, толықтырып жатқан нәрселер.

   Өлеңнiң келесi жолдарында ел билеушi адамдарға шарт қоя отырып, қорытынды жасаған.

 Кеудесiнде игiлiк мақсат тұнып

Бұлақ ағып жатыпты сақ-сақ күлiп

Мен жатыппын iңгәләп, өмiр тiлеп

Өлi анамнан аяғым ақсақ туып. 

Табиғат құбылысы мен өмiрге сәбидiң келу сәтiн қатар ала суреттеу егiздеудiң ерекше түрi. Егiздеудiң мұндай түрлерi ақынның тiлi мен стилiне айтарлықтай ажар бередi, өрнек төгедi, нәтижесiнде өлеңге кәдiмгiдей кенеулi күй, сүйкiмдi әуез бiтiредi.

Бiрақ менiң  қайғым зор аңдағанға

Зұлымдықпен алысып аман қалдым.

Зұлымдықпен көз аштым мен ғаламға.  

Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексiз нәрселер кәдiмгiдей көзге көрiнер деректi нәрсеге ауыстырылады. Мұнда ақын жас сәбидi зұлымдық пен жазықсыздықтың ара қатынасын  көрсетiп тұрғандай.

Кiрпиездау күйге орап жарқын шақты,

Кенет қылыш жарқ еттi алтын сапты

Осынау бiр қанды кез ғаламатты

Iшке тоқып, күрсiнiп дала жатты.

Күнбатысқа созылған терең саймен

Ханның басы домалап бара жатты.

    Бұл мысалда  психологиялық паралелизмнiң де көрiнiсi бар; қанды кез оқиғаға даланың куә болуы. Жалпы өлең жолы символ, яки құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бiр нәрсеге, не құбылысқа құпия тиелiп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсiндiру, ең бастысы-символ сөз өнерiнде  көркем-кестелерiн отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар бередi, шығармаға сыршыл сипат бiтiредi. Астарлы шығарманың идеясы жалаң көрiнбейдi, автордың ой толғаныстары арқылы көңiл ұйытып, көкiрекке терең ұялайды.  Ақын поэманың соңғы шумағында “жаңғырық” сөзiнiң астарын тереңiнен ашып тұр. Дәл осы мәндi “ компьютер басты  жарты адамдар” өлеңiнде “Ньютонның үшінші заңын мысалға келтiру арқылы ашып берген, әрбiр әрекеттiң қайтаратын жауабы болатынын дәлелдеп көрсеткен. 

Шыңғыс ханның қателiгi немесе жеңiлген жеңiмпаз хақындағы дастан.

    Ақын бұл дастаның О. Сүлейменовке деп бастайды. Поэма басында ауқымды пролог жазылған.

Пролог-көркем шығармадағы кiрiспенiң бiр түрi. Бұл поэмада негiзгi сюжетке дейiн өзектi оқиға баяндалған. Ол-“Әкемнiң досына жазған хатынан” атты үзiндi. Атадан балаға ауысып келе жатқан дәстүр бойынша әкесiнiң ұлына, елiнiң тарихын, бабаларының жанқиярлық күресiн әңгiмелеп беруi.  “Тамырың тереңге жiбере алмаған 

дорақтың қашанда ғұмыры келте,” – деп, әке сөзi ескерту жасап тұрғандай. Ол үзiндiден бiз бұл пролог шығармаға  әншейiн  кiрiске  ғана емес, шығармадағы көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды соған үйіре тартып баурап әкетер тамаша суреткелік тәсіл; екіншіден шебер келтірілген пролог сюжеттен тыс тұрғанымен,  композицияға орнымен арайласатын, жіксіз жымдасатын әдемі бет ашар екенін аңғарамыз.

    Поэмаға арқау болған тақырып-тарихи шындық. Отырарда болған оқиғаны оқырманның көз алдында тірілте суреттеу, әділдік пен озбырлық күштілік пен әлсіздік, адалдық пен сатқындық, қайырымдылық, жауыздық ұғымдары сараланып берілген. Поэма ІІІ бөлімнен тұрады.

    Бұл шығарма өте күрделі. «Күретамырды іздеу психологиялық-философиялық дүние. Шығармадағы персонаждар үш-төртеу-ақ, алайда әр кейіпкердің  ойлау арсенасы, жоспарлары жүктері де салмақты жатыр.  Шығарма Шыңғыс ханның психико-философиялық портреті арнайы өзек етілмейді. Бұдан ақынның публицистикалық  дарынын танимыз, ақын ыңғайына  қарай көсіле берген.

    Отырар дастанындағы көзге түсер еркешелік-оқиға арқауындағы драматизм мен публицистиканың тұсауы. Төкпе тіл, өткір қақтығыстар сырттан телінбей, жасанды әдеби тірліктерден құралмай, көзі бар бұлақтай бүлкілдейді. Шығарма жүзіктің көзінен өткір өтетіндей өткір әрі жанға жарасымды, ана тілдің барлық мүмкіндігін пайдаланған, үйлесім-сиқырын меңгергендігінде жатыр. Поэтикасы поэзиялық қуатымен  анықталған.  Ақын поэмасын оқып отырған кеудені жасын кеулеп, махаббат пен зұлымдық қаныңды кезіп ойнайды. «Отырар дастаны» сюжетті поэма. Композициялық бітім болмысы жағынан аяқталған, барлық жағынан да жетіккен поэма. Әр кейіпкердің аузына салатын сөздер өз уақытына лайық өрнек табады. Ұранды, жалынды сөздер ғана емес,  философиялық астарлы сөздер. Сюжет

шебер құрылған,  сәтті этап, метафоралық қолданыстар шығарманы нәрлендіріп тұр. Сондықтан бұл поэманың идеялық мазмұнын құрлысынан емес, шығарманың жан дүниесінен іздеу керек.

    Шын  көркем т уынды  форма  мен  мазмұнға  бөлінбейді.

М. Қаратаев: «Мынау мазмұн, мынау форма деп оңай ажырататын шығарма бар. Олар жасық шығармалар. Олардың ниеті жақсы болғанымен, тілі солғын, сюжеті болбып, шұбалақ, характері шықпаған шығарма болады. Ал жақсы шығармалардың формасы мен мазмұнын ажырату қиыны» деген.

                       М. Қаратаев «Эпостан эпопеяға» Алматы 1969

    Ақын түрлі көркемдік тәсілдерді қолдану арқылы жансызды жандандырған.

    Ақынның тақырып таңдау шеберлігі де өзінше әңгіме ететін мәселе «Шыңғыс ханның қателігі» әлемді жаулап, талай алыптарға тізе бүктірген алпауыт хан қай жерден қателік жіберді. Поэма осы сауалға толық жауап беріп тұр. «Немесе жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан». Бұл жерде ақынның «жеңілген жеңімпаз» тіркесін қолдануында да өзіндік мән жатыр. Жеңілген адам қалай жеңімпаз болмақ? Ол неден жеңіле тұрып нені жеңді?

Дәл осы мәнді Шаханов өзінің «жігерлендіру» өлеңінде де келтіріліп өтеді. Өзін бақытсыз санаған ер жігітті жұбатып отырып:

Қиналған бекер алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бәрі жеңіс пе?-

дейді.  Демек жеңілістің де жеңісі бар екенін ұғындырады.

Ал Отырар дастанындағы:

Қорлапты әбден

Құлағыңды құнтитып,

Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.

Батырлықтан бағың бірақ жанған-ә,

Маған қарап күліп тұрсың сонда да.

Олар сенің жеңгенімен тәніңді

Амал нешік

Жақсы алмапты жаныңды.

    Міне, жеңілген жеңімпаздың бейнесін ақын тапқанымен рухани жеңісін әспеттеп көрсете білген.

    Оқиға басы Шыңғыс ханның Отырарда басын алуымен басталады.

Ойы-дауыл

Сезімі-аспан.

Тек жеңіспен көзін ашқан.

  Метафоралық қолданыстағы сөздер Отырарды бейнелеп тұр.

Рухы-өр,

Тәні-бекем.

Бұл қайсар ақын екен.

   Ақын әсірелеу тәсілін қолданғанда осы шеберлік көрсеткен; көркем сөзді ажарлап қана коймай, оның мазмұны жағынан да, пішін жағынан да құбылтып жеткізе білген.

Ұмытпасам Масагет даласында,

Аңдысқан қас пен достың арасында,

Атса садақ дарымайтын

Мыңмен жеке шайқасса арынатын

Шапса қолын кеспейтін

Жанарынан мейрімі өшпейтін,

Өтіпті бір өжет батыр нар кісі.

    Мұнда оқиға әсерленіп өсіріле суреттелген.

-Есің кетсе естіге кіріптарсың,

Ең бастысын ұмытқансың,-

деп  Шыңғысхан  ызбарлана тіл қатты,

Әр сөзінде атан түйе қайысардай зіл жатты.-

Тұрақты тіркестер-тілдің негізгі байлығы, інжу-маржаны, көркі «атан түйе қайысардан» тіркесін ақын ретін тауып қолдана білген.

Даңқ кімнің күліп тұрса қасында

Сатқындық та беріп  жүрмек қасында.

Сөз зергері  даңқты, яғни дерексіз ұғымды тірі жанға теңеп оны адамның басында күліп тұрғанын суреттейді.

ІІ-бөлімі негізінен Шыңғыс хан мен ақынның айтар ойына нық түйін, тұжырым, дәлел болып тұр, дәйек болып тұр. Өлеңдегі «бақ-сор», «қайғысы-күлкілі», «қаталдық-асушылық» бұл қолданулар адамды психологизмге сүңгіте жүздіріп әкететін әсем сөздер.

    Көркемдік тәсілдің мәнін ашуда метонимияның алатын ролі де елеулі өзара шектес заттар мен ұқсас, себептес құбылыстардың өзара байланысты сөздердің бірінің орнына бірі қолданылуы Шаханов шығармаларының басты ерекшелігі. Алдыңғы жолдардағы қанатының астына жасырынған түлкі.

Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға

Бөлеп дархан күйге мені

Бүкіл әлем билер еді

Аяғымның астында.

    Осы мысалдағы қалың қолдың дүлей тасқынға ұқсауы ауыстырудың үлгісі тәріздес.

             -Жылан туса жыланнан

             Құлан туса құланнан

             Таңданатын түк те жоқ
             Бірақ жылан қалай туды қыраннан?

  Бұл мысалда ақын жылан мен құланда антоним ретінде алып отыр. Ал кәдімгі қолданысында бұлар антонимдер

емес. Ақынның шеберлігі сонда,  мүлдем мағыналық қайшылығы жоқ сөздерді бір біріне қарама қарсы қоя отырып негізгі мәселенің түйінің көрсетіп отырғандай. Осы сөздерді қолдану арқылы ақын астарлау тәсілі арқылы өз ойын беріп отыр. Ақын ойды ашық айтпас тартымды  тұспалмен түсіндіріп тұр.

    Оның  баласының арасындағы әңгімесінен өрбиді.

    II бөлiмiнде Отырарды басып алуы суреттеледi:

Ақын “безбүйрек жау”, “мұңлы аспан”, “мысқыл күлкi”, “қайсар батыр”, “қара сақал”, “балаң ой” тәрiздi  эпитеттердi қолданған.

                  Құзғын, қарғана тынбай

                  Шарлап мұңлы аспанды

                  Отырардың аянышты зарлы өмiрi басталды.

    Бұл жерде синоним ретiнде құзғын мен қарғана қолданған, екiншi жағынан бұл сөздер ауыспалы мағынада қолданған метафорада  бола алады.

    Өлең жолдарындағы плеоназмдар, яғни бiр жолда екi, үш синоним сөздердiң қатар қолданыла беруi:

 “Көтергенше балаң ойдың желкенiн

Қинала да қиқар соқпақ, қиыс жол.

Өзiн туған қасиеттi өлкенiң

Ауасымен демалуға тиiстi ол.”

    “Қиқар, қиыс, соқпақ” бұлар жол сөзiнiң сындық белгiсi, ақын бұларды плеоназм ретiнде қолданылған.

Қайран тiрлiк, бақ пенен сор қырқысқан

Түлкi сайға,

Қыран өрге тырмысқан.

Ха-ха-ха-ха

Қайғылы әрi күлкiлi

Қайран аңқау дара тұлға

Аңғармапсың қанатыңа

Жасырынған түлкiнi

Қаталдық пен аяушылық сезiмi

Жауынгердiң жүрегiнде түспеу керек таласқа.

    Антоним-бiр қарағанда таза лингвистикалық нәрсе, дегенмен антоним сөздер астарлап жеткiзiлген осы шумақ поэманың  шешiлу сәтi тәрiздi,  яғни сатқынның ел алдында әшкерленiп, ендi оған қолданылатын жазаның түрiн айқындау. Бұл бөлiм шиеленiстiң өрбiген жерi, яғни бiрнеше кейiпкерлердiң қатысымен құрылған тартыс тәрiздi.  Поэмадағы жағымды және жағымсыз кейiпкерлердiң бет-пердесi де осы бөлiмде ашылады.

    Поэмадағы жағымды кейiпкерлер: Қайырхан, шал, ал жағымсыз кейiпкерлер: хан, сатқын, қандыкөз уәзiрлерi.

    Поэма соңында  шал ханға сатқын баласымен қосып өзiн де өлтiруiн бұйырады. Әдiлеттiлiктiң, намыс пен ардың символы болған осы бiр әрекеттi бiз мына жолдардан көре  аламыз.

Мен осынау борышыма әкелiк

Немқұрайды қарадын да

Кiнәлi боп ар алдында

Жiбердiм зор орны толмас қателiк.

Мiне, төрiм бiрiгiп тұр көрiме

Көрiнетiн бетiм бар ма елiме?

Мына сатқын перзентiммен қосақтап

Өлтiруге мiндеттiсiң  менi де.

    Поэма трагедиямен аяқталады. Ақынның негiзгi келтiрiлген идеясы жер бетiнде сатқындық пен қулыққа  орын жоқ. Бұл жердегi басты трагедиялық образ-Қайырхан. Поэма соңында  тәнi жеңiлгенмен, өзi өлгенмен оның арман мұраты жер астынан көктеп шыққан гүлдей қайта оянады. Ақын осы тұста ескiлiк пен жаңаның  арасына алатын көпiр болғандай өмiрден өткен бабасының iзiн жалғастырушы ұрпақ бар екенiн, жырын жырлаушы ақыны, яғни өзi бар

екенiн  үлкен пафоспен  жариялағандай.

                            12 – 3 = ?

    Өлең прологпен басталған. Онда ақын өзiнiң  кiшiгiрiм поэмасын өзi қадiр тұтатын  адамға ескерткiш ететiнiн жазған.

    Әдеттегiдей ақынның тақырып таңдаудағы тапқырлығын сөз етсек тақырып сильдiк жағынан мүлдем ерекше,  тартымды да қызықты. Поэманың мазмұнын түгел қамтыған. Алғаш көзi түскен адамға-ау  ой салары анық. Шығарманың өзiн  оқымай тұрып адам тақырыбына қарап ойланбауы  мүмкiн емес. Тақырып жұмбақ түрiнде қойылған. Ал осы жұмбаққа өлең тұтас жауап берiп тұр және мән-мағынасы жан-жақты ашылған.

    Өлеңнiң негiзгi идеясы “ асыл тастан, ақыл жастан” деген халық мәтелiмен тұспа-тұс келген. Оқығанға ой салар бұл өлеңнiң сюжеттiк желiсi де өте көркем, оқырманды баурап алар тартымды құралған. Жастықты жерге таптаған ханның өкiнiшi оқырманға ой салары анық. Поэма ертегi желiсiмен жазылған.

Қарқасынан қыран ұшқан,

Сен ер жеткен аймақта

Ертеде бiр хан билептi қайсар әрi қайратты.

    Ендi осы кiшiгiрiм поэманың көркемдiк құрылысына назар аударайық.

Қартайса да шапқан аттың құлағында ойнапты.

Қия тартқан мақсатына иек артпай қоймапты.

Үмiт отсыз отырған шал қуарып.

Бiлегiнен алынғандай бұғаның

-Онда тоғыз  қалады ғой,-деп күлдi

Бәйбiшесi ұл тапқандай қуанып.

Еске түсiп қайдағы мен жайдағы

Хан күрсiне бас бармағын шайнады.

    Бұл мысалдардағы “аттың құлағында ойнау”, “иек арту”, “бәйбiшесi ұл тапқандай қуану”  фразеологизмдiк  тiркестердi ақын ұтымды қолдана бiлген. Бұлар өлеңдi әрлендiрiп басқа сөздермен тең дәрежеде  мағынаның ашылуына үлес қосып тұр.

    Эпитеттердiң қолданысына мысал келтiрсек “кемел  ақыл”, “ақ сақалды қарт”, “ұлы мүмкiндiк”, “жылап iшер жасықтар”, “балғын гүл”,  “сашқалы күндер”.

Өз кiнәсiн өзi ақтап ала алмай

Теке сақал, уәзiрлерiн атарға оқ таба алмай

Тұтқында отыр хан сорлы.

Сел-тасқында қалт-құлт етiп әрең қалған аралдай.

Бұл мысалдан “теке сақал”  эпитеттiк қолданыс. Тұтқынға түскен ханның халiнiң мүшкiлдiгiн қалт-құлт еткен аралға теңеп теңеудiң көркем жолын берген.

    Ақын шалдың бейнесiн, оның ақымақтығынан тапқан мүшкiл халiн суреттеуде де ұшқарлық танытқан.

Ендi мiне төрт уәзiрi қасында

Мұнан асқан қорлық болмас расында

Қос жанары жылай-жылай суалып,

Селеу шашы ызғар соққан боз жусандай қуарып

Жолдас болған тәттi арманы балғын-бала кезiнен

Бiрақ күнде  бұл-бұл ұшып көзiнен.

    Өлеңiң келесi мазмұны жеңген елдiң ақ сақалды әкiмi, ақымақ хан және ханның жас атқосшысының арасындағы әңгiмемен өрбидi.

    Ақын жұмбақтың жауабын жас жiгiтке жұмбақ шешкiзу арқылы ақыл парасат пен ойлылық тiзгiнiн жас жiгiттiң қолына ұстатқандай болады. Осы сәттегi өлең жолдары  символитикалық тәсiл арқылы өрбiген.

Дедi жiгiт,-жұмбағыңыз күрделi-ақ

Әйтсе де, оны жұмбақ деуге болмайды

Заңдылық-ол. Заңды бiлмеу-зор қайғы

Егер, егер он екiден үштi алсақ

Ештеңе де қалмайды

Айлар-жылдың ұланы

Бiздiң әрбiр жылымыз

Он екi айдан тұрады

Он екi айда үш ай көктем бар екенi белгiлi.

Көктем деген табиғаттың таңғажайып ерлiгi

Ол ерлiктiң даңқын ешкiм қаға алмайды шеткерi.

Ал жастық шақ-адамзаттың көктемi.

    Бұл жолдар поэмадағы ең мәндi де мазмұнын ашар, яғни шығарманың шарықтау шегiне жеткен әсерi. Жұмбақтың жауабын жас жiгiтке шешкiзу арқылы ақын жастық пен кәрiлiктiң ара қатынасын анықтап тұрғандай. Осыған мысал келтiрсек:

Мiне, осы көктем нәрлi болмаса

Әр тiршiлiк өз қорегiн қажетiнше алмаса

Айырылмай ма бар мағына-көрiктен?

Онда шырын үмiтiңнен  қараңды үз

Көктемде гүлдемесе алмалар мен өрiктер,

Қалған анау тоғыз айдан

Қандай жемiс күте аламыз одан бiз.

    Ақын мұнда “жастық шақ адамзаттың көктемi”, “көктемнiң нәрi болуы”, “тiршiлiктiң қорегiн қажетiнше алуы” әсем де тапқыр метафоралық қолданыстар. Ақын сөз мәнiн өңдендiре өзгертiп айту арқылы суреттелiп отырған құбылысты ажарландырып, оны өзiне ұқсас өзге құбылысқа балап, сөйтiп суреттелiп отырған құбылыстың мағынасын үстеп, мазмұнын тереңдетiп, әсерiн күшейткен. Ал “шырын үмiт” бұл эпитетке жатады.

        Сөйтiп бүкiл жыл мезгiлiнiң, әсiресе көктемнiң тiршiлiгiн, маңызын суреттей келiп, сөз зергерi жалпы қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесiне, оның бiлiмi мен қуатына, болашағына  зор мән берiлуi керек деген идеяны ұран еткен, яғни қоғамнан жастарды ешқашан аластатуға болмайды дей келе.

Сондықтан он екiден

Үштi алуға болмайды

Алған адам мына бiздiң ханымыздай  сорлайды!

Яғни жас ұрпақтың пәйiлi-тәрбиесiне шексiз күш жұмсалуын талап етедi.

   “Кiм бұл өзi, ойы-қысым, сөзi-мiр?”

Осы сауал арқылы хан жас жiгiттi бағалағанын байқаймыз. Сөз зергерi поэма сөзiнде қортынды жол, яғни эпилог ретiнде келген.

Тым кеш келген игiлiктi ойлардың

Қайсысынан артық арзан бар ма екен?!

    Иә, кәрi ханның өкiнiшiн  сездiрiп тұр. Сонымен қоса оқырманмен сұраулы түрде ой бөлiсiп аса маңызды нәрселердi ескертiп те тұрғандай. Ақын өз ойын өзгеге арнап сауал арқылы жеткiзiп, сол сауалға жауап күтпейдi, өйткенi ой еш жауапсыз-ақ түсiнiктi, өлеңнiң өн бойынан-ақ анықталған. Бұны шешендiк айшық десек те болады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ